.
.
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №4 жалпы білім беретін орта мектеп «Ауаның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2550 | Размер: | Автор: Нартай45402-сынып Дүниетану
Сабақтың тақырыбы «Ауаның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы»
Мақсаты
Мақсаты: Ауаның тазалығын сақтау туралы ұғым қалыптастыра отырып, табиғат пен адам өміріндегі ауаның маңыздылығын түсіндіру, ауаны неден және қалай қорғау керектігін ұғындыру.
Күтілетін нәтижелер
-адам өміріндегі ауаның маңыздылығын түсінеді.
-ауаны қалай қорғау жолдарын біледі.
Керекті жабдықтар
Дидактикалық материалдар, флипчарт, скотч, маркер.АКТ.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
Психологиялық дайындық. «Мен басқаның көзімен».
Топқа бөлу.
1-топ:Адамдар, 2-топ: Аңдар, 3-топ:Құстар,
4-топ: Өсімдіктер.
Бағалау парағын топ басшыларға үйлестіру.
Шеңберде тұрып оқушылар қасындағы оқушының бір жағымды мінезін айтады, әрі қарай жалғаса береді. Осылай бір-біріне сәттілік тілеп сабақты бастайды.
Оқушылар 4 топқа бөлінеді.
1-топ: Адамдар
2-топ: Аңдар
3-топ: Құстар
4-топ: Өсімдіктер
Тұсаукесер
-Үй тапсырмасын тексеру.
1.«Ауа» туралы эссе жазу.
2.«Сұрақтар шеңбері» әдісі. Ауа туралы не білеміз?
Мәртебесі төмен сұрақтар:
1.Ауа не үшін қажет?
2.Ауа көріне ме?
3.Оның түсі қандай?
4.Ол қай жерлерде болады?
Мәртебесі жоғары сұрақтар:
1.Ауаның қасиеттерін ата.
2.Сенің айналадағы заттарды көруіңе ауа кедергі келтіре ме?
3.Ауаның пайдасы бар ма?
Жеке оқушылар жазған эсселерін оқиды.
Жауаптар:
1.Ауа тыныс алу үшін керек.
2.Ауа көрінбейді.
3.Ауа түссіз.
4.Барлық жерде болады.
1.Сығылады, серпіледі, көрінбейді.
2.Ауа көзге көрнінбейді.
3.Ауа болмаса адамдар, өсімдіктер, жануарлар өмір сүре алмайды.
Негізгі бөлім
Пікірталас ұйымдастыру.«Еркін талқылау» әдісі.
«Ауа таза болу керек» деген пікірді қалай түсінесіңдер?
Берілген пікір бойынша әр топ өз ойларын айтады.
-Күннің жадын жаздыру.
- Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді әр топтан 1 оқушыға дауыстап оқыту. Топ мүшесі талдайды.
1)Мәтіннің бірінші бөлігі оқытылады.
2-бөлігін оқу, талдау.12-слайд.
3-бөлігін оқу, талдау. 13-слайд.
4-бөлігін оқу, талдау.
Берілген пікір бойынша әр топ өз ойларын айтады.
Соңында нақты, дәлелді келтірілген топтың мысалын таңдап алады.
Жауап:Ауа таза болу керек. Ауаны таза ұстау адамдардың қолында. Егер адамдар көшелерге, аулаларға ағаштар, гүлдер отырғызса, қоқыстың қалдықтарын лақтырмаса ауа таза болады деп ойлаймын.
Осы бөлімнен ең негізгі ойды тауып, түсінгенін айтады.
Слайд бойынша әр топтан оқушылар шығып түсіндіреді.
Ықтимал жауаптар:
1. Барлық тірі табиғатқа ауа қажет. Ауасыз адамдар, өсімдіктер, жануарлар тіршілік ете алмайды.
2. Үлкен қалалардағы зауыттардан, фабрикалардан, көліктерден шыққан түтіндер ауаны ластап бүлдіреді.
3. Адамдардың әрекетінен ауа ластанады. Мысалы: Ағаштарды кесу, саяхатқа шыққанда қоқыстарды тастап кету, темекі шегу.
4.Адамдар табиғатты қорғау керек. Көшелерге су шашып, үйлерге, аулаларға, көшелерге ағаштар, гүлдер отырғызу керек.
Қорытынды ой түю: Өсімдіктер жапырақтары шаңды ұстап, ауаны зиянды заттардан қорғайды.
2) Ролдік ойын. Топпен жұмыс.
(Жұмысқа берілген уақыт 5 минут). Сынып 4 топқа бөлінеді.
1)Адамдар 3)Құстар
2)Аңдар 4)Өсімдіктер
Әр топ таңдап алынған тақырыбы бойынша ауаның маңыздылығын айтады.
Қайта бағыттау сұрағы:
Өздеріңіз айтқан ойлардан қандай қорытынды ой шығарар едіңдер?
Сергіту сәті. Оқушылар орындарынан тұрып сергіту сәтін жасайды.
Видеоролик көрсетіледі. «Биші кірпі»
Дәптермен жұмыс.Оқушылар «Ауа тазалығын сақтаңдар» деген тақырыпқа сурет салады. Әр топ таңдап алынған тақырыбы бойынша ауаның маңыздылығын айтады.
Жауаптар:
1.Ауа болмаса біздер өмір сүре алмаймыз. Дем ала алмай қаламыз. Сабақ оқи алмаймыз, ойнай алмаймыз.
2.Кез келген аң ауасыз тіршілік ете алмайды.
3.Ауа жоқ болса құстар да өмір сүре алмайды. Аспанда ұша алмайды. Бізге әнші құстар әдемі ән салып бере алмайды.
4.Өсімдіктер тірі табиғатқа жатады. Сондықтан ауасыз тіршілік ете алмайды.
Қорытынды ой түю:
Адамдар. құстар, аңдар, өсімдіктер бәрі де тірі табиғатқа жатады.
Тірі табиғат ауасыз тіршілік ете алмайды.
Оқушылар орындарынан тұрып, биші кірпінің қимылдарын қайталайды.
Бақылау күнделігінде берілген тапсырмаларды орындайды.
Қорытынды
бөлім.
Қабілеті жоғары оқушымен жұмыс.
Суретке қарап не айтар едің?
Қабілеті төмен оқушымен жұмыс:
Тірі табиғат үшін қажетті заттарды ата.
Схема бойынша сабақты қорытындылау.
«Сұрақтар жәшігін» ұйымдастыру.
ҮІІ.Бағалау
ҮІІІ.Үй тапсырмасы. 21-22 бб. оқу, мазмұндау.
Адамның табиғатқа тигізетін зияны туралы әңгімелеу.
Жердегі тіршілік атаулының бәрі адам әрекеттеріне тәуелді екендігіне, сондықтан адам ауа кеңістігін қорғап, оның тазалығын сақтауы тиістігіне көздерін жеткізеді.
Жауаптар:
Адам табиғат перзенті. Ал табиғат біздің анамыз Табиғатты қорғау және аялау керек.
Су, ауа, тамақ, жарық, күннің жылуы.
Тақырып бойынша сұрақтарын жәшікке салады.
Сабақтың өзіндік талдауы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.