.
.
Динбаева Алуа Қабидуллақызы Қазақ және төрт түлік
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2038 | Размер: | Автор: Нартай4540СҚО Жамбыл ауданы Жаңажол ауылы
Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Қазақ және төрт түлік
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ата кәсібі, елдің ежелгі байлығы мал шаруашылығы екендігін, ежелден күн көрісі, жан-жақты түрлі тіршілігі – бәрі де
негізінен төрт түлік малға байланысты болғандығын, өмір салты мен әдет-ғұрпының барлық түрінде орны ерекше екендігі жайында түсінік беру.Төрт түлікті қадірлеп-
қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Төрт түлік суреттері, буклет, мақал-мәтел, нақыл сөздер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Кіріспе сөз: - Балалар, қазақ халқының ежелден күн көрісі, жан-жақты түрлі тіршілігі бәрі де негізінен төрт түлік малға байланысты болды.Оның үміті де, тілегі де, таяны-шы да, қуанышы мен қызығы да сол мал болып келді. Ол сойсаң – азық, кисең – киім, мінсең – көлік болып елдің тіршілігінің тірегі, байлығының қайнар көзі болды.Сон-дықтан да қазақ қай түлік болса да, оны барынша әлпештейді.Баяғы заманнан қазақ-тың амандасуы да «мал-жан аманбадан» басталатын. Осының өзінен-ақ, барлық тір-
шілігі мен өмір сәулетінде қазақ халқы үшін малдың соншалық шешуші маңызы мен қасиеті болғандығын түсінуге болады.
Аңыз «Қазығұрт тауы» (Ансар)
- Баяғыда дүние жүзілік топан су басып , сел қаптаған кезде тек қасиетті Қазығұрт тауы аман қалады. Сол құрғақ қалған киелі таудың етегіне Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтап, жан-жануарлар осы кемеден түсіп тауды паналап аман қалып, содан тіршілік қайта өрбіп-өседі. Соның ішінде төрт түлік малда бар болған екен. Ол жөнінде сол Қазығұрт жырында мынандай өлең жолдары бар:
Қазығұрттың басында кеме қалған,
Болмаса ол әулие неге қалған?
Жетім бота үстінде жатып қалып,
Жануар «Ойсыл қара» содан қалған.
Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол әулие болмаса неге қалған?
Бір қатпа тай үстінде жатып қалып,
«Қамбар ата» жануар содан қалған.
Басында Қазығұрттың кеме қалған,
Болмаса ол әулие неге қалған?
Жалғыз тана үстінде жатып қалып,
Жануар «Зеңгі баба» содан қалған.
Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол әулие болмаса неге қалған?
Жұрын тоқты үстіне жатып қалып,
«Шопан ата» жануар содан қалған.
Осыларды әулие деп ұғынған халық оларға тілегін білдіріп, жалынып жалбарынған. Сондықтан әрбір түлікке арналған тілек, өлең-жыр шығарылған.
Келесі кезекті оқушыларға береміз
Мал атасы (хормен):
Жылқы атасы – Қамбар ата,
Сиыр атасы – Зеңгі баба,
Түйе атасы – Ойсыл қара,
Қой атасы – Шопан ата,
Ешкі атасы – Сексек ата.
Түлік иесінің үлесі:
«Ойсыл қара» келенің бурасы екен, (Ансар)
Буралығын білдірген шудасы екен.
«Шопан ата» саулықтың қамқоры екен. (Ақжелкен)
Егіздетіп жылда төл қосқан екен.
«Зеңгі баба» сиырдың бұқасы екен, (Жанбота)
Ет пен майға өнбойы тұтас екен.
«Жылқышы ата» үйірдің айғыры екен, (Аяулым)
Құлын, тайы көбейген байлығы екен.
Төрт түлікке сипаттама:
Жылқы (Арал)
-Жылқы – қазақтың кәделі, бағалы, орны бөлек қымбат қазынасы. Сый-сияпат, кәделі жерлерде халық ер-азаматтарға ат мінгізіп, шапан жапқан. Демек, ол құрмет белгісі ретінде ұсынылатын үлкен сый орнына жүреді. Айт, ас, тойларда аттың бас бәйгесіне мал, дүние, жиһаз тігілетін болған.
