.
.
Сабақтың тақырыбы: Бөлуді тексеру Бөлуді тексеру
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1542 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаттары:
1)Білімділігі: Бөлу мен көбейтудің өзара кері амал екендігін бекіту;бөлуді көбейту мен тексеруге үйрету ; есеп шығару арқылы білімдерін тереңдету.
2) Дамытушылық:
Логикалық ойлауын, ойы мен тілін дамыту.
3)Тәрбиелік: Еңбекті сүюге тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:Ойын, жұппен жұмыс, проблемалық ахуал,сұ-
рақ-жауап ;
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту;
Сабақ көрнектілігі: Интерактивті тақта,ауызша есептеуге тапсырмалар,слайд.
1. Ұйымдастыру кезеңі .
Сабаққа дайындықтарын тексеру.Проблемалық ахуал – сабақ бойы қазына іздейміз
1)Ауызша есептер шығаруға дайындық.
Бүгінгі сабақта не істейтіндеріңізді білгілерің келсе слайдтағы әріпті өрнектерге байланысты ережелерді айтыңдар:
Әр өрнекті оқығанда мына сөздерн шығады:
Бүгінгі сабақта есептейміз , есептердің шешуін табамыз, ойланамыз, жаңа
блім аламыз.
2) Жұппен жұмыс: 1-оқушы тексеруші,2-оқушы орындаушы
Тексеруші бағалайды:дұрыс, кателерін анықтайды.
Карточкада көбейту , бөлуге тапсырмалар берілген.
1-карточка
Тексеруші оқушыда Орындаушы оқушыда
5×2(10) 5×2
4:2(2) 4:2
6×3(18) 6×3
4×5(20) 4×5
24:3(8) 24:3
6×0(0) 6×0
2×9(18) 2×9
12:2(6) 12:2
20:4(5) 20:4
3×9(27) 3×9
Осындай тапсырмалар бірнеше нұсқада беріледі.Тексеруші қатесін анықтап ,бағалайды.
3)Интерактивті тақтада ұзындық, масса , уақыт бірліктеріне тапсырмалар.
Тек қана жауаптарын айтындар:
1м-40см 1т-1ц
1км-320м 1кг-500г
1ц-66кг 95мин-1сағ
1км-650м 1апта+2тәул.
2тәул.-24сағ 1м+10дм
3м80см+20см
1сағ30мин+30мин
Ауызша есептерді жақсы орындадыңдар, сабақты жалғастырайық интерактивті тақтаны «Қола қақпа»жауып тұр.
- Оны ашу үшін « Миға шабуыл» жасайық
- Бөлу, көбейтудің компоненттерін атаңдар
- Белгісіз көбейткішті табу ережелерін айт
- Белгісіз бөлінгіш,бөлгіштерді табу ережелерін айт
Тақта ашылады. Сабақтың тақырыбы:Бөлуді тексеру
Мақсаты: бөлу көбейтумен тексеріледі
1)Схемамен жұмыс :
:3
3×
12:3=4
4×3=12
Ереже: Бөлуді көбейту арқылы тексеруге болады
2)Оқулықпен жұмыс1,2 тапсырмаларды орындау
Өткенді пысықтау
Алдымызда «Күміс қақпа» оған кіру үшін ауызша есептер шығарайық.
1.
Автобус билеті 50 теңге тұрады, 4 билет ше?
2.
Өшіргіш 20 теңге тұрады,3 өшіргіш неше тг тұрады?
3.
Балалар пияз казды,оның төрттен бір бөлігі 6кг, барлығы канша кг пияз?
4.
Тігінші 6м матаның үштен бір бөлігін қиып алды,неше метр жіп киып алды?
Қақпа ашылды. Оқулықтағы №4,5 ,6 тапсырмаларды орындау
№4-есеп
Жіберді-25кг 35кг
Қалдырды-?,20кг кем
Қалды-?
Шешуі: Бірнеше тәсілмен шығарылады.
35-(25-20+25)=5кг
1)25-20=5кг
2)35-(25+5) =5кг
Жауабы: 5кг қант қалды
№5- есеп
Айжан- 63н және 24к
Раушан - ?,сонша ?
Шешуі: (63+24)+(63+24)=174(г)
Жауабы: барлығы 174 гүл
Өрнектердің мәнің табу:
№6
Тақтада 2-оқушы орындайды.
(690+180)-(920-390)=340
(746-582)+(528-356)=336
Басқа оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.
Геометриялық тапсырмаларды орындау үшін «Алтын қақпа »
ашылады.Слайдта тапсырмалар берілген. Оқулықтағы№7 орындау
Берілді:шаршы Берілді: Тіктөртбұрыш
Қабырғасы-3см Ені-шаршы қабырғасына тең
P-? Ұзындығы-?,енінен 4см артық
3см×4=12см P-?
(3см+3см+4см) ×2=20см
Сабақты қорытындылау:Қола , Күміс , Алтын қақпалардан өттік қазынаға жеттік Слайд:« Білім -алтын қазына».
Бағалау.
ШҚО,Жарма ауданы,Қалбатау ауылы,Георгиевка орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі ҚайыбековаН.Қ.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.