Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ауаның  ластануы.Ауаны қорғау. -

«Ауаның ластануы.Ауаны қорғау.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2524 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: «Ауаның ластануы.Ауаны қорғау.
Сабақтың мақсаты:
1. Ауаның тіршілік үшін, тірі табиғат үшін пайдасын ғылыми түрде дәлелдеу, ауаның серпімділік, сығымдық қасиеттерін тәжірибелер жасау арқылы көрсету.
2. Оқушылардың қоршаған орта туралы білім-біліктерін дамыту, сөйлеу тілін, ой-өрісін, шығармашылығын дамыту.
3. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: ой шақыру, әңгімелесу, тәжірибелер жасау, сұрақ-жауап, орталықтарда жұмыс,ой қорытындылау, интерактивті тақтамен жұмыс, оқулықпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі, ана тілі.
Көрнекіліктер: интерактивті тақтадан табиғат көріністері, тәрбиелік мәні бар сөздер, сызбалар, май шам, доп, шыны ыдыстар, шар.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі: «Шаттық шеңбері»
Топқа бөлу:
1.Оқу орталығы
2.Жазу орталығы
3.Ғылым орталығы

ІІ.Ой шақыру стратегиясы «Көрінбейтін сиқыршы»
- Балалар, сендер білесіңдер ме? Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен сендер күнделікті кездесіп отырасыңдар. Бірақ оны көрмейсіңдер, тек сезесіңдер. Есікті тарс жапты, терезені ашып жіберді, ағаштың бұтағын жанап өтті. Кейде тіпті арқаңнан ептеп итеріп жібергенін сезесіз, «дөрекіленіп» бас киіміңді де жұлып әкетеді. Егер сен кенеттен жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жөнелгенін көрсең, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанына сене бер. Теңселіп тұрған егінді, басын шұлғып ырғалған шөптерді байқайсың. Мұндай сиқыршыны көзбен көрмегенмен, оның күнделікті ісі мен мінез-құлқы сендерге таныс. Ол үнемі сендерді қоршап тұрады.
- Бұл не? ...
- Ауа.
- Ол қайда? Оны қалай сезесіңдер? (Әңгімелесу)
- Ауаның қандай пайдасы бар? Мысалдар келтір.
- Ауа тіршілік үшін өте пайдалы. Ал ауа болмаса айнала қандай күйге түсер еді?
- Ауа тіршілік, тірі табиғат үшін өте қажет. Бізді қоршап тұрған ауа бізді түрлі табиғи қауіптен сақтайды. Ауа болмаса, күннен түскен қызу жер бетін күйдіріп кетер еді. Күн сәулесін ауа жан-жақты таратады.
Сондықтан да бізді күн күйдіріп кетпейді.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ауа қабығы. Ауаның құрамы.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
— Балалар, біз бүгінгі сабақта айтылуы тиіс мағлұматтарды жете түсіну үшін, қайталауға тиісті тапсырмалардың барлығын пысықтадық.
— Ал, бүгінгі сабағымызда не жайлы біледі екенбіз? Ол үшін жұмбақты шешейік: ►
Жұмбақ(слайд)
Шешуі: Ауа
— Сендер қалай ойлайсыңдар, неге біз бүгінгі сабағымызды ауа жайында айтудан бастадық? (жауаптар: ауасыз жер бетінде тіршілік болмас еді, адамдар да, өсімдіктер мен жануарлар да ауамен тыныс алады, т.б.) (слайд )
— Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы :►(слайд)
ІV. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.
Оқулықпен жұмыс.

ІІІ.Ауаның ластануы видео көрсету
● Интерактивті тақтадан ауаның ластануы туралы фильм көрсету.
- Балалар, ауа туралы бұдан да көп мағлұмат алу үшін таңдаған орталықтарыңда жұмыс жасайсыңдар. Бүгін біз оқу, жазу және ғылым орталықтарында жұмыс жасаймыз. Оқу орталығында ауа туралы қосымша материалдардан оқып, білімдеріңді кеңейтесіңдер. Жазу орталығында ауа, ауаның қасиеті, пайдасы туралы жазып, оқисыңдар. Ғылым орталығында тәжірибелер жасап, ауа туралы кең мағлұмат аласыңдар.
- Барлығыңа бүгінгі күні сәттілік тілеймін.
● Интерактивті тақтада тапсырмалар жазулы тұрады.
Оқу орталығы
Тапсырмалар:
1. Ауаның ластануын оқулықтан оқы.
2. Ауаны ластанудан сақтау үшін қандай жұмыстар жүргізіледі? Өз ойларын айту.
(Ақ қағазға ауаның құрамын бояп көрсету).
● Оқу орталығындағы оқушылар өздеріне берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.

Жазу орталығы
Тапсырмалар:
1. Оқушылар таза ауа туралы, таза ауаны сақтау туралы эссе жазады.
2. Жазған сөйлемдерін оқиды.
3. Бірін-бірі толықтырады.
4. Ойларын ортаға салады.