Жанына еліміздің жылқы жаққан,
Жылқыға жетпеген көз жаутаң қаққан.
Мінсең – ат, ішсең – қымыз, жесең – қазы,
Қашаннан қазақ халқы жылқы баққан. . .
Түйе (Күлайым)
-Қазақтың жылқыдан кейін қадірлейтін малы – түйе. Көшіп-қону үшін жылқыдан да артық бағаланған. «Көтерем деп түйеден безбе, салтанатың емес пе?» деген ескі ма-қалдың өзі-ақ түйенің көшпелі тіршілікте аса құнды түлік болғанын анықтай түседі.
Ертеде жер шоқтығы Көкшетауды бір ақбас бура емін-еркін мекендепті.Тағы өскен бура кісі көрсе маңайламай, тілін шайнап, көбігін шашып алыс аймаққа беттейді екен. Суының тазалығы «мөлт еткен көздің жасындай» бір көл оның суаты екен,суын ішіп жүреді екен.
Ақ бура қара түнек күндерді алдын ала болжап, оны азынап халыққа сездіреді екен.
Осындай қасиетіне көзі жеткен соң халық ақ бураны артықша құрметтейтін болыпты.
Оның суын ішкен көлі кейін: «Бурабай көлі» атаныпты. Ел аузындағы осы аңызды Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» атты поэмасында былай суреттейді:
Тағы бір ақбас бура, - емес атан,
Жүріпті Көкшетауды қылып отан.
Мұны да «көзі көрген» қарт айтады,
Тыңдаған әлуметке алқа қотан.
Тағы өскен жанға ұстатпай жүрген қашып,
Күркіреп тұрады екен көбік шашып,
Бір көлді мекен еткен алшаң басып.
Дүниеде әрбір бөлек жердің аты, -
Себеппен қойған бәрі жердің аты:
Бурабай атаныпты содан бері
Ақбура мекен қылған көлдің аты.
Ешкі (Дәурен)
-Ешкі - өте өсімтал, жетілгіш келеді.Оны көбінесе сүті үшін өсірген. «Есі кеткен ешкі
жинайды, ешкі өсіріп есін жинайды» деген мақал кіші-гірім шаруа әлденуге болады
деген ұғымды меңзейді.
Ешкі деген жануар, -
«Баста» десе бастаған,
Қайырып мүйіз тастаған.
Ешкі қойды бастаған,
Қойды артына тастаған,
Ешкі деген жануар,
Сауса сүті бұлақтай.
Қой (Аяулым)
-Қазақта дәулеттің ұйытқысы қой екендігінде дау жоқ. Елдің ырысы да, байлықтың кіндігі де осында. Қойдың қи-тезегіне дейін береке; өзіне төсеніш, жыртынды жер мен жайылымға тыңайтқыш, малшы-шопандарға қысқы-жазғы отын. Бір сөзбен айтқанда, қой тұнып тұрған қазына-байлық.
Қойымның еті тәтті, жүні жібек,
Барма екен, сірә оны көретін тек.
Сауса сүт, ұстаса құт, ұшса қанат,
Туды ілмей қойдың қалар реті жоқ.
Сиыр (Ақжелкен)
-Зеңгі-баба тұқымы да ежелден төрт түліктің бірі, бірақ ертеде көшпелі қазақ ауылының жағдайында сиырды тек кедейлер ғана сауын ететін. Сондықтан сиыр «жатақ» малы атанған.
Даусы бар азандай,
Желіні бар қазандай,
Мүйізі бар жылтылдақ,
Буыны бар сыртылдақ,
Сиыр деген мал екен.
Ән «Қазақ осы» (хормен)
Ертегіден көрініс.
«Түйені көрсе жылқы неге қалтырайды?» (Ансар, Дәурен, Медет)
Төрт түлік баласы:
Жылқы төлі – құлыншақ, (Жанбота)
Тұяғы жерге ұрыншақ.
