Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бастауыш сыныптар бойынша  3-сыныпқа математика пәнінен берілетін тест сұрақтары. -

Бастауыш сыныптар бойынша 3-сыныпқа математика пәнінен берілетін тест сұрақтары.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 6958 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Бастауыш сыныптар бойынша 3-сыныпқа математика пәнінен берілетін тест сұрақтары.

1. Амалдарды орында: (302-145)+285
А) 442 Б) 342 В) 542 Г)441

2. 36 центнерге қайсысы тең?
А) 6 ц 3кг Б) 6 т 3ц В)3 ц 6кг Г)3 т 6ц

3. Теңдеуді шеш: 86+а=427+39
А) 382 б) 383 В) 381 Г)380

4. Салыстыр, = белгісі қойылатын өрнекті көрсет.
А) 2 тәулік 2сағ * 50 сағ В) 4 мин 20 с* 70с
Б) 1сағ 20 мин *65 мин Г) 1 тәулік 4 сағ * 30 сағ

5. Бір орамда 64 м жіп, екіншісінде біріншіге қарағанда 20 м аз жіп оралған.Екі орамада барлығы неше м жіп оралған?
А) 64-20 В) 64+20+64
Б) 64-(64-20) Г) (64-20)+64

6. Мәні 400-ге тең болатын өрнекті тап.
А) 1000-500+100-100-100
Б) 900-600+200+100-100
В) 600+200-400-100-100
Г)300+300-200+200+100

7. Балалардың велосипедінде 3 доңғалақ бар.Сондай 6 велосипедте барлығы неге доңғалақ бар?
А) 3*6=18 (д) В) 6/3 =2 (д)
Б) 6-3=3 (д) Г) 3+6 =9 (д)

8. Қабырғасы 15 м болатын кадраттың периметрін тап.
А) 30 м Б) 45 м В) 50 м Г) 60 м

9. Ені 3 см, ал ұзындығы одан 4 см ұзын болатын тік төртбұрыштың периметрін тап.
А) 20 Б)21 В) 22 Г) 24

10. Амалды орында: 902 см-509 см
А) 397 Б)399 В)393 Г) 401

11.Отбасында төрт бала бар: қыздар қанша болса, ұлдар да сонша. Отбасында қыздар қанша, ұлдар қанша?
А) 3,3 Б)4,4 В)2,2 Г)1,3

12. Үш қаланың әрқайсысында екі қаламен байланыс жолы салынған.Сонда барлығы неше жол бар?
А) 3 жол Б) 2 жол В) 4 жол Г)1 жол

13. Артық санды тап: 4 8 12 16 20 24 28 29 32 36
А) 16 Б)24 В) 29 Г) 36
14. Өрнекте: сантиметрмен 4 м 13 см; 2 м 8 см.
А) 17 см,10 см Б) 43 см, 28 см В) 413 см,208см Г)410см,280см

15. 6 қапшықта 18 кг картоп бар.Бір қапшықта неше кг картоп бар?
А) 12 кг Б)24кг В) 2кг Г) 3 кг

16. Кез келген санды 1-ге көбейткенде, болады:
А) 0 В) 1
Б) сол санның өзі Г) 10

17. Амалды орында: 1 ц-62 кг
А) 48 кг Б) 38кг В) 37 Г) 47кг

18. Көбейтумен алмастыруға болатын амалды белгіле.
А) 5+4+3+1 В) 4+4+4+4
Б) 9-9-9+9 Г) 8-3+2-3

19. 7+7+7+7+7амалымен алмастыруға болатын сандардың көбейтіндісін тап.
А) 7*4 Б)5*5 В) 7*7 Г) 7*5

20. Тура теңдікті тап:
А) (7*9)-7= 14 Б) 10/(8-6) =5 В) (19-9)+6 =4 Г)24/6+2=3

21. Ұзын жіпке шет жақтарын бос қалдырып, үш жерден түйін түйілді.Сонда бұл түйіндер жіпті неше бөлікке бөліп тұр?
А) 5 Б)4 В) 3 Г) 6

22. Таразының бір табағында қауын мен 3 кг гир жатыр, ал екінші табағында 5кг-дық екі гир жатыр. Таразының екі басы тепе-тең болып тұр.Демек қауынның салмағы қанша болғаны?
А) 8кг Б) 13кг В)7кг Г) 10кг

23. Х / 9 =3 теңдеуіндегі Х – тің мәнін тап.
А) х =3 Б) х =27 В)х= 12 Г) х=6

24. Тік төртбұрыштың ұзындығы 10 см, ені одан 3см-ге қысқа. Периметрді тап.
А) 34 см Б)26 см В) 14 см Г) 13см

25. Мәні 36-ға тең болатын өрнекті тап.
А) 91 мен 68-дің айырмасына 12-ні қос.
Б) 53 пен 26- ның қосындысынан 45-ті азайт.
В) 89 бен 23 сандарының айырмасына 30-ды қос.
Г) 43 пен 27 сандарының қосындысынан 34-ті ал.


Тест жауаптары:
1. А
2. Г
3. Г
4. А
5. Г
6. А
7. А
8. Г
9. А
10. В
11. В
12. А
13. В
14. В
15. Г
16. Б
17. Б
18. В
19. Г
20. Б
21. Б
22. В
23. Б
24. А
25. Г
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.