Ғылым орталығы
Тапсырмалар:
1. Тәжірибелер жасау.
2. Дәлелдеу.
3. Өз ойларын ортаға салу.
1-тәжірибе: Майшамды үшке бөліп, жағып, біреуін стаканмен, екіншісін банкамен жауып, үшіншісін ашық қалдырамын.
- Қай шырағдан бұрын сөнеді?
● Оқушылар өздері дәлелдейді.
Осы жерде оттың пайдасы мен зиянды жағын ашып көрсетеді.
2-тәжірибе: - Доптың екі бүйірін қыссаң, қабысып ішіне кіреді. Жіберіп қалсаң, серпіліп қайтадан өз орнына келеді. Неліктен?
● Оқушылар дәлелдейді.
3-тәжірибе: Шарды үрлеу. Ауаның пішінін салыстыру.
● Оқушылар дәлелдейді.
Сергіту сәті
Таза ауада демалып,
Шынығамыз жаттығып.
Айналаны қорғаймыз,
Күл-қоқыстан тазартып.
♦ Оқу орталығындағылар тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды. Оқиды, сурет салады. Салған суреттері тақтаға ілінеді.
♦ Ғылым орталығындағылар тәжірибелер жасайды, дәлелдейді.
♦ Жазу орталығындағылар эссе жазып, жазғандарын оқиды, ойларын толықтырады. Ең үздік жазылған эсселер тақтаға ілінеді.
Дәптермен жұмыс

Постермен жұмыс
1топ.Ауаның ластануының табиғи жолы
2топ.Ауаның ластануындағы адам әрекеті
3топ.Ауаны ластанудан қорғау жолдары.
Жарнама
Әр топ қалдық заттардан адам өміріне қажетті заттар жасауға болатынын жарнамалап береді.
1. Бос қораптан оқушы столына қоятын қалам, қарындаш салатын жасау
2. Консервадан тіс пастасын, тіс щеткасын салатын ыдыс жасау
3. Бос баклашкадан кесіп түрлі ыдыс, гүл салғыштар жасауға болады
Босаған қалбырларды күл-қоқысқа босқа төкпей пайдаға асырайық ағайын
Қалдықтардың екінші өмірі слайд
Сен білесің бе???
Танымдық тапсырма. (слайд, дыбыстау)
Жердің Күннен қашықтығы Айдың қашықтығымен бірдей. Онда неге Айдың беті +100-170 градусқа дейін ысып, -200 градусқа дейін салқындайды? Ал Жердің бетінде ондай өзгерістер болмайды?
Жауабы: Себебі, ауа қабығы Жер бетін қорғайды, ал Айда ауа қабығы жоқ.
Көгалдандыру-таза ауа кепілі
Жер - Ананы жасыл етіп сақтау үшін қоршаған ортаны көгалдандырудың маңызы зор екенін басып айтқым келеді. Себебі, жасыл желек жан - жануарлардың тіршілігіне қажет ауаны тазартады. Тірі ағзаға зиян көміртегін жұтып, пайдалы оттегін бөледі. Мысалы: белгілі аймақтың 15% көгалдандырса – шаң - тозаңның мөлшері 20%- ға кемиді. 35% жер көлемге көшет отырғызылса – шаң - тозаң 50%- ға азаяды, ал 65% көгалданған аумақта шаң - тозаң 95%-ға дейін жойылады екен.
Қорытындылау:
- Балалар, ауа туралы көп мағлұмат алдық. Сонда сендер не білдіңдер, не үйрендіңдер?
- Ауа тіршілік үшін өте қажет. Айналамызда жасыл өсімдік неғұрлым көк болса, ауада соғұрлым таза болады. Таза ауада демалсақ, спортпен айналыссақ, денсаулығымыз зор болады.
- Табиғи ластану мен адам әрекетінен ластанудың қандай айырмасы бар?
- Ауаны ластанудан сақтау үшін өзің қандай үлес қосасың?
Ауа тіршілік көзі. «Ауа өмір тынысы» деп халық бекер айтпаған. Тыныс алу тоқтаса өмір де тоқтайды. Ең қымбатты, қасиетті нәрсе «Ауадай қажет» деп ауаны ерекше бағалайды.
• Қаланы көгалдандыру
• Өзен-көлдің маңына бақылау камерасын қондырып, күл-қоқыс тастаған адамға айып-пұл төлету
• Үнемі тазалық айлығын жүргізу
• Завод, фабриканың мұржаларына ауа сүзгіш қондырғылар қондыру

Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат?,
Тіршілікте адам қымбат сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат алатұғын дем қымбат. / Т. Есімжанов/

♦ Табиғатты қорғауға үйрету, өз ойларын айтқызу.
♦ Белсенділік көрсеткен оқушыларды мадақтау, бағалау.
Үйге тапсырма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.