.
.
БАЛА СҰЛТАН-2015 «Бала сұлтан-2015»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2349 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты:Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттермен таныстыру.
Әр баланың бойындағы қабілеттерін, ойлау әр түрлі жағдайлардан шыға білу,өнерін көрсету, тапқырлық , сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:қанатты сөздер, шарлар, гүлдер
Сайысқа қатысатын: 2 «ә» сынып ұлдары.
Сайыс қонақтары:Ата-аналар, оқушылары,мектеп әкімшілігі, ұстаздар.
Сайыс барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі
(ұлттық музыка әуені ойналып тұрады.)
Мұғалім:Құрметті аналар, ұстаздар,оқушылар!Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйел-қыздар мерекесімен шын жүректен құттықтап,отбастарыңызға бақыт, татулық тілеймін.
Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Бала сұлтан» атты бойында өршіл рухы бар,парасатты жігіттеріміз сайысқа түспекші.
Сыныбымыздың қыздары жігіттерге сәттілік тілеп, аналарға арнаған мерекелік тілектерін қара сөздермен жеткізбекші.
Айман: Бәрі де, бір өзіңнен басталады.
Сен деп жаздым алғаш өлең,дастанымды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады.
Жанарыңнан көрдім алғаш дастанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым. (Қадыр Мырзалиев)
Айжан: Ана деген-асыл жандар болаттай,
Ана деген –мөлдір жандар бұлақтай -деп ақын жырлағандай ,әйел тек аяулы ана,нәзік қыз ғана емес,сонымен қатар белсенді қызметкер.
Ананың қоғам өміріндегі алатын орны ерекше.
Ана перзент тәрбиелеуші,
Ана-қызметкер,
Ана-ғалым.
Ана-ұстаз.
«Ат биеден туады, алып анадан туады»дейді халқымыз.
Жансая: Дүниедеи анасыз адам жоқ.Қаламы жүйрік жазушы да,данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен. Ана тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі,бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
Зарина: Елін, жерін сүйетін, ей, адамдар!
Алдымен ананы аялаңдар!Ана –алып бәйтерек. Бәйтеректің бауырына топтасып саялаңдар!
Құрметтесек –ананы құрметтейік дегендей , әрқашан аналарды шаттыққа бөлеп жүрейік.
Айида: Жоқты бар ,ашты тоқ ететін кім?
-Жоқты бар, ашты тоқ ететін-мейірімді әке.
-Жоқ, әке қанша мейірімді болғанмен ананың жөні бөлек.
-Жоқты бар , ашты тоқ ететін ол –ана.Анасыз бала ұйықтамайды.Ана –үйдегі бақ, әке-отырған тақ. Ана ақылды болса, үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы.
Ұлбосын: Үйдегі алтын қазық кім?
-Үйдегі алтын қазық –ана.Ана ақылды болса,
бала дана болады. Ана тәрбиесі -қызға үлгі, әке тәрбиесі-ұлға үлгі.
Ана –ақылшың,әке-қамқоршың.Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде.
Әділдікпен баға берер жігітке,
Әділдікпен қара қырды жаруға.
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Нағыз жігітті талдап бүгін алуға-деп бүгінгі «Бала сұлтан» байқауына қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
......
Мұғалім: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға.
Бүгінгі сұлтан атанбақ! –дей отырып, ортаға «Бала сұлтаны» байқауына қатысушыларды ,сайып қырандарды шақырайыҚ! Қарсы алайық !
1-ші сұлтан: Жөн сөзді айта білетін,
Қырандай алғыр.
Сұңқардай өр.
Достыққа адал ұлымыз Шалантай Диастай ұлымызды ортаға шақырайық.
2-ші сұлтан: Сөз тауып мәселесін шешетін,
Ойы зерек ақылымен өлшейтін.
Үлкендерді сыйлайтын
Махамбетяров Нұрбек сұлтанды ортамызға шақырамыз.
3-ші сұлтан: Қорықпаймын дауылдан,
Қорықпаймын ауырдан.
Өжет өткір болсын деп
Атам қойған атымды деп–Арыстанбек Райымбек сұлтанды ортаға шақырайық!
4-ші сұлтан: Спорт пенен білім жағын бір қосқан,
Кем қалмаған талант пенен табыстан
Намыс үшін жан қиярдай сұлтанды
Тауды бұзар шын кіріссе намыстан-деп ортаға
Асан Мырзабекті шақырамыз!
5-ші сұлтан:Біледі ол жақсы менен жаманды,
Білім менен тамсандырған адамды.
Қошеметтеп шақырайық ортаға,
Айтимов Санжар деген сұлтанды.
