Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бауырымен жорғалаушылар. Сүтқоректілер -

Бауырымен жорғалаушылар. Сүтқоректілер

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1708 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сыныбы: 3 « В»
Пәні: Дүниетану
Мұғалімі: Кембаева Ләззат

Сабақтың тақырыбы: Бауырымен жорғалаушылар. Сүтқоректілер
Сілтеме Оқулық 140 – 142 бет, сабақ жоспары
Сабақтың жалпы мақсаты: Бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілер туралы түсінік беру
Оқыту нәтижелері Бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілер жайлы біледі
Бұл топтағы жануарлардың ерекшелігін түсінеді.
Бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілердің айырмашылығы мен ұқсастығын анықтау
Әдіс – тәсілдері «Кім жылдам?, Ойлан тап» ойындары, ой қозғау,ой шақыру,венн диаграмма, жеке, жұптық,топтық жұмыс, «Әр суретті орнына қой» ойыны
Негізгі идеялар Түрлі тапсырмалар орындауда топтық, жұптық жұмысқа қалыптастыру, еркіндік атмосферасын құру, оқытудың жаңа тәсілдерін оқыту үдерісінің тәжірибесіне енгізу.
Көрнекілігі Суреттер, жұмбақтар, үлестірме қағаздар, АКТ, фишкілер,маркер, А4 парағы, маркер
Уақыт кезеңі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе
3 мин
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сыныппен амандасу
Жануарлардың тобы арқылы топқа бөлу. Топ ережесін еске салу
Психологиялық жаттығу
Алақанды созайық
Сәттілік тілеп сабаққа
Көңілді де болайық. Оқушылар амандасады
Жануарлар тобына қарай топқа бөлінеді
Топ ережелерін айтады

Психологиялық жаттығуды орындайды
Тұсау кесер
15 мин Үй тапсырмасын сұрау Жеке жұмыс
Балықтар мен Қосмекенділер тақырыбының түсінігін сұрау. Қосымша сұрақтар қою
Салып келген суреттерін тексеру
«Кім жылдам?» ойыны арқылы сұрақтар қойып, сабақты қорытындылау
Фишка арқылы бағалау
«Ойлан тап» Жұмбақ шешу
Жетектесең жетеді,
Тұздың алып кемесі.
Шың көтеріп келеді. ( Түйе)
Иреленген денесі бар,
Түсінің сусы бар. ( Жылан)
- Түйе, жылан жануарлардың қай тобына жатады?
Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
Ой қозғау Топтық жұмыс
- Бауырымен жорғалайтын қандай жануарларды білесіңдер? Оларды атаңдар, немен қоректенеді? Неге бауырымен жорғалаушылар деп атайды?
- Сүтқоректілер жайлы не білесіңдер? Неге сүтқоректілер деп атайды?
« Ой шақыру» ойыны Жұптық жұмыс
1 тапсырма суретке қарап мына жануарлар қандай топқа жататынын және ерекшелігін анықта.

2 тапсырма суретке қарап жануарлар тобына жіктеу

Бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілер жайлы ғылыми түсінік беріледі
Бауырымен жорғалаушылардың екінші атауы-рептилия. Тасбақаның арқасында қосымша қатты тас сияқты терісі бар
( Панцирь). Сұркелестің ұзындығы 1,5м
Арыстанның аяғы. Табанында жұмсақ жастығы және өткір тырнағы бар.Сүтқоректілердің ең үлкен тобы-кемірушілер. Маймылдар приматтар тобына жатады Өткен сабақ бойынша түсінгендерін айтады және қосымша сұрақтарға жауап береді. Салып келген суреттерін көрсетеді
«кім жылдам?» ойыны арқылы сұрақтарға жауап береді
Фишка жинау

Жұмбақтарды шешеді

Түйе мен жылан жануарлардың қай тобына жататынын айтады

Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныс болады

Бауырымен жорғалайтын жануарлар жайлы айтады

Сүтқоректі жануаралар жайлы өз ойларын айтады

Жануарлардың қандай топқа жататынын анықтап, ерекшелігін айтады

Жануарларды тобына қарай жіктейді

Жаңа сабақты ұғынады
Негізгі бөлім

15 мин Оқулықпен жұмыс Топтық жұмыс
І топ: Бауырымен жорғалаушылар мәтінді оқып, түсінік айту
ІІ топ: Сүтқоректілер мәтінді оқып, түсінік айту
ІІІ топ: Бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілердің суретін салу, талқылау
IV топ: Жануарлар туралы мақал-мәтелдер құрастырады, жұмбақ құрастыру
Бағалау
Дәптермен жұмыс
Бауырымен жорғалаушылардың екінші атауы-рептилия. Тасбақаның арқасында қосымша қатты тас сияқты терісі бар
( Панцирь)
Сергіту сәті Оқушылар мәтінді іштей оқып ,мазмұнын талқылайды
Бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілердің суретін салады және талқылайды

Жануарлар туралы мақал –мәтел, жұмбақ құрастырады

Топтар бірін-бірі бағалайды
Мадақтау, 2 жетістік, 1 ұсыныс
Дәптерге жаңа сөздерді жазып алады

Сергіту сәтін жасайды
Қорытынды
10 мин Ой толғаныс Топтық жұмыс
Бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілердің айырмашылығы мен ұқсастығын анықтау
«Әр суретті орнына қой» ойыны арқылы сабақты қорытындылау
Бағалау Веннн диаграмма арқылы бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілердің айырмашылығы мен ұқсастығын анықтайды,
Әр жануарларды тобына қарай орнына қояды.
Мадақтау, 2 жетістік, 1 ұсыныс
Бағалау
1 мин Бүгін сабақ ұнады ма?
Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін бағалайық.
2 жетістік, 1 ұсыныс айтылады
«Бағдаршам» әдісін ұсынамын Оқушылар өздері қол жеткізген фишкалар арқылы бағаланады
Түсіндім дегендер – жасыл түсті көтереді, орта түсіндім дегендер – сары түсті көтереді, түсінбедім дегендер- қызыл түсті көтереді
Рефлексия
1 мин Сабақтан алған әсерлерін ауызша айтады Сабақ ұнады ма? Қандай тапсырма орындағанда қиын болды?. Оқушылар сабақтан не үйренгенін және не қиын болғанын, сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады,ауызша айтады
Үйге тапсырма:
1 мин Бауырымен жорғалаушылар. Сүтқоректілер түсініп оқу.
Бауырымен жорғалаушылар. Сүтқоректілер туралы мәлімет жинау Оқушылар үйге берілген тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, түсінбегенін сұрайды
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.