Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша -

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2695 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Қарағанды облысы,Ұлытау ауданы,Жезді аралас мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі Сейтмағанбетова Динара Зейнельхабденқызы.

Тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Мақсаты: 1. Оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату,сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу,
таза,сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
2. Оқушылардың ой-өрісін дамыту,өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
3. Оқушыларды өз ана тілін сүюге, құрметтеуге,тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: бекіту
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,сипаттау, ойын
Көрнекілігі:интерактивті тақта,тест,кестелер,
дидактикалық материалдар.
Сабақ барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі
2 Үй жұмысын тексеру:169-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз. Зат есімдерден болған Баяндауыштардың астын сыз.Оларға қандай сұрақ қойылады? Жаттығуда аты аталған адамдар туралы білетініңді әңгімеле.
Шерхан Мұртаза – халық жазушысы. Нұрпейіс Байғанин-ақын.Күләш Байсейітова-атақты әнші.

3 Сатылап талдау (Оразақынова әдісі бойынша)

Тұрлаулы мүшелер
Бастауыш

Сұрағы

Баяндауыш
Сұрағы

2-де зат есімнен болса сызықша қойылада

4 Каллеграфиялық жұмыс.

5 Оқулықпен жұмыс: 170-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқы.Бастауыштан кейін сызықшаны қойып көшіріп жаз.

Отан- туған үйіміз
Отан- туған жеріміз
Отан-ортақ үйіміз
Көңілді ән мен күйіміз
Баяндауыштарды тап, оларға сұрақ қой.

6 Сергіту сәті:

Торғай-торғай тоқылдақ
Жерден тары шоқып –ап
Бөтегесі томпайып
Шиқ-шиқ етіп отырмақ.

7. «Менің бағытым ойын» ойын ойнау

1 Оқушы биледі
2 Әнші өсті
3 Балалар оқыды
4 Гүл шырқады
5 Биші ұшты
6 Ұшақ жүзді
7 Кеме ойнады

8. Оқулықпен жұмыс: 174-жаттығу.Көп нүктенің орнына бастауыштарын қойып,сөйлемдерді көшіріп жаз.
.........аттанды. ...........сауылды. ............сабақ оқыды. ............ тегістелді. ..................орындалды.

Керекті сөздер: сиыр,тапсырма,жер, Жанар, жолаушылар.

9. Слайд. Өлеңді жатқа жаз. Бастауыштың астын бір рет,баяндауыштың астын екі рет сыз.


Төскейден жел еседі,
Төбемнен бұлт көшеді.
Туған жерім мен үшін
Көк майсасын төседі.

10 Қорытынды: Тест

1 Кім?не?кімдер?нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгімүшесін:
А)Зат есім Ә)Бастауыш Б)Баяндауыш

2 Қандай жағдайда сызықша қойылады?
А)Бастауыш та,баяндауыш та зат есімнен жасалса
Ә)Бастауыш та,баяндауыш та етістіктен жасалса
Б) Бастауыш та,баяндауыш та сын есімнен жасалса

3 Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді:
А)Сөз таптары дейміз Ә)Сөйлем мүшелері дейміз Б)Сөз дейміз

4 Баяндауыштың сұрақтарын тап:
А)Кім? Не?кімдер?нелер? Ә)Қандай?қай? Б)Не істеді? Не қылды? Қайтты?

5Бастауыштың іс-қимылын білдіретін сөді тап:
А)Етістік Ә) Зат есім Б)Баяндауыш

6 Бастауыштың сұрақтарын тап:
А) Қандай?қай? Ә)неше?нешіші? Б)Кім? Не?кімдер?нелер?

10 Венн деограмасы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.