.
.
Тақырыбы: «Қазақ алфавиті» Білімді тиянақтау «Қазақ алфавиті» Білімді тиянақтау
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4017 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: Қазақ алфавитінде 42 әріп бар екендігін және алфавит туралы ұғымдарын кеңейту;
Балаларға бағыт – бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеуге, ой – өрістерін дамытуға машықтандыру;
Таза, әдемі жазуға, ойын толық айта білуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: слайд, бейне баян, суреттер
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық
Сыныбымыз тап – таза,
Бор да дайын тақтада.
Денемізді жинақтап,
Отырайық партаға.
- Балалар, бізде ана тілі сабағы, керек құрал – жабдығымызды аламыз.
- Біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті жай сабақ емес, артымызда қонақтар отыр, яғни бүгін ерекше сабақ болмақшы. Сондықтан бар білгендеріңді қорықпай, жауап берулеріңді сұраймын. Сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
- Өткен сабақты пысықтау
- Балалар, сендер балаларға арналған қандай журналдарды білесіңдер? Айгөлек, Мөлдір бұлақ, Балдырған журналдарын білеміз,яғни алдағы уақытта осы журналдарды алып оқимыз. Сендерге арнап қызықты әңгімелер, өлеңдер, суреттер т.б жарияланады, сабағымызды пысықтамас бұрын бүгінгі «Білім журналының» бетін парақтай отырып өтпекпіз.
Олай болса, журналымыздың 1-ші беті: «Алфавит» қарияның ауылында. Мен сендерге өткен сабақты пысықтау мақсатында сахналап келуге үйге тапсырма берген болатынмын.
Мұғалім: Өте ерте заманда «Алфавит» деген ақылды, білімді қария болыпты. Бір күні ел аралап келе жатса, әдемі әннің әуенін естиді. Жақындап келсе, 1 қызыл үйді көреді. Әр үйден жаңағы әннің әуендері естіледі ( а, о, ұ, ө, ү, е )
Хормен: «Біз дауысты дыбыс әріптерміз»
Алфавит қария: Сендердің дауыссыз дыбыс екендеріңді білдім. Енді бұдан былай сендер бір көшенің тұрғындары боласыңдар.
Хормен: Сіз енді біздің патшамыз «Алфавит» қария боласыз
Алфавит қария: жарайды, олай болса, бәріміз бірге өмір сүреміз.
Хормен: Алфавитті білдіңдер,
Онда жүйе қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар. (слайдтан алфавит көрсетіледі)
Мұғалім: Міне, балалар, Алфавит қария дауысты, дауыссыз дыбыстарды бір қалыпқа келтіріп рет – ретімен орналастырыпты, қане, балалар, осы алфавитті кім маған жатқа айтып береді
Үй тапсырмасын сұрау: Алфавитті жатқа сұрау
Алфавит дегеніміз не? Әріптердің орналасу ретін айтамыз.
Осы алфавит сөзін буынға бөліп көрейікші Ал-фа-вит 3 буын
- Неге үш буын?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дыбыстар 2-ге бөлінеді: дауысты, дауыссыз.
- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? 2-ге жуан, жіңішке
- Жұп дауыстыларды атау а-ә, ы-і, ұ-ү, о-ө.
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? 3- ке, қатаң, ұяң, үнді мыс: п, н, б
- Қар сөз бе, сөйлем бе? Неше әріп, неше дыбыс? Аю сөзі неше әріп, неше дыбыстан тұрады? Неге?
Журналымыздың 2-ші беті: «Оқулықты аш, әдемі етіп жаз» деп аталады.
Оқулықпен жұмыс 29 беттегі 23 жаттығуды орындау
- Кісі аттарын алфавит ретімен жаз:
Асылтай, Әлия, Болат, Гүлнар, Ғалия, Дәулет, Еркебұлан, Қайрат, Ораз, Сәуле.
25 – жаттығу:
Ауыздық, жүген, қамшы, құрық, таға, тізгін, үзеңгі.( слайдтан бейнеролик көрсету және слайдтан суреттері көрсетіледі)
Мағлұмат беру:
1. Қамшы – атқа мінгенде ұстайтын, атты айдап жүргізетін құрал.
2. Жүген – ауыздық пен тізгін арқылы ат басын ырыққа көндіру үшін қолданылады.
3. Құрық – басында жібі байланған ағаштан жасалға құрал, асау аттарды, яғни ұстатпай жүрген аттарға, биелерге пайдаланатын құрал
4. Таға – аттың тұяғы тозбау үшін және табаны таймау үшін тұяғына тағылатын темірден жасалған құрал
5. Ауыздық – жүгеннің арасына бекітілген жылқы аузына кигізілетін бөлшегі
Сергіту сәті: би билету
Журналымыздың 3-ші беті: «Әдеби мәтін» деп аталады
- «Боз бие» өлеңін мәнерлеп оқу
- Мұғалімнің оқуы ( слайдтан суреттерін көрсету)
- 1 оқушыға толықтай оқыту
- Тізбектей оқыту
- Сұрақ – жауап: Жылқы төлі не? Жылқы атасы кім?
Қорытындылау: Сонымен, біз бүгінгі сабақта сендермен толықтай алфавитті қайталадық. Жаттап келген мақал – мәтелдерімен сабақты аяқтау.
* Арық атқа қамшы ауыр.
* Жақсы аттың тісін ашпа.
* Жақсы ат алдынан сүрінбей, артынан сүрінеді.
* Жақсы ат – жанға серік.
* Атың жемқор болса, берді құдай, Қатының жемқор болса, ұрды құдай.
* Жақындықты ат айырады, оқымағанды хат айырады.
* Ат мінбеген атқа мінсе, шаба-шаба өлтірер, Тон кимеген тон кисе, сілке-сілке тоздырар.
* Қара арғымақтан жал кетсе, қарға адым жер мұң болар.
Бағалау
1. Оқулық
2. Білімді тиянақтау
3. Сабақ мақсаты
4. Айгөлек, Мөлдір бұлақ, Балдырған журналдары
5. Білім журнал
6.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.