Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
БАС ӘРІППЕН ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР -

БАС ӘРІППЕН ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2491 | Размер: | Автор: Нартай4540
. БАС ӘРІППЕН ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР

Жахмет Д.Ж.,
Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш мұғалімі.

Бүгінгі таңда өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғаны қалыптастыру жолында үлкен талаптар қойылып отыр. Дамыта оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады.
Дамыта оқытуда оқушының ойлау ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.
1 сыныптағы «Ана тілі» пәнінен өткізілген ашық сабақта дамыта оқытудың элементтерін қалай пайдаланғаныма тоқталып өтейін.
Сабақтың тақырыбы: Бас әріппен жазылатын сөздер
«Жер - Ана», Қ. Сәрсекеев.
Сабақтың мақсаты:
Ғылымилығы: Кісінің аты-жөні, жер, су аттары бас әріппен басталып жазылатынын меңгерту. Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: ойлау дағдыларын, өз ой пікірін толық айту мүмкіндігін, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: Жер қадірін білуге тәрбиелеу, танымдық қабілтетін ояту.
Ұлы ақын жазушы Абай атамыздың суреті, кітабы, кесте сабақтың көрнекілігінде қолданылады.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру. Оқу құралдарын даярлау, оқушыларды түгендеу.
ІІ. Оқушы білімін жан – жақты тексеру.
1. Сөйлем, сөз, буын, дыбыс, әріп.
Сөйлем - сөзден, сөз – буыннан, буын – дыбыстан құралатынын еске түсіру. Дыбысты естиміз және айтамыз. Әріпті көреміз және жазамыз.
2. Қандай сөздер жуан және жіңішке айтылады?
- Жуан дауысты дыбысы бар сөздер жуан айтылады.
- Жіңішке дауысты дыбысы бар сөздер жіңішке айтылады.
3. Сөздердің буынға бөлінуі.
- Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
- Сөздерді қалай тасымалдап жазамыз?
- Сөздерді буынға бөлу арқылы тасымалдап жазамыз.
- Заттың атын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?
- Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың атын білдіреді.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Жаңа сабақты меңгеруге даярлық.
- Мектебіміз кімнің атымен аталады?
- Абай Құнанбаев атамыздың атындағы мектеп.
- Ол кісі кім?
- Ол – қазақ елінің ұлы ақыны. Барлық балаларға, қазақ халқына өшпес өнеге болатын құнды дүние жазып қалдырған адам.
- Абай атамыз қай жерде туып өскен?
- Абай ата Семей облысының Абай ауданы Жидебай ауылында туып - өскен.
-Дұрыс, балалар, ол кісі біздің жерлесіміз екен. Осы сөйлемдерден адамның аты – жөнін табайықшы.
- Абай Құнанбаев.
- Ал жер, су аттары ше?
-Семей, Абай, Жидебай.
-Ол сөздер қандай әріппен жазылады?
- Ол сөздер бас әріппен жазылады.
2. Жаңа сабақты меңгерту.
98-жаттығу бойынша жұмыс жүргізіледі.
1. Мәтінді мәнерлеп оқып шығады.
2. Қандай сөздердің бас әріппен жазылып тұрғанын айтады.
3. Олар қандай сөздер екендігін анықтау.
-Ал енді қандай сөздер бас әріппен жазылатынына қорытынды жасайықшы.
- Адамның аты – жөні, жер, су аттары бас әріптен басталып жазылады.
Оқулықтан ережені оқыту арқылы өздерінің айтқан пікірлеріне көз жеткіземін.
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.
99-жаттығу.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып көшіру. (Әр бала өзінің аты – жөнін қояды). Әркім өзінің аты – жөнін қандай әріппен жазғанын аңғарады. Сөйлемнің соңына тыныс белгісін (.) қойып жазады.
«Жер – Ана» мәтінінің мазмұнын түсініп оқытып, «Жер – Ана» деген сөздің мазмұнын қалай түсінетіндерін байқау, жетекші сұрақтар арқылы балалардан жауап алу.
1. Бейбіт қалай ойнап жүр еді?
2. Қария Бейбітке не айтты?
3. Бейбіт неге таң қалды?
4. Анасы оған не айтты?
5. «Жер – Анамыз» дейтін себеміз неліктен?
Балалардың ойын жалғастыра отырып, жер туралы жердің қасиеті, пайдасы, оны құрметтеу, сақтау жайлы толықтырамын. Жер туралы мақал – мәтел айту, оның мағынасын талдау. «Жерді байдың - өзі бай», «Жер – байлық көзі».
Ү. Жаңа сабақты бекіту.
Мәтіннің ішінен кісі атттарын таңдап, олардың қандай әріппен жазылғанын аңғартып, тілдік жаңа материалды бекіту. Ережені еске түсіру, мысалдар келтіру.
ҮІ. Оқушы білімін бағалау.
Оқушылардың бүгінгі сабаққа қалай қатысқандығын саралай отырып бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.