.
.
БАСТАУЫШЫМ – БАЛБҰЛАҒЫМ! БАСТАУЫШЫМ – БАЛБҰЛАҒЫМ!
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1644 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға білімнің сара жолы мектептен басталатынын ұғындыру.
2. Білім ордасын, ұстаздарын құрметей білуге, Отанның адал ұл- қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Суреттер, плакатарға жазылған қанатты сөздер, шарлар, гүлдер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Бірінші бөлім.
Бірінші жүргізуші:
- Армысыңдар мұғалімдер әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жаяқарсы аламыз сіздерді,
Өлең оқып би билеп ән де бүгін аитылар.
Екінші жүргізуші:
- Аяулы ата-аналар оқушылар ұстаздар Біз бүгін ең алғаш қалам ұстатып Әліпені ұсынған алғашқы ұстазымызға алғыс айту салтанатына жиналып отырмыз. Бойымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған мектеп-анаға алғысымызды білдіреміз.
Бірінші жүргізуші:
- Енді « Бастаушым-балбұлағым » атты ертеңгілігімізді бастаймыз!
Екінші жүргізуші:
- Бастауыш сыныпты бітіруші түлектерді ортаға шақырамыз!
Бірінші оқушы:
- Білім алған өзіңнен
Дәрігер ұшқыш не ғалым
Саған ыстық сезіммен
Қарайды жұрт мұғалім
Екінші оқушы:
- Мен де өзіңді әрдайым
Қамқор деп ұғамын
Күліп атқан таңдайын
Жақынсың сен мұғалім
Үшінші оқушы:
- Үйретіп бізгі алған әліппенні,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның, ой-арманы мақсаттары.
Оқудың саулесімен жарық көрді.
Төртінші оқушы:
- Өмірге жол бір өзіңнен бастадым
Алфавитті алғаш сенен жатадым
Ұстаз ана естен кетпес мәңгілік
Мейіріммен жаурынымнан қаққаның
Бесінші оқушы:
- Жүзің жылы, құшағың кең,
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен,
Биіктерге шығамын мен.
Хор: «Ұстазым».
Алтыншы оқушы:
- Ақылшы асыл ұстазым
Өзіңе мен де ұқсармын
Жеткенше қайрат күш әлім
Биікке самғап ұшармын
Жетінші оқушы:
- Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ұстаттың қағаз қалам қолыма өзің,
Ерінбей үйреттің де әр әріпті.
Сегізінші оқушы:
- Қоссаңдар бірді екіге үш болады
Дәуі едің білімнен күш толады
Алғыр бол әдепті бол сабырлы бол
Ақылмен іс істесең іс болады
Тоғызыншы оқушы:
- Беруші ең бізге айтып өлең ,тақпақ.
Таласып алушы едік біздер жаттап,
Өзіңіз баға қойған күнделікті,
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
Оныншы оқушы:
- Өтті сенде қызықшағым
Бастауышым балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне
Қылмастықпен қол бұлғаимын
Он бірінші оқушы:
- Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып ек біз сізді анамызға.
Жақын тарттық біртіндеп бауыр бастық,
Жүргеніңді ұнаттық арамызда.
Хор: «Мектебім».
Он екінші оқушы:
- Бізді болашаққа не бастаиды
Оқушылар
Ұстаздың көрсеткен жол
Ата ананың ақылы
Болашаққа деген сенім
Он үшінші оқушы:
- Балғын шақта еліп едім,
Бал қызыққа еніп едім.
Тағдырымның біллігінде,
Сеніп сізге беріп едім.
Ән: «Ананың тілі – аяулы үні»
Он төртінші оқушы:
- Құрбыласпыз!
Тұрғыласпыз!
Барлығымыз бір класпыз!
Таланттымыз!
Талаптымыз!
Жақсы оқимыз сабақты біз!
Он бесінші оқушы:
- Мектеп кеме білім теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.
Он алтыншы оқушы:
- Біз гүлденіп жайнаған,
Гүллстанды отаны.
Бірін-бірі сыйлаған,
Туыскандар Отаны.
Он жетінші оқушы:
- Оқытты ұстаз анамыз.
Өсті білім санамыз
Білгім ер боп өсетін,
Біз бақытты баламыз.
Он сегізінші оқушы:
- Бойымызда бұл күш,
Еркін өскен ұланбыз.
Оқу білім үйренген ,
Ұстаздарға мың алғыс.
Он тоғызыншы оқушы:
- Ақылшым,асыл,ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың.
Қасыма кеп қанша кеп,
Қамқор боп, қалам ұстаттың.
Жиырмасыншы оқушы:
- Жалықпай үйреттіңде балаларды,
Өмірге тарту еттің даналарды.
Ізгілікке жол ашып көрсетумен
Қара шашын қыраулап ағады.
Жиырма бірінші оқушы:
- Шәкірттеріңді тыңдап жауап, сұрағын,
Жас санаға төгіп білім шуағын.
Хат танытып, жол сілтеген өмірге,
Барша жанға құрметті жан-«Мұғалім».
Ән: «Ару Ана».
Бірінші жүргізуші:
- Нұр жүзіңне жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза көңілден.
Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда,
Өз соқпағын тапқан мына өмірден.
- Бүгін біздер алғашқы ұстазымызға мың алғыс айтамыз.
Бәрі хормен:
- Ұстаздарға мың алғыс! (3 рет)
Екінші жүргізуші:
- Ұстаздар жаққан шырақты,
Өмірмейік балалар.
Бәрін-бәрін білсен,
Оқи берсен кітапты.
Хор: «Қоштасуға арнау».
«Қайдасыңдар құрдастар» сазымен айтылады.
Төрт жыл бұрын білім жолын бастап едік,
Босағасын бұл мектептің ашқан едік.
Бәріміз де кіп – кішкентай сәби болып,
Келіп едік,құрдастар.
Енді міне бастауышпен қоштасамыз,
Қыркүйекте үлкендермен достасамыз.
Бал – бұл кезім қайда,
Балғын кезім қайда,
Бал – бұл кезім,балғын кезім қайда екен.
Ұмытпаймыз мөлдіреген көздеріңді,
Ұмытпаймыз «балам» деген сөздеріңді.
Жүзің жылы,құшағыңыз кең ашылып,
Қарсы алдыңыз ұстазым.
Біз тілейміз өзіңізге мол бақытты,
Өміріңіз ұзақ болсын мол шаттықты.
Асылдарым қайда,
Жақындарым қайда,
Асылдарым,жақындарым қайда екен.
Бірінші жүргізуші:
- Бітіруші түлектер,
Жүктелер бар аманат.
Айтылар ізгі тілектер,
Болмасын еш жаманат!
Екінші жүргізуші:
- Бастауышта оқыдық,
Ойға білім тоқыдық.
Бұлар бізден жалындар,
Ертенгі ірі ғалымдар.
Алдыңда ұзақ жолың бар,
Оқу мен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай,
Аман-есен болыңдар!
Қоштасу вальсі. (Барлық оқушылар билейді.)
Екінші бөлім.
Оқушылар күшімен әзірленген концертпен жалғасады.
Соңы.
Құттықтау сөз: 1. Мектеп директорына
2. Оқу ісі менгерушісіне
3. Тәрбие ісінің менгерушісіне
4. Ата-аналар комитетіне
Беріледі.
Ш.Қ. О. Үржар ауданы.
Алтыншоқы орта мектебі.
Бастауыш класс мұғалімі -
Масакова Кауария Оразовна.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.