.
.
Қарағанды облысы Шет ауданы Б.Соқпақбаев. «Шынықсын денеміз»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4309 | Размер: | Автор: Нартай4540Ы.Алтынсарин атындағы
мектеп- гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Байкенова Мөлдір Болатқызы
Күні: 20.11.2014
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев. «Шынықсын денеміз»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға Б.Соқпақбаев туралы мағлұмат беру. Өлең мазмұнын түсініп, мәнерлеп оқуға жаттықтыру. Өз ойын жинақтай сөйлеуге үйрету.
Дамытушылық: Тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларға денс аулықты сақтауға және табиғатты сүюге, салауатты өмір салтын сақтай отырып спорт түрлерімен айналысуға үйрету.
Көрнекілігі: қыс келбеті, сызба, қысқы ойын түрлері
Әдісі: түсіндіру, іздену, шығармашылық жұмыс
Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру, дүниетану
Сабақтың барысы
Шаттық шеңбері
Оқушылар ортаға шығып шаттық шеңберін құрады. Өз тілектерін бір-бірлеріне айтады.
Топтастыру стратегиясы
Оқушылар спорт түрлеріне байланысты суреттерді таңдап, екі топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын тексеру.
• «Құлақ пен тымақ» өлеңін рөлге бөліп оқу.
• Құлақ гигиенасы туралы айту
• Тымақтың жасалуы, түрлері туралы баяндау.
• Қысқы киім түрлерін атау
-Балалар, қысқы киімдерді ауырмай, денсаулығымыз мықты болу үшін киеміз. Деніиі сау болу үшін тағы не істейміз?
«Ой шақыру » стратегиясы
Жұмбақ шешу.
Табаныма байладым, Зулап түсіп төменге
Қос таяқпен айдадым. Шықпас менсіз төбеге
Табанға тақтым,
Жалпаң қақтым,
Зырлап бақтым.
Бұл заттар бізге не үшін қажет?
Суретпен жұмыс
Аққала жасау шаңғы тебу
Қысқы ойын түрлері
хоккей
мәнерлеп сырғанау
шанамен ойнау
Жаңа сабақ
Б.Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазандаАлматы облысында дүниеге келген. Балаларға арналған көптеген әңгімелер жазған. Солардың бірі «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» , «Шынықсын денеміз».
Оқулықпен жұмыс
Оқушылар оқып, талдап, постер құрастырады.
Постерді қорғайды.
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
«Мен ұнататын спорт түрі» шағын әссе жазу
«Автордың орындығы» стратегиясы
Оқушылар өз эсселерін автордың орындығына отырып оқиды.
Сабақты бекіту
І топ Мақал-мәтел құрастыру
1. Шымыр, боласың, шынықсаң
2. Сау, дені, жаны, саудың
ІІ топ. Өлең құрастыру
Қар жауады
жүр шапалақтап
Балалар киеді
бетті сүйеді
Қорытынды .
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша не ұнады? Не ұнамады? сұрақтарына стикерлерге жауап жазып жабыстырады.
Үйге тапсырма
«Шынықсын денеміз» жаттау.
І топ. Қыс тақырыбына байланысты сурет салу
ІІ топ Спорт түрлеріне байланысты сурет салу.
Бағалау. Блов ағашы арқылы өздерін бағалайды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.