Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бәйшешек, жауқазын, заттың атын білдіретін сөздер. -

Бәйшешек, жауқазын, заттың атын білдіретін сөздер.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1959 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сауат ашу 1 класс
Сабақтың тақырыбы: Бәйшешек, жауқазын, заттың атын білдіретін сөздер.
Сабақтың мақсаты: Заттың атын білдіретін сөздер туралы алған
білімдерін пысықтау, толықтыру,
кеңейту.Өлеңдердің идеялық мазмұнын ашу. Мәнерлеп
оқу машықтарын жетілдіру.
Сабақтың міндеттері: 1 Білімділік:
Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап
беретін сөздерді сөйлем ішінен тауып, сұрақ
қоюға үйрету.
2. Дамытушылық:
Тапсырмаларды орындау арқылы есте
Сақтау және сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
Оқушылардың сөздік қорын, байланыстырып
сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Сауатты көркем
жазуға баулу.
3 Тәрбиелік:
Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа
шығармашылыққа тәрбиелеу. Табиғатқа деген
сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті суреттер, плакат, оқулық.
Сабақтың типі: Оқушылардың білім, іслерлік дағдыларын бекіту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдістері: Үлестірмелі көрнекілік, сұрақ – жауап, ізденушілік.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, дүниетану,музыка.
1Ұйымдастыру кезеңі
2 Ой қозғау сұрақтары
3 Жаңа сабақ
4Кіріспе
5 Ережені шығарып алу
6 Суретпен жұмыс
7Оқулықпен жұмыс ( жаттығу)
8 Көркем жазу
9 Дәптермен жұмыс(жаттығу)
10 Ұжымдық жұмыс
11 Сергіту сәті
12 Көктем тақырыбына әңгіме
13 Мәтінмен жұмыс
14 Сөздік жұмысы
15 Шығармашылық жұмыс
16 Ой толғаныс
17 Бағалау
18 Үйге тапсырма
Сабақтың барысы: І Қызығушылығын ояту
- Оқушылар, еңбек етсең бәрін де жеңуге болады.
Сондықтан бүгінгі сабақта белсене қатысып, бәрін де жеңіп алайық.
2 Ой қозқау:
Ойын «Туған күн»
Айдана 1 – сыныпта оқиды. Бүгін оның туған куні. Анасы дәмділеп дастархан жасады. Айдана құттықтауға әжесі, атасы, ағасы, апасы, тәтесі, көкесі және інісі мен сіңілісі келді. Туған күн көңілді тойланды. Ертеңіне сабаққа барды. Оны апайы мен достары құттықтады. Айдана бәріне рахмет айтты.
- Балалар адамға қатысты сөздерді атаңдаршы:
- Әжесі, атаас, ағасы, апасы, тәтесі, көкесі, інісі, сіңілісі, апайы, достары.
- Осы сөздерге сұрақ қойып көріңдерші.
- Кім?
3 - Суретпен жұмыс ( мамандық иелері) Оқушыларға мамандықтар жайында сөйлетіп тақтаға жаздыру: мұғалім, дәрігер, сатушы, жүргізуші, тігінші, тоқымасы.
Тақтадағы сөздерді хормен оқыту.
- Сұрақ қояық.
- Кім?
- Дәрігерлер, мұғалімдер, тігіншілер, тоқымашылар деген сөздерге қандай сұрақ қоямыз.
- Кімдер?
2 «Орман қожайындары» ойыны
Тақтаға плакат ілінеді.
- Біз тұратын қаламыздың маңында орман жоқ – деп қынжылды. Гауһар.
Оның сөзін құрбылары да қоштады. Бәрі қосылып қиялдап кетті.
Сһз кезегі Азаматқа тиді.
- Келіңдер бәріміз ағаштар егейік, деді ол күлімдеп.
- Енді орманға аңдар әкелейік:
Аю, түлкі, қоян, қасқыр, жолбарыс т.б. Орманда құстар да болады ғой.
Қарға, сауысқан, қарлығаш, бұлбұл тоқылдақ т.б. Енді өзміздің орманымыз болады.
- Ал балалар, аңдардың, құстардың аттарын тағы бір рет оқиықшы. Сұрақ қойыңдар.
- Не?
- аюлар, түлкілер, қасқырлар, тиіндер, қарғалар, бұлбұлдар, деген сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
- Нелер?
- Бәріне ортақ сұрақ?
- Осы ойындарымызға қарай отырып, ереже қорытып шығарып көрейікші. ( 1 – 2 – 3 тыңдап толықтыру ).
Ережені айтқызу.
Ереже: адамға қатысты сөздерге Кім? Кімдер? сұратары қойылады, жануарлар мен қустарға, заттарға Не? Нелер? сұрақтары қойылады.
5 – Дәптермен жұмыс
а) көркем жазу.
ә) жаттығу орындау (жазбаша)
6 Сергіту сәті.
Ауламыздағы гүлдің,
Иісі әдемі бір түрлі
Суардым мен күн сайын,
Құлпырды ол күн сайын.
-Біздің даламызға жылдың қай мезгілі келді?
-Оқушылар жауабы (біздің даламызға көктем мезгілі келді)
-Көктемнің алғашқы хабаршысы қай құс?
-Оқушылар жауабы (Ұзақ құсы)
-Ал, гүлдердің арасында да алғашқы хабаршысы болады екен, олар: бәйшешек пен жауқазын.
-Сурет арқылы бәйшешекке сипаттама буру.
Бәйшешек – қызғалдақ туысына жатады, көп жылдық өсімдік. Сәуір- мамыр айларында гүлдейді.Қазақстанда Сарыарқада, Торғай, Тобыл – Есіл аймағында біздің обылысымызда Мұғалжарда кездеседі.
Жауқазын – көп жылдық шөптесін өсімдік. Жауқазын гүлдері ірі, пішіні қоңырау тәрізді. Қазақстанның далалық беткейлері мен тау етектерінде өседі.
7. Мәтінмен жұмыс.
а) Өлеңді оқу
ә) Оқушылардың оқуы ( іштей , тізбектей )
б) Өлең қандай көңіл күйде жазылған?
в) Сөздік жұмысы.
Ызғар – салқын
Дүркіреп – көбейіп, қырлар – жер, төбелі.
- Ой толғаныс
- Балалар, гүлдер сөзіне қандай әдемі сөздер қосып айтуға болады? ( Әдемі, тамаша, хош иісті, нәзік түс )
- Қандай әдемі гүлдердің атын білесіңдер?
8. Шығармашылық жұмыс:
- Көктемнің алғашқы мерекесі қандай?
- 8 - наурыз аналар мейрамы.
- Анамызға сыйлық реттінде әдемі гүлдер салу.
Кімнің гүлі тамаша болар екен?
9. Бағалау: Әр түрлері гүлдер арқылы бағалау.
10. Үйге тапсырма беру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.