Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бастауышым  - балбұлағым Білімнің сара жолы бастауыш -

Бастауышым - балбұлағым Білімнің сара жолы бастауыш

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1552 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Бастауышым - балбұлағым

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» Қанатты сөздер мен тақырып, шарлар, гүлдер.
Кіріспе сөз:
Құрметті ата-аналар, қонақтар, әріптестер. Сіздер бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болып, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта сіздер үшін тағы бір той қосылмақ. Тойларыңыз құтты болсын.
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда .
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым - балбұлағым» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер! Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4а – сынып оқушыларын ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Бастауышым - балбұлағым
Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 - сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап» Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары, «Әдепті бала» Мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер, сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.
Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!
Балжан: Қымбатты ұстаздар, аяулы ата-аналар, оқушылар, «Бастауышым балбұлағым» атты ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер.
Райымбек: Аса қадірлі ата-аналар мен ұстаздар және оқушылар.Бүгін ғылым әлемінің алғашқы баспалдағы «Бастауыш» атты ұзақ жолдың алғашқы асуынан асып тұрмыз. Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе! Енді әліппе туралы көрністі тамашалаңыздар
Көрініс: Әліппе хан
Балжан: Ерте ерте ертеде Алтынтөбе аулында әліппе хан билік жасапты. Ханның 40 уәзірі, және 2 күтушісі болыпты. Әліппе хан сондай қатал болған екен. Ол уәзірлеріне ел аралатып білімсіз балаларды жинатып жазалап сауаттандырады екен. Әліппе хан елін жинап, тақтан кететінін жарияламақшы.
1 – оқушы: Уа халайық, келіңіздер көріңіздер Әліппе хан тақтан кеткелі жатыр.
2 – оқушы: Уа жараңдар жараңдар, Әліппе хан орнына өз ұлын сайламақшы. 40 уәзірі мен 2 күтушісінің, ханды шығарып салу салтанатының куәсі болыңдар!
Әліппе хан: Уәзірлерім, сендер неге тұрсыңдар! Ел ішін аралап келіңдер! Мына мен таққа ұлымды отырғызар кезде, елде сауатсыз балалар болмауы керек.
3 – оқушы: Әміріңізге құлдық хан ием! Біз ел ішін түгел араладық. Сіздің қатал мінезіңіз бен бұйрығыңыздың арқасында елде еш сауатсыз бала жоқ. Барлығы білімді, сауатты, өнерлі екен.
Әліппе хан: (көңілденіп). Тамаша, тамаша. Ха - ха – ха. Мен осыншама уақыт неге көңілсіз болдым? Неге қатал болдым?
Барлық балалардың сауаты ашылғанша менде уайымдап көңілсіз жүрдім. Бүгін меніңде, мына дүйім жұрттың да көңілін көтеріңдер. Менің жарлығымды орындаңдар!
4 – оқушы: Хан жарлығына құлақ салыңдар. Дәл бүгін хан ием мен дүйім жұрттың көңілін көтеріп өнер, білім көрсетейік. Олай болса бүлдіршіндердің өнері мен біліміне кезек берейік.
Балжан:
Армысыздар, мұғалімдер әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан
Өмір деген үлкен жолда тарландар
Бүгін, міне қоштасады бастауышпен балбұлақ
Әніменен жырына, тарландарым сан құлақ.
Кеше сәби, бүгін, міне жас ұлан
Лаулап жансын болашағың шамшырақ
Райымбек:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер
Бүгін, міне бастауышпен қоштасады
Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.
Балжан:
Ия Райымбек. Бүгін біз сауатымызды ашып білім негізін қалаған бастауыш мектебімізбен, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен солымызды танытқан алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
Райымбек:
Ия,бүгін біздер қуаныш, бүгін бізде үлкен той. Өйткені, 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан, адалдыққа, адамдыққа, тәрбиелеп білімнің соқпағынан ғылымға жол ашқан бастауыш сыныппен қоштаспақпыз.
Ботакөз: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Ұлбала?
Ұлбала : Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз

3 – оқушы:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен бойымызға.
Қош келіпсіз мейірбан ұстаздарым,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әніменен, жырына тарландарым сал құлақ.
Лаулап жансын болашағың шамшырақ,
Қош келіпсіз, құрметті қонақтар!
4 – оқушы:
Есімде ұстазым алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан болып осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны
Енді міне, сағымдай боп өте шықты.
4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті
Ұстаз ана жасады мына біздеп
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
5 – оқушы:
Шаттанамын мен бүгін шаттанамын.
Ғылым сырын түсіндім мақтанамын.
Осы сырды үйреткен 4а сыныбым.
Түстей болып міне бүгін артта қалдым.
Өмірге жолды бір өзіңнен бастадым
Алфавитті алғаш сенен жаттадым
Ұстаз – ана естен кетпес мәңгілік
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.
6 – оқушы:
4 жыл бойы білім берген мәпелеп
Анамыздай біз сыйлаймыз қастерлеп
Рахмет сізге ұстаз апай мол алғыс
Ұмытпаймыз жүремізде дәріптеп.
Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.
Қоштасамыз біз бүгін ұстазбенен.
Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып
Ән. Ұстазым