6-ші сұлтан: Қазақтың ер намысты ұланы
Көп нәрсені білу оның мақсаты
Алға қарай жылжу да оның талабы-деп
Ибрагимов Сейтжан сұлтанымызды ортамызға шақырамыз!
7- ші сұлтан: Еңбексүйгіш таудай талап бойында,
Барлық істі тындыру бар ойында.
Намысты қолдан бермейтін
Қазақты тәрбиесі бойында.-деп Утеген Нұрболатты ортаға шақырайық.
«Бала сұлтан» байқауының шарттарымен таныстырып алайық.
1-бөлім: «Тегімді менің сұрасаң» өзін таныстыру.
2-бөлім: «Көркіне ақылы сай» сұрақ- жауап сайысы.
3-бөлім: «Жігітке жеті өнер аз,жетпіс өнер көп емес» өз өнері.
4-бөлім: «Атадан қалған есті сөз» мақал-мәтел сайысы.
5-бөлім: «Ескірмейтін есті сөз» тыйым сөздер
6-бөлім: « Ақылына күші сай» қол күрес сайысы.
Жүргізуші: Ақыл- көркі бойларына жетеді.
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызды өзімен,
Тез арада таныстырып өтеді.-деп сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң....»деп аталады.Сайысқа қатысушы бала сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.
...Әділ қазылар алқасы «Тегімді менің сұрасаң ...»шартының бағасын берсеңіздер.
Жүргізуші: Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер.
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде-деп «көркіне ақылы сай» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Оқып жүрген пәндері бойынша сұрақтар беріледі.
1-жүргізуші:
Ал кімнің өнері бар каншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты, дей отырып, сайысымыздың
« Жігітке жеті өнер аз, жетпес өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.
Әділ қазылар алқасы «Жігітке жеті өнер аз , жетпіс өнер көп емес»шартының бағасын берсеңіздер.
1 – жүргізуші:
Ей, жігіттер!
Сендерге биік ата – салтын құрметтен,
Ақтай білсең ата баба үмітін,
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.
Жігіттеріміздің өнерлерін, күштілігін тамашаладық.енді ақыл –ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салатын да кез келген сияқты.Олай болса келесі шартымыз.
4- бөлім «Сөздің мәнін келтірер» мақал сөз» деп аталады. Бұл шартта Жігіттеріміз мақал-мәтел сөздерді айтады.
2 – жүргізуші:
«Сөздің мәнін келтірер нақылдап айтатын мақал сөз»деп аталатын шарт бойыша бағаларыңызды беріңіздер.
5-бөлім:»Ескірмейтін есті сөз» шарты бойынша жігіттеріміз тыйым сөздер айтады.
Әділ қазы алқасы «Ескірмейтін есті сөз» шарты бойынша бағаларын берсеңіздер.
2 – жүргізуші:
Әй, ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт.
Атыңа ерік бер,жігіт.
Күшіңді көрсет,ер жігіт! – дей отырып,Сайысымыздың «Ақылына күші сай» деп аталатын бөлімін бастаймыз.Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында қол күресі өткізіледі.
Әділ қазылар алқасы «Ақылына күші сай» шартының бағасын берсеңіздер.
2 – жүргізуші.
Мықты болсаң тығырықтан шыға біл
Келді кезек тапқырлықты танытар
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде
2 – жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші
1 – жүргізуші:
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата – аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтан, өнерлерің тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшын сарапшылар алқасына сөз береміз.Әр номинациялар бойынша мақтау мадақтау қағаздары тапсырылады.
1 – жүргізуші:
Жігіттердің ішінен шыққан,
Сұлтан мықтысын!
Құттықтайық ал енді
Сұлтан болған баланы
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.-деп
Аллияр Айиданың орындауында «Ана туралы»ән қабыл алыңыздар.
БИ: «Балалық» Қыздардың орындауында.
Ән: « Наурыз» Бадувалова Аружанның орындауында қабыл алыңыздар.
Осымен «Бала сұлтан» атты сайысымызды аяқтаймыз.
Қош сау болыңыздар.
Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тәрбие сағаты
«Бала сұлтан-2015»
Сыныбы:2 «ә»
Орындаған:Караматдинова.У.А.
1.ЖЕТІ АТАҢДЫ АТА.
2.Ыбырай Алтынсарин кім?
1.Үш арсыз.
2.Сөз таптарын ата.
1.Жеті қазына .
2.уақыт өлшем бірліктерін айт.
1.Бес дұшпан.
2.Диолог дегеніміз не?
1.Бес асыл іс.
2.Үш биді ата.
1.Ер қаруы бес қаруын ата.
2.Қзақстан Республикасының тәуелсіздігін қай айда,қай жылы қабылданды?
1.Бес парызды ата.
2.Дауыссыз дыбыстардың түрі,ұяң дауыссыздарды ата.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.