.
.
№41 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Дюсенгалиева Гульжанат Тлектесовна Қазақ халқының қолөнері
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3294 | Размер: | Автор: Нартай4540Пәні: Дүниетану.
Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының қолөнері
Сабақ мақсаты:
Білімділік: оқушыларды қазақ халқының қолөнері, қазақ шеберлерінің шығармашылығы туралы білімін қалыптастыру.
Дамытушылық: сұлулықты қабылдауға үйрету.
Тәрбиелік: қазақ халқының салт-дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі:сұрақ-жауап, психологиялық дайындық, пікірталас.
Көрнекілік: АКТ технологиясы, видео.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
- Психологиялық дайындық( оқушылардың көңіл күйін білу)
«Жаңбыр» тренингі
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Халықтық әдет-ғұрыптар туралы әр қатардан сұрау.
1 – қатар: Құда түсу дәстүрі.
2 – қатар: Балаға жасалатын салт-жоралғы.
3 – қатар: Қонақ күту рәсімі.
Мұғалім сөзі: Қазақ халқы салт-дәстүрге бай халық. Әрбір салт-дәстүрдің өзіндік тарихы бар. Оларды ұстану, бізді басқа ұлттардан ерекшелеп тұрады. Сондықтан ата салтымызды ардақтап, мәртебемізді биік ұстайық.
ІІІ. Табиғат және еңбек күтізбесімен жұмыс.
Күн жылынып, далада қар ериді,
Аяз кетіп, күн ызғары кемиді.
Бар тіршілік жаңа қуат алғандай,
Қорадағы жан-жануар телиді.
- Балалар, өлең шумақтары қай жыл мезгіліне арналған?
- Қөктем
- Қазір көктемнің қай айы?
- Сәуір
- Бүгін қандай күн?
- Сейсенбі
- Бүгінгі ауа райы қандай?
-
- Олай болса, осындай ашық жарқын күнде біз жаңа сабағымызды бастаймыз.
IV. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Тақырыпқа кіріспе.
- Оқушылар сіздер кино көргенді ұнатасыздар ма?
Ендеше біздің Орал қаласында осы жақында бір кино түсіріліпті, сол киноны тамашалап көрейік. Мүмкін кейіпкерлерін де танып қаларсыздар.
- Түсірілім жөнінде не айта аласыздар?
(Оқушылардың жауабын тыңдау).
- Бұл түсірілім біздің жаңа сабағымызбен өте тығыз байланысты. Жаңа сабағымыз не жөнінде деп ойлайсыздар?
- Қазақ халқының қолөнері деп айтқан уақытта көз алдымызға ең алдымен не елестейді?
- Ою-өрнек деген не?
- Бейнелеу өнері, еңбекке баулу сабағын есіңе түсір. Ою-өрнектің қандай түрлерін білесің?
Оқушылар жауаптарын тыңдау.
2. Оқулық, дәптермен жұмыс.
Оқушыларды үш қатарға бөлу.
«Сен білесің бе?» айдары.
Әр қатарға белгілі бір суреттің тек кішкене ғана бөлігі көрсетіледі де, ал қалған бөлігі жасырын түрде беріледі. Әр қатар өзіне тиесілі жасырын суреттің не екенін білуі керек.
1-қатар. Киіз үй туралы ақпарат береді. Макетін көрсете отырып бөліктерін атайды.
- Киіз үй— Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы, көшпелі тұрғын үйі. Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылысы болып саналады. . Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды.
2-қатар. Тұрмыстық заттар туралы ақпарат береді. Көрсете отырып, түсіндіреді.
Тұрмыстық заттар дегеніміз- күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген ыдыс-аяқтар, аяққап, кесеқап, сандық, т.б. заттар.
Аяққап - ертеде көшкен үйдің ыдыс-аяқ салатын киіз қабы.
Кесеқап - кесе салатын қалта. Дәстүрлі қазақ қоғамында көшіп-қонуға лайықталып басқұрдан, былғарыдан жасалған.
3-қатар. Зергерлік бұйымдар туралы ақпарат бере отырып, көрсетеді.
Зергерлік бұйымдар алтын, күмістен жасалған. Күміс бұйым тағу тазалық, адалдық символы болған, сол себепті әрі әсемдік үшін таққан. Бұрынғы кезде күміс бұйымдар қаншалықты үлкен болса, сол бұйымның иесі де соншалықты бай, ауқатты екенін білдірген.
Дәптермен жұмыс.
1-қатар. Мәтінде аталған киіз үйдің бөліктерін жазу.
Киіз үй бөліктері – кереге, уық, шаңырақ, бау, басқұр, таңғыш, уықбау, желбау, аяқбау, сықырлауық, түндік, т.б.
2-қатар. Мәтінде аталған тұрмыстық заттарды теріп жазу.
Тұрмыстық заттар – аяққап, кесеқап, қоржын, көрпе, дорба.
3-қатар. Мәтіннен зергерлік бұйымдарды теріп жазу.
Зергерлік бұйымдар – сақина, сырға, білезік, белдік, шақша, балдақ.
Шығармашылық тапсырма.
1 қатар. Киіз үй мен қазіргі заман үйлерін салыстырып айтады.
2 қатар. Бұрынғы тұрмыстық заттар мен қазіргі тұрмыстық техникаларды салыстыра айту.
3-қатар. Бұрынғы зергерлік бұйымдар мен қазіргі заманның әшекей бұйымдарын салыстырмалы түрде айту.
Әрине біздер заман талабына сай тұрмыстық заттарды пайдалананып, өмір сүруіміз, жаңа техникалық құрылғыларды меңгеруіміз, білуіміз керек. Бірақ ата – бабамыз пайдаланған заттарды, нағыз қазақ деп танытатын салтымызды ұмытпауымыз керек.
Сабақты қорытындылау.
«Болмасаң да, ұқсап бақ» айдары.
- Оқушылар біздің сыныбымызда да қолөнермен жұмыстанатын оқушылар бар екен. Ендеше сол оқушыларды ортаға шақыра отырып, таныс болайық.
Үйге тапсырма.
Мәтінді түсініп оқу. Аталмаған қазақтың қолөнерілері туралы ақпарат жинақтау.
Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан балаларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.