Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ҚАЗАҚТЫҢ  ХАС БАТЫРЫ – ҚАРАСАЙ -

ҚАЗАҚТЫҢ ХАС БАТЫРЫ – ҚАРАСАЙ

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1540 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: ҚАЗАҚТЫҢ ХАС БАТЫРЫ – ҚАРАСАЙ

Сабақтың мақсаты: Аты аңызға айналған Шапырашты Қарасай батырдың көп ерліктерінің бірін әңгімелей отырып, аса ірі тарихи тұлғаның өмірінен, қызметінен қысқаша мәлімет беру. Қарасай батырдың мінезі мен әрекетін баяндай отырып, оқушыларды мәрттікке, ерлікке тәрбиелеу. Оқушылардың тілін дамыту, тарихи тұлғаларға баға беруге үйрету.
Түрі: дәстүрлі.
Типі: аралас сабақ.
Әдісі: талдау, түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын.
Көрнектілік: суреттер,сызбалар,карта.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын алғызып, сабаққа көңілдерін аудару.
II. Психологиялық дайындық.
Осы біздер қандаймыз?
Талабы биік таудаймыз.
Ақылды, парасаттымыз, көңілдіміз!
Үлкенге ізеттіміз! Кішіге қамқормыз.
Көп оқимыз, өнерліміз
Елімізді өркендететін
Бабаларға тағзым ететін,
Біз қазақ елінің болашағымыз!
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі» мәтінін бөліктерге бөліп, мазмұнын сұрау.
Қазақ-қалмақ соғысының себебі қандай саясаттан туындаған? Қазақ-қалмақ арасындағы соғыста қандай қарулар пайдаланған?
IV.Жаңа сабақ бойынша жұмыс. Сөзжұмбақ


Ш
О
Қ
П
Н А Қ С А
Қ А Р А С А Й
Ы Й Л А У Б
Л З Қ Д Ы А
Ы А А А Т Л
Ш Н Қ Т
А
1. Ұзын, өзі өткір. (Қылыш)
2. Сабы ағаш, басы үшкір, ұзын қару. (Найза)
3. Балтаға ұқсас қару. (Шоқпар)
4. Қорғанатын зат. (Қалқан)
5. Жартылай дөңгелек жіп тартылған, бірақ мылтық емес. (Садақ)
6. Торланып тігілген киім. (Сауыт)
7. Түнде аспанда тұратын затқа ағаш жаратын құралды қосып айт. (Айбалта)
- Қандай сөз шықты? (Қарасай)

Ойтолғау:

(Қарасай батыр туралы әңгімелеу, суреттерін көрсету)

Алтынайұлы Қарасай – қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі Шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнекті тарихи тұлға. Ол 1859 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келген. Ол он жеті жасынан бастап соғысқа араласқан. Қазақ-қалмақ соғысында өзінің батырлығымен көзге тұскен. Арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып, 1671 жылы дүние салады. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау сілемінен бұйырады. Қасына өзінің досы арғын Ағытай батыр жерленген. 1999 жылы осы екі батырға арнап күмбезді кесене орнатылған.
Қарасай батырдың шыққан тегі ұлы жүз Шапырашты руынан. Батырдың қазіргі тікелей ұрпағы біздің президентіміз Н.Ә.Назарбаев.
V.Оқулықпен жұмыс. (мәтінді түсіндіру) Оқулықтағы мәтінді жазып бөліктерге бөліп таратып, оқыту. Әр оқушы берілген бөлікті оқып артына сұрақтар жазады да, мұғалімнің алдына әкеліп қояды. Мұғалім басқа оқушыларды шығарып сұраққа жауап бергізеді.
VI.Картамен жұмыс. Картадан Тобыл өзенін көрсету.
VII. Жыр шумақтарынан үзінді.
Жыр алыбы Жамбыл атамыз бен Сүйінбай атамыздың Қарасай бабамыздың қалмақ шапқыншылығына қарсы күресін бейнелейтін өлең шумақтарын оқыту.
VIII. Қарасайға мінездеме беру.

Қарасай

Елін, жерін сүйетін

Ержүрек

Ақылды, көпшіл

Жұдырығы шоқпардай

Батырлық, ерлік туралы мақал-мәтелдерді еске түсіру.
Ойын. «Жалғастыр».
Шешен-дауда, батыр - ...
Батыр туса – ел ырысы, ...
Батыр бір рет өледі, ...
Батыр бір ...
X. Қоорытынды.
- Қарасай кім?
- Сендер де батыр болғыларың келе ме?
- Батыр болу үшін ержүрек, көпшіл, ақылды болу керек екенін әрдайым есте ұстаңдар!
XV.Бағалау.
XII. Үйге тапсырма. Мәтінді оқу, мазмұнын айту.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.