.
.
Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік сабағы Бейбітшілік сабағы
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2452 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: 1.Оқушыларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.
2.ХХ ғасырдың елімізге сыйлаған басты байлығы Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегені жайында бастауыш сынып оқушыларына жете түсіндіру.
Көрнекілігі: интерактивті тақтада «Тәуелсіздік тірегі – қайсар рухы қазақтың!», «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыптарымен жинақталған суреттер, қанатты сөздер.
Мұғалім: 1991 жыл – Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй – тәй басқан республикамыз бен оның халқы үшін ерекше жыл. Сол күні республикамыздың аспанында қазақ елінің өз Жалауы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды.
(Слайдпен жұмыс. Ел рәміздерімен таныстыру.)
Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан күн сәулесі, астында қияға қанат қақақан қыран тыныштықтың, берекелі өмірдің белгісі, ал ою- өрнек қай елдікі екенін аңғартады. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір мата. Күн – шұғыла және қыран бейнесі алтын түсті. Матаның сол жағында ұлттық өрнегі бар тік жолақ орналасқан. Еліміздің рәміздерін, соның ішінде қасиетті Көк байрағымыз бен Елтаңбамызды, Әнұранымызды өз жанымыздай қастерлеу, оған зор құрметпен қарап тұмардай сақтау – бәріміздің абыройлы міндетіміз. Көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақтың айналасында күн сәулесінен тарап уықтар орналасқан, оны аңыз әңгімелердегі пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғары жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген сөз бар. Қазақстан мемлекеттік Елтаңбасының реңдік белгісі екі түсті: алтын және көгілдір түсті.
(Слайдпен жұмыс)
Адамзаттың, мемлекеттердің тұтастай даму тарихына үңілер болсақ, азаттық үшін, бостандық үшін, тәуелсіздік үшін күрестің толассыз жүргізілетінін байқаймыз. Тіпті, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін де оны сақтап қалу, баянды ету, ұрпаққа аманаттау – ұлы борыш. Міне, біздің Қазақ елінің тәуелсіздік алғанына биыл жиырма жыл толады. Бұл бір қарағанда тым азғантай мерзім. Алайда, осы жиырма жылда Қазақстан аяғынан қаз тұрып қана қоймай, әлемдік өркениетте орны бар әлеуетті мемлекет ретінде қалыптасты. Экономикасы дамыды, әлеуметтік жағдайы нығайып, елдің еңсесі көтерілді. Қазіргі Қазақстанда тұратын жүзден астам этностың тағдырын қазақ тағдырынан бөле-жара қарамай, барлығын бір ананың баласындай бауырға тарту нәтижесінде еліміз ішкі-сыртқы саясатта үлкен беделге ие болды. Жас мемлекетімізде саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім қалыптасып, Қазақ халқының береке, бірлігі артты. Ана тілімізге деген құрмет Ата Заңымыздан бастау алды.
Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың: «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», деген ұстанымы бүгінде біздің жолбасшымызға айналып отыр. Сонау тоқсаныншы жылдардағы күйреп қалған шаруашылықтар, босап қалған дүкен сөрелері, елді жайлаған жоқшылық пен қымбатшылық аз уақытта еңсеріліп, халықтың тұрмысы оңалды, экономикадағы өрлеу елдің әл-ауқатын арттырды. Бұл тұрғыдан алғанда мемлекеттік меншікте, мемлекеттік кәсіпорындарда, мемлекеттік шаруашылықтарда ғана жұмыс істеп үйренген халық жаңа жұмысқа баулынды, кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасалды, «жекеменшік» деген ұғым қалыптастырылды, адамдардың жаңадан өмір сүруіне қолдау көрсетілді. Сол жылдардағы ел басына түскен қиындықтарды, кедергілерді, тапшылықтарды санап тауыса алмайсыз. 1993 жылдың 12 қарашасында төл теңгеміздің дүниеге келуінің өзі бізді болашаққа бастайтын батыл қадам еді. Сондай-ақ, мемлекеттік рәміздеріміздің бекітілуі, шекарамыздың айқындалуы – осының бәрі тәуелсіз мемлекет үшін аса қажет құндылықтар болатын.
«Тәуелсіздік бізге не берді?» деген кезде, жер көлемі жағынан әлемде 9-шы орын алатын Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтан өз орнын ойып тұрып алғанын айтар едім. Жаңадан салынған елордамыз – Астанамыз бар. Астана қаласының салынуы республикамыздың әлеуметтік, экономикалық және саяси дамуына, ұлттық қауіпсіздігіміздің нығаюына үлкен үлесін қосты. Есілдің жағасындағы ару қала тарихи маңызды оқиғалардың ордасына айналды. Астанада ХХІ ғасырдағы ЕҚЫҰ-ның тұңғыш Саммиті өтті. Қысқы Азиада-2011 спорт сайыстарының салтанаты да Астананың мәртебесін, қазақстандықтардың рухын көтерді.
Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанда қазақтардың саны 40 пайыз ғана болды. Яғни, біз өз мемлекетімізде тұрып, өсім жағынан азшылық жағдайда қалып келдік. Оның әртүрлі себептері болғанын білеміз. Дегенмен, тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін ондағы негізгі ұлт, мемлекет құраушы ұлт сан жағынан басым болуға тиісті еді. Бұл бағытта да жүргізілген оңтайлы көші-қон, демографиялық саясат тәуелсіздік жылдары қазақтардың санын 6,5 миллионнан 10,3 миллионға жеткізді. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, Қазақстандағы қазақтардың саны 63,6 пайыз болды, яғни 20 жылға жуық уақыт ішінде қазақ халқының саны 3,8 млн. адамға көбейді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.