Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бейнелеу өнері Аппликация. -

Бейнелеу өнері Аппликация.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1929 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Бейнелеу өнері
Аппликация.

Сабақтың мақсаты:
Бейнелеу өнеріндегі «аппликация» ұғымымен тереңірек таныстыру арқылы оқушылардың өз беттерімен, тақырып бойынша аппликация жапсыру арқылы дербес ойларын, шығармашылықтарын дамытуға мүмкіндік жасау.Ұқыптылыққа,әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Аппликация түрлері,түрлі-түсті қағаздан ,табиғи материалдардан,киізден жасалған аппликациялар,қатырма қағаздардан жасалған жұмыстар,суреттер,оюлар түрлері.
Сабаққа қажетті құралдар: техникалық құралы:магнитафон.
Сабақтың түрі : пәнаралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілік,шығармашылық жұмыс.
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру .
Психологиялық дайындық.
- Балалар ,бүгін аптаның қай күні ? (Дүйсенбі)
-Бүгінгі сабағымыз ерекше,себебі бізге қонақтар келіп отыр .Қонақтарға жақсы көңіл –күй сыйлап,орнымыздан тұрып бір-бірімізге жарқын жүзбен қарап,алақанымыз арқылы жылылық берейік.

ІІ.Өткен сабақтарды қайталау.
«Қай ою?» ойыны арқылы өткен сабақта алған білімдерін пысықтау.
Мақсаты:көрсетілген оюды дұрыс атап,қай оюлар қатарына жататынын айту керек.
1. Жұлдыз.(Ай,күн жұлдыздарға ,көк әлеміне байланысты ою-өрнек)
2. Балта.(Құрал-жабдықтарға байланысты ою-өрнек)
3. Көбелек.(Жәндіктерге байланысты ою-өрнек )
4. Қошқармүйіз. Ботакөз.(Малға,малдың дене мүшелеріне байланысты ою-өрнек)
5. Сынық мүйіз. (Малға байланысты ою-өрнек)
6. Тарақ. (Тұрмыс құралдарына байланысты ою-өрнек)
7. Сәндік ою-өрнектер,бұл ою түрлерін қайда қолданады?

ІІІ.Жаңа сабақ .

Қолымдағы ою туралы не айталасыңдар?
Қандай оюлар қатарына жатады ?
Қалай жасалған ? (түрлі-түсті қағаздарды жабыстыру арқылы)
- Ендеше балалар бүгінгі біздің өтетін тақырыбымызға да жеттік.
Тақтадағы кесте ашылып,бүгінгі сабақ түсіндіріледі.
«Аппликация» атауы латын тілінде «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзден шыққан.Аппликацияға аса көңіл бөлген француз суретшісі Анри Матисс
(1869-1954) «Қайшыны пайдалану арқылы кереметтей аппликация түрлерін жасауға болады » деген жақсы пікір айтқан екен.

Аппликация

1).Түрлі қағаздармен орындалатын.
б.з.д. Грецияда пайда болған.
2).Әр түрлі мата,киіз,тері,шүберек түрлерінен жасалатын.
ХҮІ ғас.Италия мен Испанияда,ХҮІІғас.Германия мен
Францияда пайда болған.ХҮІІІ-ХІХғас.Ресейде дамыды.
3.Табиғи материалдардан (сабан,ши,қамыс)

Аппликацияның қай халық өнерінде болса да алатын орны ерекше.Әсіресе қолданбалы өнерде көп қолданылады.Аппликация шығыс пен батыс елдерінде,сонымен қатар Орта Азия және Қазақстанда жақсы дамыған.Қазақ халқының ақ,қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмағының өзі-аппликацияның бір түрі.
Аппликация

Сәндік: Сюжеттік:
қабырға газеттері,альбом, әр түрлі тақырыпқа,шығармашылыққа
папкалар безендіріледі. байланысты орындалатын жұмыстар.
әр-түрлі өрнектермен.

ІҮ.Оқушылар жұмысы.
-Балалар қазір мен өлең оқимын сендер сол өлеңді толықтырып,қай жыл мезгіліне байланысты ененін айтасыңдар.
Күн нұрын сепкен,
Жер жылып,кепкен.
Тал бүршік төккен
Көңілді қай ай? (Көктем)
Дұрыс,таптыңдар балалар,енді көктем туралы тағы не айталасыңдар?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Жыл мезгілі көктемге байланысты көріністерді көз алдарыңа елестетіп,өз ойларыңмен «Көктем»тақырыбына аппликация құрайсыңдар.
Ү. Өздік жұмысы (оқушылар өз беттерімен тақырып бойынша жұмыс жасайды.)
(Оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйылауға магнитафоннан көктем туралы ән қойылып тұрады.)
ҮІ.Сергіту сәті.
Көктем туралы өлеңдер оқылады.
ҮІІ.Сабаққа қорытынды жасау.
Тақтада ілінген ватманға ,алдын-ала қиылған суреттерді орын орнына дұрыс жабыстара отырып,жалпы бүгінгі өткен сабаққа қорытынды жасалады да жанына оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырылады.
ҮІІІ.Үйге тапсырма : сюжеттік аппликация жасап келу.
ІХ.Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.