.
.
Тақырыбы: «Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ» «Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1640 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: жас ұрпақты бейбітшілікті сақтау және нығайту, өз Отанын сүюге, еліміздің саясатын
қолдауға, ерлікке, интернационализмге тәрбиелеу; оқушыларды адамгершілік, бауырлақ,
отансүйгіштік қасиеттерге баулу.
Оқушылар сап түзеп тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалып, көкбайрағы әкелінсін.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні
мерекесіне арналған «Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ» атты салтанатты жиынды
ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші: Бейбітшілік. Осы бір асыл сөз қазір бүкіл дүниеге тарап, әрбір ізгі ниетті, адал ойлы
адамның жүрегінен құрметті орын алады. Қазақтың барлығы бір-біріне бауыр.
Бейбітшілік – адамзат өмірінің бүгінгі мен ертеңі. Оның шайқалмай, сынбауы үшін
бейбітшілік құсы аспан көгінде қалықтай береді.
1-жүргізуші: Бірлік пен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқыраған жарық күн.
Ырыс дәулет, бақыты халықыңның,
Жайнай берсін, жайнай берсін, алтын күн!
2-жүргізуші: Бүгінгі саланатты жиынымыздың қонақтары құрметті орындағы ұстаздарымызды
таныстырып өтсек.
Мектеп директоры: Н.О.Нұрмағамбетов
Оқу-тәрбие ісінің орынбасары: Ж.М.Ақбисенова
Кәсіподақ төрағасы; Н.Т.Жабаев
Қазақ әдебиетінің мұғалімі: Б.Е.Ұлықпанова
Математика пәнінің мұғалімі: К.Қ.Түймебаева
Бастауыш сынып мұғалімі: З.С.Мерғалиева
1-жүргізуші: Көп ұлттың құт дарыған мекеніміз,
Достық күйін мақтаныш етеміз біз.
Бейбітшілік бүгінгі ұрпағымыз,
Мүдделі мұраттарға жетеміз біз.
2-жүргізуші: 1-мамыр- бұл баршамыздың ынтымағымыз бен өзара түсіністігімізді, достығымыз бен
бауырластығымызды жарқыратып көрсетер кемел күн!
1-жүргізуші: Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ. Осында өмір сүріп жатқан 130-дан астам
ұлт пен ұлыстар достығының, өзара келісімі арқасында қоғамдағы саяси тұрақтылықты, сындарлы қалпын сақтап келеді.
2-жүргізуші: Ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдері бір шаңырақ астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны баршамызға мәлім. Олай болса, ортамызға өзге ұлт өкілдері мен мектеп оқушыларын шақырамыз.
1-жүргізуші: Келесі кезекті мерекелік баяндамаға береміз. Баяндаманы оқитын бастауыш сынып жетекшісі Мерғалиева Злыха Смайлқызына беріледі.
2-жүргізуші:
Бейбіт күн тыныштық,
Біз үшін тым ыстық.
Ырыс-құт тұтқасы,
Ынтымақ туыстық.
Мерекелік құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Н.О.Нұрмағамбетовке беріледі.
1.
2.
1-жүргізуші:
Мамыр қандай шіркін-ай, мамыр қандай,
Айнала жасыл кілем жамылғандай.
Алатаудың басына ақ шәлі орап,
Мойынына гүлден алқа тағылғандай.
2-жүргізуші:
Мамыр қандай шіркін-ай құлпырады,
Күй толқып, көңіліңе жыр тұнады.
Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр
Секілді адамзаттың ынтымағы.
1-жүргізуші:
Кезекті оқушылардың мерекелік құттықтауына береміз.
Тәуелсіздік кіндігін,
Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барша ұлттың,
Нұрын шашқан күн бүгін.
Ортаға қазақ биімен 4-сыныптың қыздарын шақырамыз.
2-жүргізуші:
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік, байлық, ырыс-құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» орындайтын: 5-сынып оқушылары
Арухан:
Жалауымда нұрлы күн,
Нұрын шашып тұр бүгін.
Паш етеді ол халқымның,
Құқығы әр ұлттың тең,
Ада күңкіл-шүңкілден.
Жүз түрлі ұлт пен ұлыстар
Ұғысады бір тілмен.
Ортақ-дәстүр, ғұрып бай,
Ынтымағын суытпай.
Шаңырақты көтерген,
Жүз түрлі ұлт-жүз уықтай!
Шыңға тартса салып жол,
Қиналмайды талып бел.
Жүз иыққа сүйенген,
Қазақстан –
Алып ел!...
