.
.
Cабақтың тақырыбы: Бағасы.Саны, Құны. Бағасы. Саны, Құны.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2092 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:1. бағасы, саны, құнын табуға берілген есептер туралы білімдерін қалыптастыру; осындай есептерді шығару тәсілдерімен таныстыру.
2.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Түрлі тапсырмалар орындату арқылы шығармашылық, іскерлік қабілеттерін, математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, білімпаз болуға, ақыл - ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2.Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру
тест
1. Қай мысалдарды көбейтумен алмастыруға болады?
A) 6+7+8.
2+12+22.
C) 5+5+5.
D) 11+21.
2. Сан қатарын жалғастыр. 0, 5, 10, 15, 20,...
A) 21, 22, 23, 24, 25.
25, 20, 15, 10.
C) 25, 35, 24, 34.
D) 25, 30, 35, 40, 45, 50
3.Егер көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсе, онда....... шығады.
A) Бөлінді.
Екінші көбейткіш.
C) Көбейтінді.
D) Бөлінгіш.
4,Кез келген санды 1 - ге көбейткенде................................ шығады..
A) Бір.
Нөл.
C) Сол санның өзі.
D) Келесі сан.
5. Нөлге........................ болмайды.
A) Қосуға.
Көбейтуге.
C) Бөлуге.
D) Азайтуға.
«Қақпаға доп соқ»-ойыны
3. Жаңа сабақ
Білімдерін белсендіру және оқу –іс әрекетіндегі қиындықтарды анықтау Презентациямен жұмыс
50 теңгеге не сатып алуға болады?
Бүгін дүкеннен зат сатып алуға байланысты есептер құрамыз және шығарамыз. Осыған сәйкес слайд қараймыз?
- Бір самсаның бағасы қандай?
- Неше самса сатып алынды?
Барлық сатып алынған зат үшін қанша ақша төлеу керек?
Содан кейін №1-4 тапсырмалардың материалдары түсіндіріледі. Оқушылар алдымен заттың бағасын, санын, құнын қалай табу керектігін өздері тұжырымдап, содан кейін оқулықтан қарағаны дұрыс.
Бекіту.
Алғашқы бекіту жұмысы үшін оқушылар мұғалімнің көмегіміен №5 тапсырманы орындайды. Содан соң жаңа сабақты қалай меңгергендерін тексеру мақсатында кесте толтыру жұмысын өздігінен орындауды тапсыруға болады.
Барлық жаттығу жұмыстарын орындап болғаннан кейін мұғалімнің жетекшілігімен №7 тапсырма орындалады, баға, сан, құн арасындағы байланыс анықталады.
5. Өткен тақырыппен жұмыс.
№7
Қабырғалары 5см 8мм және 3см 3мм тіктөртбұрыш сыз. Оның периметрін есепте.
6. Өздік жұмыс ретінде №6 тапсырма ұсынылады (тек көбейтуге өрнек жазу). №8 логикалық тапсырманы оқушылар өздері орындай алады.
7. Сабақты қорытындылау.
- Бүгінгі сабақтағы ең маңыздысы не болды?
- Не қызықты болды?
- Бүгінгі сабақта алған білімдеріңді қайда пайдаланасыңдар?
- Өздеріңнің жұмыстарыңа баға беріңдер. Үйге бөлуге өрнектер жазуға арналған № 6 жаттығу беріледі. Шығармашылық деңгей: тауарлар мен бағалар көрсетілген суреттер салу, сурет бойынша есептер құрастыру.
Қ=Б*С
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.