.
.
3. Космодемьянская атындағы «Бар байлықтың басы-нан» (Қайталау, бекіту сабағы).
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1813 | Размер: | Автор: Нартай4540№23 лицей-мектебі
АНА ТІЛІ
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Бар байлықтың басы - нан»
Орындаған: Бастауыш сынып мұғалімі
Сарыбаева Ж.Л.
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
«Бар байлықтың басы-нан» (Қайталау, бекіту сабағы).
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
1. Оқушыларға нан, дән туралы мағлұмат беру. Нанның үлкен еңбекпен келетіндігін түсіндіру. Оқушының сөздік қорын молайту.
2. Топтық жұмыс арқылы нан туралы тақырыпты ашу, сұрақ қоя отырып оқушылардың ойларын жетелеу, дамыту.
3. Оқушыларды нанды қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
САБАҚТЫҢ ТҮРІ: аралас сабақ.
САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: топтық жұмыс, сахналық көрініс, талдау, әңгімелеу. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: Сабақтың тақырыбы жазылған плакат, нанның суреті, нақыл сөздер, нанның түрлері, құмыраға салынған бидай масағы, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар, күн сәулесі.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеп, ана тілі сабағына дайындығын тексеремін.
Мұғалімнің сөзі. Бүгін біздің сабағымыз ерекше сабақ. Орнымызға отырмас бұрын шеңбер жасап бір - бірімізге жақсы тілек айтайық (әр оқушы бір - бір тілектен айтады).
II. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің түсіндірмесі: Балалар сабақтың тақырыбына назар аударайық «Бар байлықтың басы - нан». Яғни нанға байланысты болмақ.
Осыған байланысты қандай әңгіме, ертегілер оқыдық ?
Кім айтады ?
Оқушы: «Жалғыз дән», «Егінші мен қасқыр», «Қатқан нан».
Мұғалім: Сол тақырыптарды қорытындылауға ашық сабақ өтеміз.
Сабақты жүргізу үшін мен сендерді 5 орталыққа бөлемін.
1 -ші орталық - Әдебиет орталығы
2-ші орталық - Бейнелеу орталығы
3-ші орталық - Оқу орталығы
4-ші орталық - Шығармашылық орталығы
5-ші орталық - Өнер орталығы
Әр топқа түсіндіре отырып, тапсырмаларын таратамын.
1-ші. Әдебиет орталығы.
Тапсырма: Өлең шұмақтарын толықтыр.
...................................асыл ас,
...................................кәрі жас.
...................................үстінде,
...................................ұстамас
2-ші. Бейнелеу орталығы.
Тапсырма: Дастарқан көрінісін жапсырмалау.
3-ші. Оқу орталығы.
Тапсырма: Нан қайдан шығады? ертегісін мағынасы бойынша ретімен орналастыр.
Сұрақ.
- Ертегі нелер жайында ?
- Тышқан қандай мамандық иелеріне барады ?
- Ертегінің бізге айтайын деген негізгі мақсаты не?
4-ші. Шығармашылық орталығы.
Тапсырма: Берілген мақал - мәтелдерден тақырыпқа байланысын теріп айт.
5-ші. Өнер орталығы.
Тапсырма: Мәтіннің мазмұнына қарай көрініс ұйымдастыр.
Әр топтың тапсырмаға дайындалуы үшін уақыт беремін.
III. Дайын болған топтан сұрай бастаймын.
1. Әдебиет орталығының жауабы:
Нан деген асыл ас
Ұнатады оны кәрі - жас
Дастарқан үстінде.
Қолды жумай ұстамас.
2. Бейнелеу орталығы дастарқан мәзірін дұрыс орналастырды.
3. Оқу орталығының жауабы:
Оқушы: Ертегі нан жайында.
3. Тышқан сатушы, диірменші, комбайншы, егінші мамандықтарына барып нан қайдан шығатынын сұрады. Нанның үлкен еңбектен келетінін білді.
4-ші. Шығармашылық орталығы тақырыпқа байланысты мақал - мәтелдерді теріп айтты.
5-ші. Өнер орталығы тақырыпқа байланысты көрініс көрсетті.
Мұғалімнің сұрағы. Берік өзінің қателігін түсінді. ме ?
Оқушылар. Түсінді.
Аталған топтағы оқушыларды марапаттап, рахмет айттым.
IV. Ал енді тақтадағы көрнекілікке назар аударайық. Өлеңді дауыстап мәнерлеп оқимыз.
Ардақты нан! Ана мінез асыл нан
Жеп үйренген жаным сүйіп жасымнан
Бір күлшеңді мың есе артық дер едім.
Бар дүниенің інжу, гауһар тасынан.
Сұрақ:
- Осы өлеңнің мазмұнын түсіндіңдер ме ?
- Нанды неге теңеп тұр ?
- Нанның дүниедегі ешбір бағалы затқа тең келмейтінін қай жолдардан білуге болады ?
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар !
V. Тақырыпқа байланысты сұрақтар.
Мұғалім:
- Еліміздің рәміздері нелер ?
- Қай белгіде, тақырыпқа байланысты сурет бар ?
1-оқушы:
Менің елімнің Елтаңбасында масақ суреті бейнеленген. Ол біздің Отанымыздың байлығын көрсетеді. Біз оны мақтанышпен айта аламыз.
2-оқушы:
Ол - биіктен төгілген мөп-мөлдір зәмзәм суынан өседі.
Нан-өмір. Жеңіспен келген кешегі
Нанға пірім деп,
Нанға жырым деп табынам.
3-оқушы:
Елімнің құдіретін асырып тұрған менің де, сенің де, оның да мерейін үстем ғып тұрған ол-нан.
4-оқушы:
«Нан туралы өлең!» Мұғалім:
Ұқ мұны сен бөбек
Нан деген дән бөлек
Жерге оның түйірін
Түсірмей жеу керек.
VI. Сабақты бекіту, қорытындылау.
Мұғалім сөзі. Сонымен нан не ?
Оқушылар:
дән – байлық, дән - молшылық
дән тіршілік, дән - маңдайтер,
дән – өмір, дән - бақыт,
дән - жеңіс, дән - береке.
XVII. Нанға байланысты тыйым сөздерді білеміз бе ?
Оқушылар:
- Нанды жерге тастауға болмайды.
- Нанды төңкеріп коюға болмайды.
- Нанды бір қолымен үзуге болмайды, ол кесір болады.
Мұғалім: Сонымен балалар нанға құрметпен қарап, оны қастерлей білейік.
VIII. Үйге тапсырма беру.
Бүгінгі сабақтан түйген ойларың бойынша «Ас атасы - нан» тақырыбына шығарма жазып келіңдер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.