Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстан Республикасының рәміздері. -

Қазақстан Республикасының рәміздері.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1648 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Қазақстан Республикасының рәміздері.
Мақсаты: 1. Оқушыларға рәміздер тарихы туралы жан-жақты хабар беру.
2. Отандық рәміздер авторларын жете біліп айтуға, тілдірін дамыту, ой өрісін кенейту.
3. Рәміздерді қастерлеп, құрметтеуге баулу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Көрнекілігі: Рәміздер суреті Президент суреті, қазақстан картасы кітаптар көрмесі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сен қай елде тұрасың?
- Қазақстанда. Ол үлкен ел, ғажап ел
- Қазақстан Республиканың президенты кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

II. Өткенді пысықтау:
1 Оқушы
Отан – сенің ата-анаң
Отан досың, бауырың
Отан - өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың
2 Оқушы
Отан – тарих, отан – тіл,
Жасаған елің, ер халқың
Отан - өлең, Отан- жыр
Көтерген көкке ел даңқын ...
3 оқушы
Отан осы, достарым
Көңілге мұны түйе біл,
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл.

III. Жаңа сабаққа кіріспе
- Рәміз деген не?
- Рәміздер ол ҚР айырықша белгілері
- Рәміздерді ата
- Ту, елтаңба, ән ұран

Ту туралы өлең:
1 оқушы
Зеңгір аспан көгілдір,
Алтын күні төрінде.
Тамылжытып төгіп нұр,
Шаттық сыйлар көңілге
2 оқушы
Көк аспандай көгілдір,
Қазақстан байрағы
Тұрса күндей төгіп нұр,
Жандарымыз жайдары
3 оқушы
Көк байрақтың бетінде,
Қыран бүркіт қанатты
Сол қырандай еркінден,
Бала өседі талапты.

Еліміздің мемлекеттік символдарында, ту мен елтаңбада өте пайдалы және қажетті ақпарат тұспалданған. Кімде – кім символдар тілін түсінсе – олар Қазақстан туралы талай жайытты әңгімелеп бере алады. Тудың авторы мен суретшісі Шакен Ниязбеков.
- Ел туының түсі неге көгілдір?
- Көгілдір түс – судың түсі. Су жоқ жерде өмір де жоқ. Және бұл – аспанның да түсі. Аспан жақсы үйдің шатыры сияқты, осы шатыр астында миллиондаған адам тұрып жатыр. Ол барша жаңға ортақ жалғыз шатыр.
- Елтаңбада не бейнеленген? Көшпелі қазақтың ең жақын көмекшісі не?
- Жүйрік ат – ер жігіттің қанаты. Сәйгүлікті, тұлпарды халық айырықша қадірлеп, құрметтейді. Елтаңбаға қанатты тұлпар бейнелеу – сол құрметтің белгісі.
- Елтаңбаға неге шаңырақ бейнеленген? Қазақтар «Шанырағын биік болсын, үйіннің қабырғасы кең, іргесі берік болсын» деп бата береді және тілек тілейді.
- Ал бес шапақты жұлдыз не? Әр адаммның өз бағдарлауыш жұлдызы бар сондай жұлдыз еліміздің елтаңбасында болуы керек.
- «Қазақстан» жазуы нені білдіреді? ҚР демокатиялық, яғни халық басқаратын мемлекет, мұнда ел басқарудың президенттік түрі қабылданған. Мемлекеттің Негізгі заңы – Ата заң (Конституция ҚР) деп аталады.

IV. Сабақты бекіту
(Әнұран айтқызу)
Әнұран
Елдің елдігі,
Ердің ерлігі - әнұран
Сезім биігі,
Төзім иығы - әнұран
Әннің асылы,
Ұранның басымы - әнұран
Сөзін жазған: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
(Әр топ рәміздерге сипаттама беріп қорғайды)
V. Тәрбие сағатты қорытындылау.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РӘМІЗДЕРІ

1 «Б» сынып

Сынып жетекшісі: Г.О. Тлеукенова

Зырян қаласы, 2010 жыл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РӘМІЗДЕРІ

1 «А» сынып

Сынып жетекшісі: Ж.А. Думбилеева

Зырян қаласы, 2010 жыл

ДОССЫЗ ӨМІР – ТҰЗСЫЗ АС

1 «А» сынып

Сынып жетекшісі: Ж.А. Думбилеева

Зырян қаласы, 2010 жыл

ДОССЫЗ ӨМІР – ТҰЗСЫЗ АС

1 «Б» сынып

Сынып жетекшісі: Г.О. Тлеукенова

Зырян қаласы, 2010 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.