.
.
Математика, 2-сынып. Берілгені бойынша бөлу. Практикалық есептер шығару.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3890 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: Берілгені бойынша бөлу. Практикалық есептер шығару.
Сабақтың мақсаты.
Білімділік мақсаты: оқушыларды бөлу амалының мән-мағынасын ашатын есептермен таныстыру, практикалық жұмыс жасауға үйрету.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың танымдық қабілеттерін кеңейте отырып, ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: үйренген білімді өмірлік жағдайда пайдалануға, есеп шығаруға үйрету, көңілді тапсырмалар арқылы математика пәніне қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа біліммен таныстыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, практикалық, сұрақ-жауап, ойын, тест.
Көрнекілігі: сиқырлы шаршылар жазылған плакат, есеп мазмұнына байланысты суреттер,жемістер суреті.
Жаңа технология: активстудио құралдарын пайдалану, флипчартпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: қызықты математика, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.
Сабағымыз басталды,
Балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар,
Сабаққа зер салыңдар.
Үй тапсырмасын тексеру. №8. «Сиқырлы шаршылар».
Жаңа сабақ.
а) Жаңа материалмен таныстыру.
1.Практикалық іс-әрекет орындау арқылы бөлу жұмысын ұйымдастыру. Оқушылардан 12 дәптерді 2 оқушыға немесе 2 қорапқа бөліп салуды сұраймын.
1-тәсіл: барлығын таратып біткенше бір-бірден береді немесе салып отырады.
2-тәсіл: көз мөлшерімен екіге бөліп, содан кейін санайды.
Нәтиже: 12 дәптер тең екі бөлікке бөлінеді.
ә) Флипчартпен жұмыс (№1, №2 тапсырмалар орындалады).
№1. Оқушылардың назарын тақтадағы суретке аударамын. Оқушылардан сурет бойынша бөлудің қалай орындалғанын түсіндіріп, жинақтап көрсету сұралады.
а) 6 алманы 2 тәрелкеге тең бөліп сал. Әр тәрелкеге неше алмадан салынады?
Оқушылар жауабы: әр тәрелкеде 3 алмадан.
ә) 6 алманы 3 тәрелкеге тең бөліп сал. Әр тәрелкеге неше алмадан салынады?
Оқушылар жауабы: әр тәрелкеде 2 алмадан.
Қорыту.6 алма (немесе 6 саны) 2 бөлікке және 3 бөлікке тең бөлінеді.
Тапсырма №1.
Есепке сурет салып шығару арқылы практикалық жұмыс жүргізуге үйрету.
а) 8 шие 4 тәтті нанға тең бөлінді. Әр тәтті нанға неше шиеден қойылды?
Жауабы: 4 нанға 2 шиеден қойылды.
ә) Мектеп асханасында 10 тәтті тоқашты 2 ыдысқа тең бөліп салды. Әр ыдысқа неше
тоқаштан салынды?
Жауабы: 2 ыдысқа 5 тоқаштан салынды.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Қолды алға созайық.
Бір отырып, бір тұрып
Демімізді алайық.
Есептер шығару.
№3. Тақтаға мысалдар жазылған плакат ілінеді. Мұндағы бос шаршыларға тиісті сандарды жазып «Балапанға көмектесейік» ойыны жүргізіледі.
5 жүзд. 3 онд. = □ 4 жүзд.8 онд. = □ 74 онд. = □
2 жүзд.8 бірл. = □ 3 жүзд. 2 бірл. = □ 8м 5 дм 4 см = □ см
5 м 2 дм = □ см 3 м 7 дм 1 см= □ см
№4. Амалдарды орында.
100- (32-25) (45+25) -12
(100-82) +23 24- (82-78)
25 + (90-23) 12 + (80-45)
Рефлексиялық-бағалау кезеңі.
-Балалар, сабақ ұнады ма?
- Сабақтың қай кезеңі қызықты өтті?
-Қандай тапсырмаларға белсенділікпен қатыстыңдар?
Бағалау, мадақтау.
Үйге тапсырма: №5, 228 бет
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.