.
.
Әдебиеттік оқу 2 – сынып «Бұғы ана туралы аңыз»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3734 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: «Бұғы ана туралы аңыз»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтінің мазмұнымен таныстыру.
Сабақтың міндеттері: 1. Білімділік:
- Оқушыларға мәтіннің мазмұнын талдата
отырып, негізгі идеясын ұғындыру.
2. Дамытушылық:
- Әңгіме мазмұнына болжау жасау арқылы
сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік:
- Жалғыздықтан бездіру, анаға деген
сүйіспеншілікті арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Ш. Айтматов портреті, оқулықтағы тақырыпқа
байланысты салынған сурет.
Сабақтың әдісі: Әңгіме мазмұнына болжау жасау әдісі.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту.
- Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мына стол үстінде бірнеше дала жануарларының суреттері бар. Әр оқушы өзіне қалаған суреттерді алады.
( Бұғы, бұлан, марал )
Осы бойынша топқа бөліп отырғызу:
І – топ – бұғы, ІІ – топ – марал, ІІІ – топ – бұлан,
Ой қозғау
- Балалар, біз жақында 1 – мамыр мерекесін атап өттік.
- Ол қандай мереке? ( бейбітшілік, достық, ынтымақтастық күні ).
- Бейбітшілік белгісі қандай құс?
- Көгершін.
- Балалар, «Біздің тілегіміз – достық» деген жаңа тарау бастағалы отырмыз.
Мына суретке зер саоып қараңдаршы. Көгершін ұшып келеді. Арқасында қортыжы бар. Осы қоржын ішінде не барын білгілерің келе ме? Білгілерің келсе болжап көріңдерші.
Тамақ Кітап Киім
Дәптер
Сыйлық Ойыншық
Әңгіме Қалам
Өлең Қарындаш
Копьютер
- Қоржын ішінде, туысқан елдерден алып келе жатқан аңыз әңгіме бар екен. Ол аңыз Ш. Айтматовтың «Бұғы ана туралы» әңгімесі.
І. Мағынаны тану.
Автор жайлы мағлұмат беру.
Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов Талас өңірінде дүниеге келген. Қырғыз халқының аса көрнекті жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қырғыз Республикалық халық жазушысы, академик.
Ал, аңызды қырғыз тілінен қазақ тіліне аударған жазушы, аудармашы Қалтай Мұхамеджанов.
Неліктен «аңыз» деп аталған? «Аңыз» дегенді қалай түсінеміз.
Ал, аңызды қырғыз тілінен қазақ тіліне аударған жазушы, аудармашы Қ. Мұхамеджанов. Неліктен мәтін «аңыз» деп аталған?
«Аңыз» дегенді қалай түсінеміз?
Аңыз – ауыз әдебиетінің бір саласы. Аәыз белгілі бір адамның атына, іс – әрекетіне байланысты туады. Аңыз әңгіме өмірде болған адамдардың тағдырына байланысты туады. Аңыз әңгіме өмірде болған адамдардың тағдырына байланысты құралады.
- Тақтаға сурет ілінеді. (топпен жұмыс)
Енді осы суретке қарап отырып, бұғы жануары туралы не білеміз? мәтін не жайында әңгімеленеді, соған болжам жасайық.
I – топ. Пікірлесу. ( топтар өзара пікірлесіп, не ойлап отырғаны жөнінде айтады )
2 – топ.. Өз бетінше әңгіме құрастыру.
3 - топ. Оқыту кейбіреулерінің мазмұны сұралады;
Бұғы – суыққа төзімді. Күші көп. Олар орманды, таулы, далалы аймақтарда мекендейді.
Бұғының тамағы қына мен мүк өсімдіктері. Тұяқтары мықты. Бұғылар сақ, өте сезістал және жүйрік.
ІІІ. Мағына ажырату.
2. Мәтіннің І - інші бөлімінің 4 абзацын оқиды. ( қай жеріне дейін оқитыны ескертіледі ).
Әрі қарай не болады деп ойлайсыңдар?
Балалар не істейді, жаулар не істейді?
Балалар өз ойларын құрастырады. Әр топтан бір – бір әңгіме оқылады.
3. Мәтінді ІІ - інші бөлімге дейін оқыту ( өздеріне ).
Оқушылар оқыған соң, өздерінің құраған әңгімелері мен мәтіндегі оқиғаның ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын топтайды..
- Ал жануар қандай іс – әрекет жасапты? Екінші бөлімін оқытып, «осы сөзді айтуы мұң екен, жап – жақын жерден бір дауыс шықты» деген жерден тоқтатып.
Шыққан дауыс не дауыс, кімнің дауысы? Әрі қарай оқиға желісін баяндату.
- Кемпір балаларды суға итеріп жібере ме?
- Балалар суға ағып кете ме?
- Әлде, оларды құтқаратын күш келеді деп ойлайсыңдар ма?
Мәтінді әрі қарай оқыту.
Оқып болғаннан кейін.
- Шыққан дауыс не дауыс екен?
- Ақсақ кемпір не істеді?
- Балалар құтқарылды ма? Қалай құтқарылды?
Топта өз әңгімелерін талқылату. Әр топтан оқушыларды сөйлейту.
Жаулар туралы, бұғы ананың ойларын жаздыру.
1) Мәтіндегі сөздікпен жұмыс.
Мәтіндегі су аттарын жазғызу.
5. Аңыздағы Ақсақ кемпір мен бұғы ананың сөздерін рольге бөліп оқыту.
6. Тапсырмадағы мына сөздер мен тіркестерге ауызша сөйлем құратып жазу; жау шапты, қаралы күн, кең байтақ жер, киелі; кемеңгер әйел, мұң, қайғы.
7. Мәтін мазмұнын ретімен баяндату
1. Қайғылы күнгі оқиға.
2. Бала мен қыз.
3. Ханның бұйрығы.
4. Бұғы ананың көмегі.
IV. Үйге тапсырма:
а) Мәтінді сауатты оқу.
б) Бұғы анаға мінездеме беру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.