.
.
ӘЛІППЕ Б дыбысы және оның әрпі.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1869 | Размер: | Автор: Нартай4540Бақытқайша Сарсенғалиқызы Байболысова
Талдықорған қаласы Өтенай ауылы
Мектепке дейінгі шағын орталығы бар
№21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы және оның әрпі.
Сабақтың мақсаты: Б дыбысымен таныстыру, сюжетті сурет бойынша әңгіме құрату. Б дыбысына байланысты сөздер айтып, талдау.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әліппе, текшелер, сюжетті сурет – бидай, бақа, балық, балапан, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
б) Сергіту сәті
в) Дыбыстық талдау
г) Әліппемен жұмыс
д) Қол жаттықтыру жұмысы
е) Бекіту сұрағы
ж) Қорытынды
Жаңа сабақ:
Суретке қарап әңгіме құрау. Балалар колхозға көмекке барды. (Біз де ойымызша колхозға саяхатқа барайық). Колхоз да комбайн бидай орып жүр. Бидай қасиетті астық. Бүгін біз жаңа «б» дыбысымен танысамыз. Б дыбысы еркін айтылмайды, ерінге ерін тиіп дыбыс қысылып айтылады. Сондықтан Б дыбысы – дауыссыз дыбыс. Көк текшемен белгілейміз. Бидай сөзін буынға бөлеміз. Би-дай. Екі буыннан тұрады. Нан туралы тақпақ.
Нан қоқымын шашпаңдар Қасиетті алтын нан
Жерде жатса баспаңдар Қадірлі ғой алтыннан
Теріп алып қастерлеп Қадіріне жетер кім?
Торғайларға тастаңдар. Нанды жерден көтерген.
Егіс алқабының бір бөлігінде балалар дем алады.
Сергіту сәті.
Қуыршақ, қуыршақ қуыршақ, Сүйріктей сүйкімді құлағы,
Қоңырау дауысты құлыншақ. Тырнақтай кішкене тұяғы.
Қарашы жүгенін, тізгінін, Үстінде ертоқым, қос айыл,
Өзінің бойына бәрі шақ. Жас Болат көз алмай тұр әлі.
Егіс алқабының бір шетінде көл бар екен. Көлде не болуы мүмкін?
- Бақа болады (Бақа суретін ілу). Суретті үлгі бойынша бақа сөзіне дыбыстық талдау жасау. Тор көздерді санатып талданған сөздерде неше дыбыс бар екенін анықтауға үйрету. Төрт тор көзді жалауша пайдалану керек. Кеспе әліппемен БАҚА сөздерін жаздыру.
Ойын: Сөз ойла, тез ойла. Үш қатарды жарыстырып б дыбысына сөз ойлату. Қай қатар жақсы жауап берсе ауыспалы жалаушаны табыс ету.
Мысалы: бақ, бақша, балға, балта, Бота, Болат, бала, баба, бата.
1) Бала баққа барды. Балалар бауға барды. Бізге бата берді.
Тақпақ. - Бақа, бақа, балпақ - Бақа, бақа, балпақ
Басың неге жалпақ Бұтың неге талтақ
- Темір телпек көп киіп Су бетінде көп жүзіп
Басым содан жалпақ Бұтым содан талтақ.
- Көлде тағы не болуы мүмкін?
- Балық болады. Ендеше көлден балық аулайық.
- Неше балық бар?
- Сегіз балық. Балықтың сыртындағы сөздерді буынға бөліп оқу.
Оқулықпен жұмыс.
Ба-ла ба-та бор Бо-та
Ба-ба бо-та бал Бо-лат
Қол жаттықтыру жұмысы: Ауа мен жазу. Дәптер жазу Б б әрпі.
Бекіту сұрағы: а, т, п, н, ғ, р, л, у, ш, й, о, қ, д, м, б дыбыстарын сурет арқылы көрсетіп қызыл-көк текшемен белгілету. Өтілген дыбыстарды қайталау мақсатында баспа әріптермен жазылу түрін ажырату үшін үлестірмелі карточка таратылады. Карточканы көрсетіп түсіндіру. Бақа суреті шығу керек.
Қорытынды: Үш қатардың жауабын ескеріп Отанмыздың ұл-қызы болып өсіңдер, жақсы оқыңдар деп, ауыспалы туды табыс ету.
Ән
Қазақстан – менің Отаным
Асыл өлкем ерекше,
Қазақстан – мекенім!
Беп-белгілі емес пе,
Сенің ғажап екенің!
Биік болсын шоқтығын,
Атауды айтам ән қылып.
Желбірейді көк туың –
Төбемізде мәңгілік!
Балалар, енді аулаға шығып қандай дыбыстар бар екенін бақылайық.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.