.
.
Ақтөбе қаласы №40 жалпыға білім беретін мектебінің бастауыш класс мұғалімі Кубаева Ақжан Антоновна Ғажайып жетілік.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1718 | Размер: | Автор: Нартай4540Кластан тыс жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Ғажайып жетілік.
Сабақтың мақсаты: Пәндер бойынша алған білімдерін тексеру. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын молайту. Ана тілін сүюге, бабалардан қалған ұлағатты сөздерді түсініп, үлгі-өнеге алуға, білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: интеллектуалды дамытпалы ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көркем сөз, топпен жұмыс.
Сабақтың барыс:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Қазылар алқасын сайлау.
3. Ойынның шартымен таныстыру.
Кіріспе сөз: Сендер 2030 жылы неше жаста боласыңдар? Ендеше, сендер болашаққа бүгінде өз үлестерінді қосып, еңбек еткелі отырсыңдар. Сол еңбектерін- осы уақытқа дейін пәндер бойынша алған білімдерін мақал-мәтелдермен, шешендік тілмен, ұшқыр ойларын арқылы, өрнектеп ортаға саласыңдар.
Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Білгеніңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.
Ойынымызды бастаймыз.
1. Топтармен таныстыру. Қыздар «Қызғалдақ» тобы,
Ұраны: Қыз өссе - елдің көркі,
Гүл өссе-жердің көркі.
2. Ұлдар тобы «Ұландар» тобы
Ұраны: Талапты ерге нұр жауар.
- Интеллектуалды ойын- сабақ 5 айналымнан тұрады.
І. Келесі-келесі
ІІ. Қалаймақан
ІІІ. Жарнама.
ІV. Анықтама бюросы.
V. Мәре.
І айналым. Білсе 10 ұпай, білмесе келесі сұраққа көшу.
«Қызғалдақ» тобы.
1. Зат есімнің сұрақтары?
2. Жұрнақ деген не?
3. Тақырып деген не?
4. Қос сөздің жасалу жолы?
5. Әдемі, сұлу, келбетті қандай сөздер?
6. Зат есім тәуелденуі деген не?
7. Дауысты дыбыс неше түрге бөлінеді?
«Ұландар» тобы.
1. Сын есімнің сұрақтары?
2. Жалаудың қызметі қандай?
3. Мәтіннің неше бөлігі бар?
4. Қыстырма сөз деген не?
5. Арық-семіз, үлкен-кіші қандай сөздер?
6. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
7. Зат есімнің жіктелуі деген не?
ІІ айналым .
Өз топтары туралы жарнама жасау.
ІІІ айналым.
1. «Ине» сөзіне мақал құрастыру.
2. Осы сөзді септеу. «Қызғалдақ» тобы
1. «Тіл» сөзіне мақал құрастыру.
2. Осы сөзді септеу. «Ұландар» тобы
ІV айналым.
Сурет бойынша шығарманы анықтау, мазмұндау.
V айналым.
Мәреге екі топтың басшылары шығады. Әдеби шығармашылық диктант. Мұғалім мәтінді оқиды. Оқушылар өз түсінгенің суретпен көрсетеді, тақырып қояды.
Көктем.
Сәске түс еді. Жердің буы аспанға ұшып жатыр. Даланың күнгейі көгеріп келеді. Сексеуіл, жыңғыл бұталары да жасыл тартқан. Ауыл айналысындағы ұсақ талдың шашағы желкілдеп көктей бастаған. Анда-санда өткінші жаңбыр төгіп өтеді. Соның артынша аспан шайдай ашылады. Қызыл-жасыл кемпірқосақ орақша иіліп, сәнденіп тұр. Күншуақ бетті сағалап, құмырсқалар өріп жүр.
Қорыту: қазылар алқасы әділ бағаларын айтыпғ жеңімпаз топты анықтау, марапаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.