.
.
Ы.Алтынсарин атындығы Б.Майлин. Күлпаш
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2280 | Размер: | Автор: Нартай4540«№19 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ
Сын тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша
әдебиет пәнінен өткізілген ашық сабақ
Тақырыбы:
Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі
Рымбекова Г.Ж.
Сәтбаев қаласы
2013 – 2014 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Б.Майлин. Күлпаш
Сабақтың мақсаты: Б.Майлин туралы түсінік беру, «Күлпаш» әңгімесін талдап, шығарманың идеясын ашу.
Сабақтың міндеттері:
1. Оқыған әңгіме туралы өз пікірін, ойын айтып, оны дәлелдеуге, эмоционалдық қарым-қатынасын көрсете білуге үйрету.
2. Оқу және оқырмандық дағдыларын қалыптастыру.
3. Өткен өмірді, тарихты білу, елінің азаматтарын қадірлеуге, оларды құрметтеуге, еліне, жеріне, халқына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, сұрақ – жауап, талдау, топпен жұмыс, әңгімелеу, ой толғаныс.
Сабақтың түрі: дәстүрлі, жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақты, слайд, Б.Майлин портреті, жазба қағаздар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) топқа бөлу
ә) ой ашар
І. Қызығушылықты ояту
«Бұл кім? Ол не?» ойыны
Суреттер: Бөгенбай батыр, Абылай хан. Бұқар жырау
Сөздер: жасақ, ақылгөй, Бөгенбай мен Қабанбай заманындағы жырау, Бөгенбай мен Қабанбай заманындағы хан.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
З.Шашкиннің «Азаттық жолында»
1 – 2 оқушыдан мазмұнын сұрау.
Үй тапсырмасын “Бәйге”ойыны арқылы пысықтау
Сұрақтар:
1. Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам? (60)
2. Түрмеде оған қандай айып тағылды? (50)
3. Тоқашқа жолығуға кім келді? (10)
4. Мәтіннен Тоқаштың анасына айтқан сөзін тауып оқы? (20)
5. Айыптаудың қорытындысы не болды? (40)
6. Тоқашты кіммен тығыз байланыстаболды деді? (30)
7. Түрмеге анасымен бірге кім келді? (10)
8. Тоқаш айыптау қорытындысымен неше күннен кейін танысты? (30)
9. Зарлы дауыс кімнің даусы? (20)
4. Жаңа сабақ
а/ Кіріспе әңгіме.
- Балалар, мына кісіні танимыз ба? (Бейімбет Майлин)
- Ендеше, біз бүгін Б.Майлиннің «Күлпаш» мәтінін оқимыз. Алдымен автормен танысып алайық.
ІІ. Мағынаны тану
- Балалар, қазір біз «Күлпаш» жайлы мәтін оқимыз. Бұл мәтін 1930 – 1932 жылдары Қазақстан халқының саны 6 миллионнан асқан болса, соның 2 миллионнан астамы аштықтан қырылды. Сондықтанда мәтінмен таныспас үшін «Ашаршылық» туралы ойлаймыз. Талқылау үшін өзіңізге жұп таңдап аламыз. Сонан соң 5 минут ішінде жұптарыңмен ашаршылық туралы не білетіндерін туралы тізім жасайсыңдар. Көбірек жазғандарың маңызды. (Олардың ойларын қағазға түсіремін)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар ашаршылық деген жоқшылық, сол замандағы адамдардың күн көріс деңгейлерінің өте төмен болуы. Өлместің күнің кешуі.
- Жақсы енді сендер мәтіннің қалай өрбитінін білгілерің келеді ме? Олай болса оқулығымызды ашып, мәтінді толық оқимыз.
Оқу барысында сендерге мынадай тапсырмалар жүктеледі.
ә) Сергіту сәті
Жаттығу жасату
б) Оқулықпен жұмыс.
1. Егер оқу барысында мағынасы түсініксіз сөздер кездескен болса, сол сөздердің астын сызып отырамыз.
2. Сөздік жұмыс
Өрім – өрім – тозған, жыртылған
Бөкебай – басқа жамылатын шәлі
Ызғырық – суық жел
Өлмелі кедей – өте кедей
3. Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту
4. Ой толғау.
Тапсырмалармен жұмыс
- Мәтін кейіпкерлері?
- Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді?
- «Бәрі де шықпа, жаным, шықпа» деп отырған секілді қалай түсінесің?
- Мақтым мен Күлпаш неге жылады?
- Олардың тұрмыс жағдайы саған қалай әсер етті?
5. Оқулықтағы суретпен жұмыс
- Суретте ел басынан өткен қай кезең бейнеленген деп ойлайсың?
- Мәтіндегі қарамен ерекшеленген сөздерді пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құру.
ІІІ. Ой толғаныс.
6. Дәптермен жұмыс
Топпен жұмыс
Бұл тапсырма дәптерде орындалады. 3 топқа тапсырма беріледі. Топ мүшелері ақылдаса отырып, тапсырманы орындайды.
1-топ.
Сен қандай заманда өсіп келесің?
2 -топ.
Мықтымның отбасын асырауына не кедергі болды?
3 -топ
Мақтым, Күлпаш, Қалидің көрген азабы туралы әңгімелеңдер.
7. «Галереяға саяхат» әр топ салған суреттерін қорғайды.
8. Қорытынды
Венн диаграммасы
Қали өмір сүрген заман Қазіргі бейбіт заман қазақ елі, жері
9. Үйге тапсырма
Мәнерлеп оқу. Бөлімдерге ат қою
10. Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.