.
.
№19 орта жалпы білім беретін мектебі Балықшы мен бақалшы.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1336 | Размер: | Автор: Нартай45404-сынып
Сабақтың тақырыбы: Балықшы мен бақалшы.
Сынып жетекшісі:Насырова А.Қ
2011-2012 оқу жылы
Әдебиеттік оқу.
Сабақтың тақырыбы: Балықшы мен бақалшы.
Сабақтың мақсаты: 1.Ертегіні түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын жүйелі айта білуге, дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету.
2.Оқушылардың танымдық қабілетін, әдеби тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту.
3.Арам пиғылдан, мейірімсіз қатігездіктен бойларын алыс ұстауға, мейірімді, адал болуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер.
Сабақ әдісі: сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.
Сабақтың барысы: I. Психологиялық дайындық.
Кел, балалар, оқиық,
Көңілге көп тоқиық.
Көп ізденіп көп біліп,
Білім шыңына жетейік.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Өлеңді мәнерлеп оқыту.
ә) «Табиғатты аялайық !» тақырыбында салған суреттерін, жазған шығармаларын бағалау.
III. Қызығушылықты ояту.
Жасырылған нақыл сөзді табу.
Жақсылық ұмытылмас
I топ. Жақсының жолын кескеннің жолы болмайды.
II топ. Жаман байыса достығын да сатады.
III топ. Бар байлықты жинауға тырысқан адам-бақытсыз.
IV топ. Бай баю үшін тырысады,
Кедей кедейіне болысады.
Әр топ өз тапсырмаларын оқып,түсінігін айтады.
(Ойларын өз тобында ортаға салады.)
Түртіп алу стратегиясы.
Ертегіні оқу.
Оқушылар айтқан ойларын ертегімен салыстырады.
Сұрақтар: 1.Ертегідегі басты кейіпкерлер кімдер?
2.Жағымды кейіпкер кім? Оған мінездеме бер.
3.Жағымсыз кейіпкер кім? Оған мінездеме бер.
4.Саудагер Бақанды неліктен Бақалшы деп атап кетті?
Сөздік жұмыс.
Бас-көз болу-баланы баға тұру.
Көксерке-жыртқыш балық түрі.
Тұңғиық-теңіздің өте терең жері.
Емеурін-ниетін,ойын сездіру.
Шолан-үйдің асқоймасы.
Бақалшы- уақ-түйек сатумен айналысушы.
Ертегіні жоспар бойынша әңгімеле:
1)Батагөй Бақан мен саудагер Бақан.
2)Мейірімге қайырым.
3)Бақалшының арамдығы.
4)Арамзаның ажалы.
V.Толғаныс
Топтық тапсырма
I топ. Ішке, сыртқа.
II топ. Жуан, жіңішке.
III топ.Мақалдың жалғасын тап.
Жақсылық ағаш ---------,
Жамандық аяқ --------.
Жақсылық қылсаң --------.
IV топ. Эссе жазу.
Үйге тапсырма беру. Ертегіні түсініп оқып, мазмұнын жүйелі айту.
Оқушыларды мақтап мадақтау. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.