.
.
БАТЫРЛАР ЕЛІНДЕ БАТЫРЛАР ЕЛІНДЕ
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2436 | Размер: | Автор: Нартай4540Б. Байболысова,
Талдықорған қаласы Өтенай ауылы
Мектепке дейінгі шағын орталығы бар
№21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Батырлар елінде».
Сабақтың мақсаты: 1. Балаларды қазақ батырларымен таныстыра отырып, түсінік беру.
2. Мақал-мәтелдер, өлең арқылы балаларды қазақ батырларына деген сүйіспеншіліктерін дамыту.
3. Балалардың бойын Отан сүйгіштік сезімге баулып, ел, ұлт намысын қорғаған батырларды сыйлап, құрметтеуге үйрету.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, сыни тұрғыдан ойлау, интерактивті тақта.
Сабақтың көрнекілігі: Батырлар суреттері: Қабанбай, Бөгенбай, Алпамыс, Қарасай, Ағынтай, Бауыржан Момышұлы, Әлия, Мәншүк; саймандар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Балалар келген қонақтармен амандасу. Батырлар жырынан үзінді оқимын.
Бауыржан, Мәлік, Талғаттар,
Сүйікті болып қалды аттар.
Олар аттас қаншама
Сәби бар, шәкірт, солдат бар.
Аттары әнге ұласқан,
Нұркен боп ашық тұр аспан.
Табылар Мәншүк, Әлия,
Қарасаң әрбір сыныптан.
Атының сай боп мәніне,
Өсуді ойлар бәрі де.
Батыр аттас балалар
Туыла берер әлі де.
- Балалар, бұл өлең кімдер туралы айтылып жатыр?
- Сендер батыр деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Ия, балалар, қазақ батырлардың мақсат-мұраты – халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау.
- Батырлар елін, жерін, халқын сүйген, халыққа қамқоршы болған. Балалар, сендер қандай батырларды білесіңдер?
- Ия, балалар, сонымен қатар халықтың тәуелсіздігі үшін, ата-ананың амандығы үшін күрескен бірнеше мың батырлар бар. Балалар мен сендерге атап кеткім келеді. Ұлы Отан соғысының батырлары Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова бейне таспадан көрсету.
Балалар әрбір мекемені тани білулері керек. Балаларға сұрақ қою.
- Бұл ескерткіш кімдердің ескерткіштері? Бұл қай көшеде орналасқан? (Балалардың жауабы).
- Балалар, осы батырлар туралы білгілерің келе ме?
Суретімен таныстыру (Қарасай, Ағынтай).
Қарасай батыр (1598-1671) Алатаубөктерінде туып-өскен. Жетісуда Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғыста қол бастаған батыр, руы Шапырашты. Ағынтай батыр (1599-1672) Сарыарқа өңірінде дүниеге келіп, өмір сүрген. Ағынтай мен Қарасай Жетісу өңірінде танысып, сол азаттық соғыста бірге шайқасқан. Қасиетті бабаларымыз қазақ даласын бағынғысы келген жауға қарсы ұрыста біріне-бірі арқаларын түйістіріп қойып шайқасады екен. Егер де арқаларын сүйеп түйістірілмесе шайқаса алмайды екен. Арқа иықтарын сүйеп түйістірсе бір-біріне қорған, пана бола білген. Сол бабалар қанды ұрыстардан аман шығып отырды, қасиетті туған жерімізге де жау аяғын тигізбеді.
Қарасай батыр бабамыз ел шетінен жау арылып, тыныштық орнаған бір сәтте, досы Ағынтайды сағынып, өз көшімен досының еліне көшіп келеді. Мауқын басқан соң 1671 жылы 73 жасында дүниеден өткен. Ағынтай батыр 1672 жылы дүниеден өткен.
Олардың бейіті Көкшетау жеріндегі Айыртау өңіріндегі Құлшынбай төбесінің биігінде жатыр. Қасиетті бабалар қалдырған достық пен бірлікті ерлік пен елдікті енді біздер қастерлей білейік!
Мынау ескерткіш осы ата-бабаларымыздың рухына қойылған.
- Балалар, осы батырлар қазақтың жерін жаулардан қорғаған. Басқа елдің адамдары тартып алмақ болғанда, осы бәріміз тұрып жатқан жерлерді қорғап қалған (Қазақстан жерін картадан көрсету). Ол кезде мылтық болған жоқ. Олар шоқпар сойылмен, найзамен, садақпен соғысқан (саймандарды көрсету). Ол батырлар соғыс майданында сауыт киген (көрсету).
Балалар мақал-мәтелдер айтты:
1. Өжет адам өлімді женеді.
2. Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса – жер ырысы.
3. Батыр бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі.
4. Батыр болсаң, жауың кетті,
Шешең болсаң, дауың кетті.
Шаруа болсаң, қойың кетті.
- Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Кімге не ұнады?
- Сендер батыр болу үшін көп оқуларың керек, білімді, еңбекшіл, көпшіл болуларың керек, естеріңе сақтаңдар: 7 мамыр күні «Отан қорғаушылар күні» деп аталады.
Интерактивті тақтаны қосу «Мәңгі отты» көрсету. Ата-бабаларымыздың рухына бір минуттық тыныштық сақтау.
Талдықорған қаласы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.