.
.
БЕСІК ЖЫРЫ Бесік жыры
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1691 | Размер: | Автор: Нартай4540(ЖАҢА САБАҚ)
Джумагалиева Гульмира Алибековна
Бастауыш сынып мұғалімі
Е. Ниетқалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауданы
Сабақтың тақырыбы: Бесік жыры
Сабақтың мақсаты: а) қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі - бесік
жырымен таныстыру.Бесік жырының мән – мағынасын
түсіндіру. Бесік және оның жабдықтары туралы мағ-
лұмат беру.
ә) Бесікке бөлеу рәсімін көрсету.Тіл байлығын арттыру.
б) Мейірімділік, қамқорлық, анаға деген құрмет сезімін
ұялату. Халық салт - дәстүрімен таныстыра отырып,
адамгершілік тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: қуыршақ, бесік, оның жабдықтары, сурет,сөзжұмбақ,
шиырма.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, қызығушылықты ояту
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың оқу құралдарын тексеру, сабаққа зейінін аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
- Біз қандай бөлімді аяқтадық? («Жаздыгүні шілде болғанда»)
- Бұл бөлімнен нені меңгердік екен. Қане, бәріміз мына тест сұрағына жауап берейік.
Тест сұрақтары:
1. «Жаз» кімнің өлеңі?
а) Абай ә) Сәкен б) Ілияс
2. Ең ыстық жаз айы.
а) Маусым ә) Шілде б) Тамыз
3. С. Мұқановтың әңгімесі.
а) «Таңның атуы» ә) «Шыбынсыз жаз» б) «Көлде»
4. Атаның баласына малды мі ндетуі қай өлеңде айтылған?
а) «Дала» ә) «Жаз» б) «Малсақ бала»
5. І. Жансүгіровтың әңгімесі.
а) «Шәркей» ә) «Кеш» б) «Жаңбыр»
III. Жаңа сабақ
Ал енді мына сөзжұмбақты шешейік.
Б а т ы р
Е т і с т і к
С а ғ а т
І р і м ш і К
К і т а п
Ж а з
Ы б ы р а й
Р а й ы м б е к
Ы с т ы қ
1. Е.Ниетқалиев кім?
2. Заттың қимылын білдіретін сөз табы.
3. Уақытты өлшейді.
4. Қазақтың ұлттық сүт тағамы.
5. Не білім бұлағы?
6. Жыл мезгілі.
7. Тұңғыш қазақ педагогы, ұстаз.
8. Қазақ батыры.
9. Жазда ауа – райы қандай болады?
- Дөңгелекте қандай сөз шықты?
- Бесік жыры дегеніміз не?
- Оны қай кезде айтады?
- Міне, біз бүгін жас нәрестенің ұйықтайтын, демалатын орны – бесікпен танысамыз. Оның жабдықтарымен, бесікті тербеткенде айтылатын тілек – өлең – бесік жырымен танысамыз.
- Мынау не?Ол сендерге таныс па?
- Дұрыс – ақ. Бесік – сәбиге әрі үй, әрі төсек.
- Ал осы бесікке қандай төсеніштер салады?
- Бесік 8 түрлі нәрсемен жабдықталады.
- Ассоциация құру. Тоғыз көз моншақ
Қауыздау үкі
ақ жастық
пышақ
тартпа бас жастық
жамбас жастық
- Енді мен сендерге бесікке бөлеу рәсімін көрсетейін. Сендерде осындай кішкентай сәби болдыңдар. Сендерді де аналарың бесікке салып,тербетіп бесік жырын айтқан. Енді сәбиді бесікке қалай бөлейтінін мұқият қараңдар.(көрсетемін)
Жас нәрестені бесікке бөлеу ежелден келе жатқан ата - баба дәстүрлерінің бірі. Бесік жыры – ананың балаға деген тілегі, өлеңі. Бесікте жатқан сәбиін тербете отырып, анасы баласына жақсы тілектер айтады. Әлемдегі ең асыл дүниеге теңейді.
Нәрестені бесікке бөлемес бұрын не бөлегеннен кейін адыраспан шөбін түтетіп аластайды. Аластағанда былай дейді:
Алас, алас, баладан алас,
Иесі келді, пәлесі көш.
Алас, алас, бәледен алас,
Көзі жаманның көзінен алас, - деп бесікке бөлейді.
Міне, балалар, сәбиді бесікке бөледік. Енді тербете отырып, «Бесік жырын» айтайық.
1. «Бесік жыры» мәнерлеп оқу.
2. Шумақтап оқыту.
3. Сөздік жұмыс.
Құндызым – өзен – көлде тіршілік ететін терісі бағалы аң болады.Сол құндыз терісінен тігілген жылтылдақ, әдемі жағаға теңейді.
Құрағым – көл, су жиегіне жайқалып өсетін жас шөпке теңеу.
Ұста – темірден бұйым жасайтын қолы шебер адам.
Шешен – сөзге шебер, тілге жүйрік адам.
- Бала дүниеге келген соң жүруге жараған кезде оны не істейді?
- Тұсауын қалай кеседі? Білеміз бе?
- Ертеде бала жүруге жараған кезде оның тұсауын 3 түрлі тілекпен кескен екен:
1. Баланың тұқымы шөптей көп болсын деп, аяғын шөппен есілген жіппен тұсап кеседі.
2. Малы көп және семіз болсын деп, тоқ ішекпен кеседі.
3. Адал, шыншыл, біреудің ала жібін аттамасын деп, ала жіппен тұсап кеседі.
Қорытындылау.
Сұрақ – жауап әдісі:
- Анасы баласын жұбатқанда не айтады?
- Сәбиін неге теңейді?
- Қандай тілек айтады?
- Сендерді аналарың еркелеткенде қандай сөздер айтады?
- Өлең неге «Бесік жыры» деп аталған?
Мағынаны тану.
V
(Нені білемін?) ?
(Не білгім келеді?) +
(Үйрендім)
Сәбиді бесікке бөлейді,сәби төсегі т.с.с. Қалай бөлейді?
Бесік жыры деген не? Бесік жырының мағынасын, бесік жабдықтарын т.с.с.
Үйге тапсырма. «Бесік жыры» өлеңін оқу, қалаған шумағын жаттау. Басқа бесік жырлары
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.