Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бүлдірген тере барғанда -

Бүлдірген тере барғанда

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2117 | Размер: | Автор: balaseri
. Сабақтың тақырыбы: Бүлдірген тере барғанда

Сабақтың мақсаты: Мәтінді оқып, таныстыру; Идиясын ашу;
Жылқы малының ерекшелігі, күтімі жайында
әңгімелеу; Таным белсенділіктерін арттыру;
Төрт түлік малға қамқорлық жасауға, мейірімді
болуға тәрбиелеу; Оқушылардың өз ойларын
еркін, ашық жеткізе білуге үйрету;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, дәлелдеу

Сабақтың көрнекілігі: автор портреті,бүлдірген, жазғы табиғат, жылқы
суреттері бейнеленген слайдтар
Пән аралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа психологиялық дайындық.
-Балалар,алақандарыңды бірінің үстіне қояйық. Не сездік, не білінді?
-Жылылық сездік.
-Ендеше, тіршілік атаулыда адамзат баласына жылылық беретін не?
- Ол- Күн.
-Олай болса, дәпреріміздің шетіне күн бейнесін салайық.
Осы күн бейнесі әрқайсымызға бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеп, нұрын шашып, шуағын төгіп, жылылық қарым-қатынас сыйласын деп, сабағымызды бастайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Ә.Тәжібаевтың «Жарық түнде жайлауда» өлеңін мәнерлеп оқу.
2. Өлеңде жайлауда қандай көріністер суреттелген?
Жазық дала, жарық түн. Алтыбақан теуіп, ән айтып, ойын ойнап жүрген жастар.Күйсеп жатқан қойлар, жусап жатқан жылқылар. Ән мен жырды жандарына серік қып, тынығып жатқан қозы-лақтар.
Жайлау суреті бейнеленген слайд.
3. Өлеңде қай мезгіл суреттелген?
-Жазда тағы қандай қызықты істердің куәсі боламыз?
Жазда..... (сөйлемді аяқтау)
-Табиғат аясына шығып демаламыз, балық аулаймыз, суға түсеміз, күнге қыздырынамыз, ауылға ата-әжелерімізге барып құлын-тайға мінеміз, орманға барып жидек тереміз.
III. Жаңа сабақ.
-Олай болса, бүгінгі сабағымызда бір топ балалардың бүлдірген теруге барғандағы қызықты сәттері туралы оқып –танысамыз.
Бүлдірген тере барғанда
Мұхтар Әуезов
1. Ой қозғау.
-Бүлдірген туралы не білеміз?
Ол не, қайда өседі? Түсі қандай болады? тб.
Бүлдірген туралы қысқаша мәлімет (слайд)
2. Автор туралы түсінік.
Мұхтар Әуезов кім? Мұхтар Әуезов туралы не білеміз? Балаларға арналған қандай шығармаларын білеміз?
М.Әуезов туралы қысқаша мәлімет (слайд)
3. Әңгімені бөлікке бөліп оқып, талдау, мағынасын ашу.
I бөлімді оқу.
Сұрақтарға жауап алу.
-Балалар бүлдіргеннің көп өсетін жерін кімнен естіді?
-Балалар бүлдірген теруге қалай әзірленді?
II бөлімді оқу
Сұрақтарға жауап алу.
-Оспан неге балаларға ілеспей артта қалды?
-Ақ тайды автор қалай суреттейді?
-Ақ тайды Масақбай биеші қалай үйретті?
Оспанның тайға қолданған әдіс-тәсілдері қандай?
III бөлімді оқу
Сұрақтарға жауап алу.
-Балалардың бүлдіргенге деген қызығушылығы қалай болды?
Балалардың құлағына естілген үнді автор неге теңейді?
-Шығармадағы негізгі ой неде?
Жылқы ер қанаты. Жылқы тек көлік қана емес, ол- адамның жан серігі.
4. Сергіту сәті
5. Мәтін бойынша жұмыс.
а) Сөздік жұмысы
қысырдың тайы- екі жыл емген тай
арда емді- биыл да енесін емін еркін емді
қан сорпа- сілесі біткен, қажыған, шаршаған
бас сауым-бірінші сауым
желі басы-биені сауарда байлайтын орын
екінтіге қарай жақындап- кеш болды
мойыта алмау- тауыса алмау
жылқының жоны- жылқының арқасы

б) Кейіпкерлерге мінездеме беру.
Оспан-қайсар, бір беткей.
Абай- салмақты, сабырлы, ақылды.
Тәкежан - өзге балалардан жасы үлкен, ақылды.
Масақбай- атақты биеші, жылқы малының тілін білетін адам.

в) Мәтіндегі кездескен жер-су атаулары:
Жәнібек, Бақанас, Шыңғыс.

г) Мәтінді бөлікке бөлу, бөлімге ат қою
I бөлім. Бүлдірген теруге дайындық.
II бөлім Асау, ақ тай.
III бөлім Дүрілдеген қалың үн

д) Мәтінді оқу (тізбектей, тауып)

6. Жылқы малының жасына қарай атаулары:
Туғаннан алты айға дейін- құлын,
6 айдан кейін- жабағы,
1 жасқа келгенде- тай
2 жастан асқанын- құнан
3 жастан асқанын- дөнен
Одан кейінгі- бесті, еркігін – айғыр, ұрғашысын- бие дейді.
IV. Бекіту.
Әңгіменің әр бөліміндегі көріністі көз алдымызға елестете отырып, көңіл күйіміз де ауытқып отырды. Енді оқиға желісіне байланысты көңіл күй диаграммасын жасап көрейік.

V. Рефлексия
-Әрқайсымыз бүгінгі сабағымызға жылу сыйлаған, сәттілік тілеген күн бейнесіне бүгінгі сабақта қандай жетістікке жеттің, қандай мағлұмат алдың сол туралы қысқаша жазып шығайық
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.