Сиыр төлі – бұзау, (Ақжелкен)
Сүйкімді әрі асау.
Түйе төлі – ботақан, (Болатбек)
Мөлдіреп көзі ойнаған.
Қой төлі – қошақан, (Арал)
Өріске қашқан қорадан.
Ешкі төлі – лақ, (Мақсат)
Тыныш тұрмайды ол бірақ.
Баласын сүю:
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп, (Болатбек)
«Ештеңені білмейтін момыным!» деп.
Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп, (Медет)
«Қараңғыда баспаған қорқағым!» деп.
Түйе сүйеді баласын «боташым» деп, (Аяулым)
«Жаудыраған көзіңнен тоташым!» деп.
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп, (Ақжелкен)
«Тастан-тасқа секірген шұнағым!» деп.
Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп, (Жанбота)
«Тұлпар болып жүгірер жұрыным!» деп.
Төлді қалай шақырады:
Қой баласы – қоңырым, (Ақжелкен)
Ұя бұзбас момыным,
Шопан ата түлігі
Қошақаным, қайдасың?
Пұшайт,
Пұшайт!
Жүнін жұлса бақырған, (Әділет)
Ешкі атасын шақырған,
Өрісте өскен жануар,
Шөкетайым, қайдасың?
Шөре,
Шөре!
Жолға шықсам көлігім, (Арал)
Жапанда жүрсем серігім,
Қамбар ата өсірген
Құла атым, қайдасың?
Құрау,
Құрау!
Тілімен мұрнын жалаған, (Мақсат)
Тілімен бойын тараған.
Зеңгі баба өсірген,
Әукешім менің, қайдасың?
Аухау,
Аухау!
Екі көзі танадай, (Дәурен)
Екі өркеші баладай,
Елпеңдеген ойнақтап,
Енесіне қарамай,
Ойсыл қара баласы,
Ботақаным, қайдасың?
Көс, Көс!
Төрт түліктің жіктелуі:
Түйе (Аяулым)
Бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура.
Жылқы (Болатбек)
Құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, сойтал, дөнен, құлық, бесті, бие, ат, сәурік, айғыр.
Сиыр (Арал)
Бұзау, баспақ, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа.
Қой (Ансар)
Қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, ақауыз, қой, саулық, қошқар.
Ешкі (Медет)
Лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке, ешкі, теке.
Түліктің пайдасы:
Мал сүтінен жасалатын тағам түрлері (Мақсат)
- Мал сүтінен жасалатын тағам түрлері өте көп. Түйе сүті – шұбат, жылқының қымы-зы денсаулыққа аса пайдалы да шипалы сусын. Сиыр мен қой сүтінен айран, қатық,
қаймақ, май, сүзбе, ірімшік, құрт, ежігей, тағы басқа көптеген ұлттық тағамдар жа-
салады
Тұрмыстық салада қолданатын мал өнімдері (Жанбота)
- Жылқы сүйегінен қобда-сандықтар бетін өрнектеді, күзеп алған мал құйрығынан
мықты арқан-шылбыр есті. Сиыр мүйізінен тарақ жасады. Қой жүнінен киіз, текемет, кілем, сырт киімдер тоқиды.Түйе жүнінен кәделі шекпен, басқа да бұйымдар жасады.
Ешкінің қылынан арқан, түбітінен не түрлі бұйымдар тоқыды.
Мал терісін шаруашылықтың әр саласына қолдана білетін де осы қазақ халқы болды Жылқы терісінен аса бағалы киім-жақы тігетін болды. Мал терісін киім-кешектен бастап барлық тұрмыстық қажеттерге жаратып келді.
Өлең «Қымыз» (Болатбек)
...Үйірілген сары алтындай сары қымыз,
Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз.
Елімнің баяғыдан сүйген асы,
Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз...
Ән «Ортеке» (хормен)
Мұғалім:
-Төрт түлік елдің салт-санасына, тіпті сезім дүниесі, тіліне де мықты әсер етеді. Қазақ сұлуды суреттегенде немесе адамның жақсылы-жаман мінез-құлықтарын сипаттаса да не жақсы теңеулерді жануарлардың, төрт түлік малдың өмірінен алады. Өйткені ол малға сырмінез ұлт ұғымына тез жетіп, көкейіне бірден қонатын-ды.
