Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. №35 М.Мәметова атындағы жалпы орта мектеп.

Ашық сабақ

Тақырыбы: Балаларға. Сөйлем.

Өткізген: 1а-сынып жетекшісі:
Курмашаева Парида Курманбековна бастауыш мұғалім

2014ж.

Сауат ашу.
Сабақтың тақырыбы: Балалар.Сөйлем.
Сабақтың мақсаты: Сөйлем туралы білетіндерін еске түсіріп, сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен жазылатынын сөйлемнің соңына, тыныс белгілері қойылатынын түсіндіру.
2) Жаттығулар орындау арқылы сөйлем туралы білімдерін тереңдету.Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, оқушылардың сөзбайлықтарын молайту.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.Логикалық ойлауын арттыру.
Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу.
Түрі: Сын тұрғысынан ойлау.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау.
Көрнекілігі: Оқулық, кестелер, компьютер, плакаттар, ойындар үшін макеттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
Сабаққа дайындықтарын тексеру.
1)Психологиялық кңіл-күйлерін реттеу.
Қуан, шаттан! Қуан, шаттан! Қуанатын күн бүгін Қайырлы таң Қайырлы күн Күліп шықты күн бүгін.
Оқушыларды топқа бөлу.
1-топ Қызғалдақ. 2-топ Бәйшешек. 3-топ Раушан.
Үй тапсырмасын сұрау.
1.Жаттығуды оқыту. 2. «Шар лақтыру» ойыны арқылы сұрақ қою. 1.Қазақ тілінде қанша әріп бар? 2.Дыбыстар нешеге бөлінеді? 3.Жуан дауысты дыбыстарды ата? 4.Жіңішке дауысты дыбыстарды ата? 5.Сөйлем нелерден құралады? 6.Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен қалай жазылады? «Жырау» өлеңін жатқа сұрау.
Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
1.Қызығушылықты ояту.
Көктем келді Көктемде не жауады Көктем мезгілі қандай керемет
1.Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріппен басталып жазылған? 2.Соңына қандай тыныс белгілерін қоюға болады.
Сөйлем

Сөйлем туралы не айтуға болады.
Мағынаны ашу.
150-жаттығу.
Әр сөйлемді оқып, жатқа жазу. Әрқашан болсын анам, Болайын мен де аман.
Топпен жұмыс.
1-топ. Сурет бойынша сөйлем құрау. 2-топ. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құру. 3-топ. Қарлығаш сөзінен бірнеше сөз жасау. 4-топ. Қарсы мағыналы сөздерді табу.
Ой шақыру.
Жамбыл Жабаев туралы не білеміз?

Жамбыл Халық ақыны. Жүз жасаған. Сүйінбай ақыннан бата алған. обылысында туған.
Жиксо методы.
1.Өлеңді оқыту. 2.Мазмұнын сұрау. Топпен жұмыс.
Әр топ 5 жолдық өлең құрастыру. 1.Кім? Жамбыл ата 2.Қандай? Жас баладай 3.Не істейді? Қуанды
Жамбыл ата жас баладай қуанды.

Ойын: «Адасқан сөйлемдер»

Қыс мезгілі Қыс Қыста не қандай кермет түсті жауады.

Адасқан сөйлемдерді орнына қою.
Ой тұжырымдау.
-Срнымен балалар біз сабақта қандай тапсырмалар орындық? –Не үйрендік? Не білдік? –Сөйлем туралы не білдік? –Қандай өлең өттік? –Өлеңді кім жазған?
Бағалау.
Әр топтың, әр баланың жинаған ұпайын есептеу.
Көңіл күй кестесі.
-Сабақ сендерге ұнады ма? –Ендеше өз көңіл күйлеріңді білдіріңдер.
Үйге тапсырма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.