Асылхан:
Ұлы Отанын бақыт теңдік ордасы,
Болашаққа бастайтұғын жол басы.
Жүректе бір, тіректе бір бауырмыз,
Барлық ұлттың ұл-қыздары жолдасын.
Дана:
Достық менің бағын да, қуатын да,
Биіктетіп, бойыңда тұратын да.
Достық әні қосылып шырқайтынын,
Достық сөзі-таусылмас жыр ақынға.
Ақниет ұл:
Сүйемін адамдарға досым деген,
Шырқаймын дауысына қосып өлең.
Сүйемін ақ пейілмен гүлдей нәзік,
Достықты мызғымайтын асыл-берік.
Ақниет:
Енді бүгін қарасам
Айналам бақыт кең жатыр
Бірімен-бірі туысқан
Қолыстасқан ел жатыр
Қырғыз, қазақ, өзбектер
Маңғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армиян, тәжік, грузин,
Орыс пенен терезесі тең жатыр
Алатау, кавказ ұласып
Баурайы бұйра кең жатыр
Бақыттың әні асқақтап
Құлаққа даусы кеп жатыр
Батырхан:
Қазақ жері достықтың гүлстаны,
Дархан өлкем-мерейлі ырыс бағы.
Күрестерде, еңбекте, мерекеде,
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.
Құндыз:
Ортаймасын, ортаймасын, сол даңқың,
Достық барда бар деп түсін қолда алтын.
Досы жоққа қара түнек орнар күн
Байлығыңа берік, бекем бол халқым.
Ақтілек:
Жазира өлке, гүл маусым,
Жасыл әлем, саған мәңгі нұр жаусын.
Қарсы алдыңнан тарқамасын тыңдаушың,
Мың құбылтқан бұлбұл болсын жырлаушың.
Сен бар жерде аспан ашық, тауда асқақ,
Саған барып, жарасамыз даулассақ,
Қасиетіңе құдай қызыр дарытып,
Мерейіңе үстем еткен әу баста-ақ.
Хор:
Достығымыз жарасқан
Ақпыз, қара, сарымыз.
Қара жермен көк аспан
Ортақ дала тауымыз
Арухан:
Қазақ қырғыз бір сананың егізі,
Екі жұрттың бірге екен негізі,
Қазақ озса ол қырғыздың мерейі
Қырғыз өссе ол қазақтың жеңісі.
Қазақ қырғыз туыссыңдар-доссыңдар.
Бір тамырдан сендер өскен қос шынар
Дос туыстар көп болса да дүниеде
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.
Асылхан:
Ұйғыр қазақ тамыр болған ежелден
Кімдер қашсын қазақтайын әр елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан.
Туған елім, шарықтай кемелден.
Дана:
Жырласа қазақ түркімен
Молдаван, тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен
Мейірлері жарасқан.
Ақниет ұл:
Сүйсеңде өз еліңнің жерін, суын
Жайнасын десең өлкең, орман нуың
Тамырын татулықтың жайып терең
Жоғары көтерейік биік туын.
Ақниет:
Кім сүймейді ет жақын туысын
Украина туысымның бірісің.
Тұрды биік туымыздай бұл достық,
Ел басы төнгенде де ұлы сын
Батырхан:
Тыңда, тыңда, тыңда мені
Ұлы жұртым, орыс халқым
Сен тербетіп өсіргенсің
Сенің даңқың менің даңқым.
Құндыз:
Әрқашан достар біргеміз,
Ажырамас іргеміз
Ілгері жүріңдер
Достық жырын біліңдер
Ту ғып ұстап бірлікті
Ерлікті сүйіңдер
Хор:
Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр сәніміз.
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз
Ән: «Ақ көгершін»
1-жүргізуші:
Қазақстан – осы ұлан байтақ өңірді мекендеп жатқан барша ұлт пен ұлыстың Отаны деген қарапайым да қастерлі қағиданы бүгінгі адамдардың да, келер ұрпақтың да санасынан бір сәтке шығармауымыз керек. Ендеше басымызға қонған бақытымыз бен бірлігіміздің берекесі арта берсін деп тілейміз.
2-жүргізуші:
Ендігі кезекті ескертулер мен хабарландыруларға береміз.
1-жүргізуші:
Бүгінгі 1-мамыр ынтымақтастық күніне арналған «Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
Оқушылар сап түзеп тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалсын.
Бабатай орта мектебі
Тақырыбы:
«Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ»
Өткізген: Серғазина Г.Б
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.