“Ботакөз”, “Жез бұйдалы нар тайлақтай” деген теңеулер сұлу қыздың көзінің әдемілігін, өзінің әсемдігін жеткізеді. Ерді мақтаса, “жігіттің нары екен” деп те айтады. Нақты елде қай түлік басым болса, олардың көбіне көп әлпештеп қадірлейті-
ні де сол түлік болды.
Мақал-мәтелдер:
- Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл - көсір. (Әділет)
- Сүрінбейтін ат болмайды,
Жаңылмайтын жақ болмайды. (Дәурен)
- Тонға жатса мал оңбас,
Тымырсық болса ер оңбас. (Арал)
- Жорғаң қатты болса төске сал (Аяулым)
Ісің ақ болса көпке сал.
- Кісі аты тершең, (Медет)
Кісі киімі кіршең.
- Ақсақ қой тырысқақ,
Аш адам ұрысқақ. (Ақжелкен)
- Жүйрік – тай-құнаннан
Ақыл – жас-ұланнан. (Мақсат)
- Түйе малдың – қасқасы,
Жылқы малдың - патшасы. (Күлайым)
- Нары бардың малы бар. (Жансұлтан)
Мұғалім: - Малдың қадірін біліп, қасиетін бағалаған бабаларымыз адам есіміне де мал атауларын қосуды әдетке айналдырған.Мысалы, Ботагөз, Нартай, Атанбай, Бурабай, Жылқыайдар, Түйебай, Серке, Қойшыбай, Құнанбай. Қазақ балаларын ботам, құлыным, қошақаным деп еркелетіп, әлпештеуінде де терең мән бар. Тіпті, ертедегі халықтың жыр, әңгіме, ертегілерінде де мал қасиетті түлік есебінде батыр, ер, сұлулармен қоса дәріптеліп айтылады. Бұл төрт түлікке берген әділ баға болса керек. Мұның бәрі халықтың малсақтық, малжанды ерекшеліктері мен ұғымынан туған.
Дәрілік мал өнімдері:
Айран: Жылан шаққан жерге жаққан.
Жылқы еті: Сынық тез біту үшін, сынған жерге таңған. (Әділет)
Жылқы майы: Сынықты қайта бұзып салу үшін және жараға қолданған.
Жылқының несебі: Аяқтың шуашын кетіру үшін жуған. (Медет)
Жылқының терісі: Сыздауыққа танған.
Қойдың құйрықмайы: Шиқанға, сыздауықтың, іріңнің аузын шығару үшін және суық тигенде ішіп, денені майлаған. (Аңсар)
Қой жыны: Қолдың буыны ауырғанда жылыдай қолданған.
Қойдың құмалағы: Жарыққа ұнтақтап сепкен, ревматизмге жылыдай таңған. (Болатбек)
Қойдың бүйрегі мен бауыры: Қайнатып, жылыдай көз ауруынатаңған.
Қойдың қаны: Жылы кезінде шиқанмен сыздауыққа таңған. (Дәурен)
Қымыз бен шұбат: Суықтан болған аурудың барлық түріне пайдаланған.
Сиыр сүті: Суықтан болған барлық аурулардың түріне ішкізген. (Мақсат)
Түйенің жабағысы: Күйікке, бел ауырғанда пайдаланған.
Сиырдың өті: Көкжөтелге ішкен. (Жанбота)
Сарымай: Жарыққа жағып, тұмауға ем ретінде ішкен.
Сиырдың кепкен жапасы: Қан тоқтату үшін ұнтақтап сепкен.(Арал)
Ешкінің шелі майы: Күйген жерге таңған.
Ешкінің сүті: Мешел балаға ішкізген.
Ешкі майы: Жөтелге күйдіріп ішкізген. (Күлайым)
Ешкі мен қойдың айтысы: (Күлайым мен Дәурен)
Е ш к і :
− Менің жегенім жантақ,
Сенің жегенің жантақ,
Сенің құйрығың неден болды жалпақ?