7 – оқушы:
Байсалды мінезіңмен бірқалыпты
Меніңде көкейімде із қалыпты
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің
Ерінбей үйреттіңдер әр әріпті
Қоссаңдар бірді екіге үш болады.
Деуші едің біліммен күш толады.
Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,
Ақылмен іс істесең іс болады.
8 – оқушы:
Біз барамыз артқа тастап 4 жылды,
Ұмытпаймыз ұстаздарды жаны ізгі.
Пана болған дара болған біз үшін
Жанымыздан артық көреміз біз сізді.
Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ
Таласып алушы едік біздер жаттап.
Өзіңіз баға қойған күнделікті.
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
9 – оқушы:
Қолыма алғаш қалам ұстатқызған
Апайым әрқашанда қымбат маған
Сабырлы да, салмақты қалпы менен
Қажымай үйретуден бір танбаған
Көреміз көзіңізден мейірімді.
Сеземіз анамыздың алақанын.
Қыран ана секілді күтіп баптап
Ұшырған ұясынан балапанын
10 – оқушы:
Күтеміз ықыласпен әр сабағын.
Оқимыз жіберместен бір парағын.
Барынша игеруге тырысамыз.
Осы деп бұл заманның зор талабын
Айтамыз апай сізге көп –көп алғыс
Қашанда қасыңыздан табылармыз
Бастауыш бар білімнің негізі деп
Біз сізді әрқашанда сағынамыз.

11 – оқушы
Білім деген байлық бар
Еш байлық оған жетпейді.
Жасында оқып жиып ал
Тепкілесең кетпейді
Өртіңе де күймейді
Ұрыларда тимейді.
Жатып ішер жанбастап
Жалқауды ол сүймейді.
Балжан: Ия Райымбек барлығымыз өзіміздің ұстазымыз жайлы жырладық. Ал сен білесіңбе? Ұстаздардың ұстазы ең алғаш әліппені кім жазған?
Райымбек: Әрине білем. Ол Ыбырай Алтынсарин атамыз ғой. Олай болса біздің достарымыз Ыбырай Алтынсарин атамыз туралы өлең тақпақ айтады.
12 – оқушы:
Ұстаздың тұңғышы да зоры да сен,
Халықтың кітап берген қолына сен
Қазақтың қара түнек аспанынан,
Ақ жұлдыз ағып өткен жолың әсем.
Айтпайсың дәл қазіргі еліңе өкпе
Болашақ етер аңыз сені көпке
Ыбырай Алтынсарин деген шақта
Бар бала қолын көтереді көкке.
Балжан: Райымбек сен байқадың ба? Біздің достарымыз бұл кешке жақсы өнерлерін ала келіпті.
Райымбек: Олай болса неге тұрмыз ертеңгілігімізді әрі қарай жалғастырайық.
Балжан: Ия оқушылар бізді аяулы мектебіміз үлкен құрметпен қарсы алды. Біздің әрбір өткен күнімізге аузымыздан шыққан сөзімізге сүйкімді қылығымызға, балаға тән қасиетімізге шын жүректен мейірімділікпен қарай білді. Әр бір ұстаз өз бойындағы жақсы қасиеттерін үйретуге тырысты, өз асыл уақытын бізбен бірге өткізді.
Райымбек: Содан бері табаны күректей 4 жыл өтті. Уақыт озды, бізде есейдік. Бұл уақыт ішінде көп нәрсе білдік үйрендік.
Ия достар сонымен қатар сұлулықты мейірімділікті жақсы көруді әдемі сөйлеуді кішіпейіл болуды, жақсы мен жаманды ажырата білуді, үлкенге кіші, кіші үлкен бола білуді – міне осы адамзат баласына тән жақсы қасиеттердің бәрін - бәрін осы мектеп қабырғасындағы бізге білім мен тәрбие беретін ұстаздардан үйрендік.

13 – оқушы:
Есігіңді ашқан балаңа
Құшақ жайдың мектебім сен қуана
Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба?
Сенен артық дүниені таба алам ба?
Мектебім мәңгі бапкерім
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды.
Ақтаймыз талай әлі біз.
Балжан:
Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Райымбек: Дұрыс айтасың Балжан! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.
Балжан: Олай болса Райымбек алтын ұя мектебімізге арнап Аружанның орындауында «Мектебім» әнін шырқайық!
Ән: Мектебім.
14 – оқушы:
Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл
15 – оқушы:
Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.
16 – оқушы:
Мектебім- сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін , көктеймін.
Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.

17 – оқушы:
Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
Ән :
Райымбек: Иә осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік. Балжан: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Райымбек: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды. Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !
18 - оқушы:
Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
19 - оқушы:
Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.
20 - оқушы:
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар , мәңгі талай жылдарға.
21 - оқушы:
Бастауышым- бал бұлағым ,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
Бастауышым- балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Балжан: Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі, пәндерін зер салып оқып үйрендік.
Оқушы:
Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл- білім үйреткен.
Ана тілін оқыдық ,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз,
Құрметпен бас иеміз.
Ана тілмен қоштасамыз,
Әдебиетпен достасамыз.
Оқушы:
Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы
Оқушы:
Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын,
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадым.
Оқушы:
Ой жіберсең бәріне ,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер,
Пәннің жақсы бірі де.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген ,
Дүниетану сабағы.
Оқушы:
Үйренеміз жалықпай,
Орыс тілін шарықтай.
Тіл сындырып, ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Балжан апай тәлімі
Сәулелісін шашқан жарықтай.
ӘН: «Бастауыш- балбұлағым»
Райымбек:: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата - анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
Балжан: Ыстық - ау кім - кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген - дегендей әкенің орны бөлек ау.
Оқушы:
Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
Райымбек: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
Балжан: Иә, дұрыс айтасың Райымбек.Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?
Оқушы:
Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!
Оқушы:
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Ән «Анашым»
ІІ – бөлім. Концерттік бағдарламалар:
Райымбек:
Өтті сенде қызық шағым
Бастауышым балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Балжан: Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңыз үшін рахмет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.