.
.
Қазақ тілі Қазақ тілі 4 сынып Дыбыс және әріпті қайталаймыз
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 9584 | Размер: | Автор: Нартай45404 сынып
Дыбыс және әріпті қайталаймыз
Сабақтың мақсаты: Дыбыс және әріп туралы 3 сыныпта алған білімін еске түсіре отырып, дауыссыз дыбысқа к, қ, п - ға аяқталған сөздерге – дауысты ы, і, у – жалғағандағы өзгерісті еске түсіру л, р дыбыстарының сөз басында жазылуы мен айтылу ерекшелігін есте сақтау.
Сабақтың көрнектілігі: Сурет, кеспелер
Әдісі: сұрақ- жауап, Венн диаграммасы, талдау-жинақтау, «Дұрыс – бұрыс» ойыны.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Жаз бойы демалып, күш жинадық, жаңа оқу жылын бастайық.
Қызығушылықты ояту.
«Адасқан әріптерді орнына қой» атты ойын.
І, Л, Ә,П, Е, П – әліппе
М, Ғ, І, А, Ұ, Л, М – мұғалім т.б.
(Ойын жылдамдыққа ойналады)
3 сыныпта оқығанды еске түсірейік.
1. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар туралы білетіндеріңді ортаға салайық.
Венн диаграмасын құру (тақтада)
Дауыссыз дыбыстарға Венн диаграммасын құру
2. Кеспелермен жұмыс
Қалып қойған әріпті қойып жаз. Оның түрін ата.
ІІ Мағынаны тану.
1. Сурет бойынша әңгімеле «Білім күні»
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Өлеңді жатқа жазу.
Мектеп + ( і ) = мектебі
Есік + ( і ) = есігі
Өзгерген себебін түсіндіріңдер.
2-жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқы. Түнегіміз сөзінің түбірі неге өзгерді, түсіндір. Қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды топтап жазу.
3-жаттығу.
Сөйлемдерді көшіріп жазып, көпнүктенің орнына тиісті әріпті қой. Каһарман сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Сергіту сәті.
Білім туралы мақал-мәтелдерді еске түсіріңдер, «Кім тез?».
4-жаттығу.
Л және Р дыбыстарынан басталатын сөздерді бір бөлек жазыңдар. Олардың айтылуы мен жазылуында ерекшелік бар ма?
Ереже
Л, Р дыбыстары сөз басында келсе, айтылуында олардың алдында ы, і, ү, ұ дыбыстары естіледі, бірақ олар жазылмайды.
Кейбір сөздерде і, ы – л, р алдында жазылады. Ол сөздерді еске сақтайық.
Кеспеде «дұрыс-бұрыс» жазылған сөздер (ырыс, ілгек, лақ, ылақ, рімшік, ірімшік т.б.).
- Қазір мен сөздерді көретіп отырамын сендер дұрысын жазыңдар.
- Қане тексерейік. Қателерін түзеп, дұрыс жазылуын есте сақтайық.
ІІІ Ой толғаныс (сұрақ - жауап)
- Қандай сөздерде і, ы – л, р дыбыстарының алдында жазылады? (ырыс, ілгек, ірімшік т.б.)
- Қатаң, ұяң,үнді дауыссыздарды ата
- Жуан дыбыстар кездесетін сөздерді ата
- Жіңішке дыбыстардан тұратын сөздерді ата
- к, қ, п - ға аяқталған сөздерге – дауысты ы, і, у – жалғағанда сөз неге өзгеріске ұшырайды? (М: қап + ы – қабы – себебі ілгерінді ықпал т.б.)
ІV Қорытынды.
- Нені еске түсірдік.
V Бағалау.
VІ Үйге тапсырма.
4-жаттығу 4 бетте.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Оқулық «Қазақ тілі» 3,4 сынып.
2. Әдістемелік құрал «Қазақ тілі» 3,4 сынып.
Авторлары: Ж. Қ. Балтабаева
М. Қ. Солтанғазина
Ф. С. Лекерова
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы Қаратал бастауыш мектебі,
Саулембекова Айғаным Оразқызы
бастауыш сынып мұғалімі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.