Қ о й :
− Менің жегенім ошаған.
Сенің жегенің ошаған,
Сенің құйрығын неден болды шошайған?
Е ш к і :
− Менің жегенім опалаң,
Сенің жегенің опалаң.
Саған келсін топалаң!
Қ о й :
− Менің жегенім ебелек,
Сенің жегенің ебелек,
Саған келсін кебенек!
Е ш к і :
− Менің жегенім күйреуік,
Сенің жегенің күйреуік,
Саған келсін түйнеуік!
Керулі арқанның құпиясы
«Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр» деп Абай атамыз айтқандай, мал шаруашы-
лығына дала кезген аңдарда нұқсан келтіреді екен.(Мал күтімі жайында әңгімелеу)
- Балалар, керулі арқаннан қасқыр ешқашан да өте алмайды екен. Бұл құпияны бізге
Ансар айтып бере қойсын.
Төрт түлік мал және мал әбзелдері мен құралдарға байланысты ырымдар
мен тиым сөздерге кезек берелік:
- Малдың алдынан бос ыдыспен шықса, сүті кемиді. (Дәурен)
- Малды қу шыбықпен, көсеумен айдауға болмайды. (Болатбек)
- Малға бас киім лақтыруға болмайды. (Аяулым)
- Малға тіл тигізбейді. (Мақсат)
- Жатқан малдың үстінен аттауға болмайды. (Ақжелкен)
- Малдың сүйегін аяққа баспайды,көміп тастайды. (Жансұлтан)
- Қойдың мүйізін, жүнін өртесе, қорадағы қойдың сүйегі сырқырайды. (Ансар)
- Түйені таяқпен ұрып айдамайды, жетекке алады. (Күлайым)
- Мал қорада дәрет сындырса, малдың желіні іседі, сүті қайтады. (Әділет)
- Жас ботаны көзге түсірмейді. Оны бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде
ұстайды. Жас бота тұрған киіз үйдің белдеуіне бөтен адамның атын байлатпайды.
Егер бөтен адам ботаны көріп қалса, оған «тіл-көзім тасқа» дегізіп, ботаға
түкіртеді.
- Қазанда қайнап жатқан сүт төгілсе, малдың желініне жара шығады. Сүт отқа күйсе,
малдың емшегіндегі сүт азаяды. (Арал)
- Сиырдың желіні іссе, таңертең ерте кебіспен ұшықтайды. (Жанбота)
- Мал әбзелдерін, мал ұстайтын құралдарды лас жерге, аяқ астына тастап, аттамайды.
- Қой қырқатын қайшыны иесіне «мұны мен емес, жер беріп отыр» деп ойлап, жүнге орап қайтарады. Қайшыны қолға бермейді, жерге қою керек. Екінші адам оны
сол жерінен алады, әйтпесе қайшы қойдың терісін қиып кетеді. (Медет)
Мұғалім:
- Қазақ үшін ең құнды да қасиетті мал – жылқы.Қазақ халқы жылқыны жоғары баға-лап көп өсірген.
Ақжелкен:
- Бұрынғы ел қорғаған ерлер жылқы ішіндегі таңдаулыларын жорға, су жорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, жазбедеу, дүлділ, арғымақ... деп сипаттап ерекше дәріптеп бағалаған.
Аяулым:
- Басқа малға қарағанда жылқының
Би «Қара жорға»
Салт-дәстүр «Көгентүп» туралы әңгімелеу.
Нағашысы алғаш келген жиеніне мал атайды. Ол қой немесе жылқыда болуы мүмкін.
Бұл салт-дәстүрді «көгентүп» деп атайды.
Қорытынды:
- Балалар, бүгін біз төрт түлік жайында көп мағлұмат алдық. Осының бәрі қазақ халқы баяғы заманның өзінде-ақ әр түліктің қасиеттерін, өзіне тән ерекшеліктерін сондай жақсы айыра білгендігін дәлелдейді.Төрт түлік малды әрқашанда қадір тұтып, құрметтеп жүрейік!
(соңы)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.