Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақ сахарасының жұлдыздары -

Қазақ сахарасының жұлдыздары

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1222 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Қазақ сахарасының жұлдыздары

Сабақтың мақсаты: оқушылардың сөздік қорын кеңейту, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру, оқушылардың ой-өрісін, тілін дамыту, алған білімді жинақтау, батырлыққа, ерлікке, елін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сөздіктер кітапшалары және мақал-мәтел кітапшалары, жеке сөздер (қазақ, сахара, жұлдыздар), ақын-жазушылардың суреттері, Абайдың қара сөздері, интерактивтік тақта, слайдтар.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Әдіс: ұжымдык, топпен, оқыту әдісі

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі
1-2 минут керекті құралдарын, орындарын тексеру.
2.Психологиялық дайындығы
3.Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге 9 сұраққа жауап іздеу беріледі. Сұрақтарды 4 топқа бөліп қоямын. Әр топ өзінше жауапты ауызша береді. Бағалаушы бағалау парағымен бағалап отырады. Слайд

Сұрақтар:
-19 ғасырдың екінші жартысында қазақ жерінен шыққан қандай ақын-жазушыларды білесіңдер?
-Абай кім? Ыбырай кім? Шоқан кім болған?
-Олардың халқына сіңірген еңбегі?
-Шоқан қай жерде, қай қалада оқыған?
-Ыбырай қай жерде оқыған?
-Ыбырайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
-Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
-Абай қай жерде оқыған? -Мектеп ашқан адам?
Тақырып бойынша жұмыс:Жаңа сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Сөздік жұмысы:Әр топқа бір-бір сөзден беріп, оған қорытынды немесе ереже шығару. Слайд
1 топ: «қазақ»
2 топ: «сахара»
3 топ: «жұлдыздар»
4 топ: «қазақ сахарасының жұлдыздары»
Бір оқушы әр топтан жауап беріп отырады,өз топтарының атын қорғайды.
Слайд. Абай, Ыбырай, Шоқан
«Қазақ сахарасының жұлдыздары»
Тапсырма: Әр топ осы ақын-жазушыларға байланысты кітаптан жазылған әңгімелердің мазмұнын айтуға жаттығады:
1 топ: Шоқан Уәлиханов туралы С.Бегалиннің «Қырдың жас түлегі» әңгімесінің мазмұнын айтады,негізгі ойын ашады.
2 топ: Ыбырай Алтынсариннің «Дүниеде жамандық неден?»әңгімесі мазмұнына тоқталып,негізгі ойды анықтайды.
3 топ: Абай Құнанбаевтың «Сабырсыз,арсыз,еріншек» өлеңін жатқа мәнерлеп айтады.
4 топ: Абайдың қара сөздерін тауып, дәптерлеріне көшіріп, оның түсіндірмесін дайындайды.
Сергіту сәті:
«Желсіз түнде жарық ай» өлеңін айту
Тақтамен жұмыс және дәптермен жұмыс:
«Қазақ сахарасының жұлдыздары»
Әлементтері Шоқан Ыбырай Абай
Зерттеуші, саяхатшы,этнограф Педагог, жазушы, инспектор Ақын, жазушы, композитор, аудармашы
Байланысы Халықты білімге шақыру, елінің тарихын зерттеу
Өз халқының ақыл-ой сезімін ояту, халықтың көзін ашу
Елінің заңдылықтары, оқу-білім заңдылығын сақтау
Байланыс әдісі Зерттеу, саяхат жасау әдісі Ұйымдастыру, оқытудың әдістері Тәрбиелеу әдістері, үгіт-насихат
Нәтижесі Елінің тарихын, салтын зерттеді,өшпес мұра қалдырды. Мектеп салып балаларды оқытты, кітап жазды Өлең, тақпақ, қара сөздер жазды, ел билеу ісіне араласты

Бұл таблицаны құрастыруда әр топтан 1 оқушы шығып кестенің екі жолын толтырады.
Бекіту: слайд
Сұрақтар:
1. Шоқан кім?
2. Ыбырай кім?
3. Абай кім?
4. Олардың халқына тигізген пайдасы?
Слайд:Тапсырмалар
1-топ:«Қыран қырды аңсамай тұра ала ма?»(эссе жазу)
2-топ: «Жаман-жақсы» (топқа бөліп жазу)
3-топ:«Жағымды-жағымсыз» (топқа бөліп жазу)
4-топ:Абайдың табиғат туралы өлеңдерін жатқа айту

1. Мақал-мәтел айтысынан мысалдар келтіру
2.«Бес жол өлең» құрастыру
3.«Өзің жалғастыр» өлең шумағының ұйқасын тауып, аяқтау.
4.Тест сұрақтарына жауап алу

Қорытынды:слайд
Оқушылар өздері сабақта не істегендерін, қандай нәтижеге жеткендерін айтады.
Жаңа проблема туындады: Абайдан кейінгі жазушылар кімдер?
Үйге тапсырма: слайд
Абайдан кейінгі қазақ даласынан шыққан ақындар мен жазушыларды іздестіруге, соның ішінде С.Торайғыров туралы мәліметтер жинау.
Бағалау: слайд
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.