.
.
Ана тілі Б.Майлин. «Күлпаш»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1796 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы : Б.Майлин. «Күлпаш»
Сабақтың мақсаты : 1.Білімділік :Мәтін мазмұнымен таныстыра отырып, оқушыны жүйелі сөйлеуге, өз ойын жеткізе білуге баулу.
Мәтіндегі түсініксіз сөздердің мағынасын ашу.
2. Дамытушылық : Оқушылардың логикалық ойлауын,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорын байыту.
3. Тәрбиелік :Шыдамды,төзімді болуға,өз елін,Отанын жерін танып,сүюге тәрбиелеу.
Сабақ түрі : Дәстүрлі сабақ.
Әдісі : ой қозғау,әңгімелеу, Венн диаграммасы, топпен жұмыс,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі : Б.Майлиннің суреті,сөзжұмбақ,тақырыптық суреттер,интерактивті тақта, сигнал таяқшалар.
Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру бөлімі.Қызығушылықтарын ояту. (1-слайд.)
Қайырлы күн, қонақтар,
Қайырлы күн ,балалар.
Бейсенбі күн сәттілікке толсын.
Бүгінгі ашық сабақта,
Менің балаларымның бағасы,
Кілең бестік болсын !-деп бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Уй тапсырмасын сұрау.
Мәтін мазмұны( әр бөлікті бір оқушыдан сұрау )
(2-слайд)
Сұрақтар беру арқылы пысықтау :
1. Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам ?
2. Түрмеде оған қандай айып тағылды ?
3. Тоқаштың анасының есімі кім ?
4. Ол анасымен не жайында сөйлесті ?
5. Мәтіннен Тоқаш пен анасы арасындағыболған әңгімені тауып оқы.
-Балалар ,осы оқып отырған тарау қалай аталады ? (Ата –бабам тарихы-менің тарихым)
-Кімдер туралы таныстық ?
-Олар не үшін күресті ?
-Сол кездегі халықтың тұрмысы қандай еді ?
ІІІ. Жаңа білімді игеру.
(3-слайд ) Сөзжұмбақ
1. Патша үкіметінің әмірін мойындағысы келмеген хан ?(Кенесары)
2. Кемедей кешіп комбайн,
Алтын дария егінді –деген өлең жолдары жылдың қай мезгілін суреттеп тұр ? (күз)
3. Езілген қазақ елінің,
Бағы үшін туған ер.
Қалың қазақ елінің
Кегін қанмен жуған ер. Ол кім ? (Амангелді.)
4. Суық жерде кездесетін қандай құс ? (пингвин )
5. Бұқар жыраудың «Жау тигенде жарағым,
Алыстан асып,дау келсе,
Түрулі тұрған құлағым»дейтін жыр жолдары кімге арналған? (Қабанбай )
6. «Бостандық таңы атты» деген өлеңнің авторы кім ?
(Шәкәрім )
К Е Н Е С А Р Ы
К Ү З
А М А Н Г Е Л Д І
П И Н Г В И Н
Қ А Б А Н Б А Й
Ш Ә К Ә Р І М
Біз бүгін Бейімбет Майлиннің «Күлпаш» деген әңгімесімен танысамыз.
(4-слайд)
Бейімбет Майлин –қазіргі Қостанай облысының Таран ауданында туған.Бір жасқа толмай жатып әкесінен,алтыға шығарда анасынан айрылған.1911-1915 ж. Уфадағы «Ғалия »медресесінде оқып білім алған.Бейімбет -әңгіме жанрының шебері,әрі ақын.»Садақ»қолжазба журналының белсенді авторы. «Шұғаның белгісі» , «Раушан –коммунист» деген шығармалары бар.
Бұл әңгімеде кедей отбасының ауыр тұрмысы сөз етіледі.Әңгімедегі негізгі кейіпкер- Күлпаш.
(5-слайд ) «Біліп жүр.»
1930-1932 жылдары Қазақстан халқының саны алты милионнан асқан болса,соның екі миллионнан астамы аштықтан қырылды.
( 6-слайд) Мәтін суреті
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқып беру.
Балалар, ел басынан өткен бұл әңгімедегі оқиға қай кезеңде болған
-Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді ?
-Бәрі де шықпа жаным,шықпа деп отырған секілді ? дегенді қалай түсінесіңдер ?
-Мақтым мен Күлпаш неге жылады ? Олардың тұрмыс жағдайы сендерге қалай әсер етті ?
(7-слайд )Сөздік жұмысы
Өрім-өрім –тозған,жыртылған.
Бөкебай-басқа жамылатын шәлі.
Ызғырық –суық жел
Өлмелі кедей -өте кедей.
ІУ.Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқыту.
У. Топтық тапсырма 8-слайд.
1-топ. Қали мен қазіргі балалардың өмірін салыстыру.
Венн диаграммасы.
Қали Қазіргі бала
2-топ. Байлық.Кедейлік.Мұқтаждық. Мақал-мәтел ойлап айту.
3-топ. Мәтіннен Күлпаштың сыртқы кескін-келбеті суреттелген тұсты тауып оқу.
УІ. 9-слайд. Тест тапсырмалары. Сигнал таяқшаларын көтеру арқылы өтіледі.
1. «.....-өшпес жарық,кетпес байлық»
Байлық
Даналық
Өнер
2. «Бүгіннен бастап сен де менің шәкіртімсің» деген кім ?
Мүсілім
Бекен
Ахметден
3. М.Гумеров. «Күмән» -«Сонымен,сынып терезесін сындырған кім ?»
Боранбай
Рахила
Дәуіт
4. «Талаптан да,білім мен өнер уйрен» деп өсиет қалдырған кім
Абай
Шәкәрім
Ыбырай
5. «Шегіртке мен құмырсқа»мысалын жазған кім ?
И.Бази
Р.Василек
И.Крылов
6. «Қарағым,жылыт,тамақ бер» деген ненің сөзі ?
Құмырсқаның
Шегірткенің
Баланың
7. Т.Жароков «Ауыл күзі» : Алма піскен ........
Қызарып
Уылжып
Албырап
8. Қай өлеңде туған жерді анаға теңейді ?
М.Мақатаев «Үш бақытым»
С.Сейфуллин «Туған ел»
Д.Әбілов «Туған тілім»
УІІ.Сабақты қорытындылау.
УІІІ. Уйге тапсырма: Әңгімені оқып,мазмұнын айту.
ІХ. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.