Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бесік жыры. Тұсау кесу жыры. -

Бесік жыры. Тұсау кесу жыры.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2851 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бесік жыры. Тұсау кесу жыры.
Сабақтың мақсаты:оқушыларды қазақтың салт-дәстүрімен,әдет-ғұрпымен таныстыру.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже:өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра түсінуге мүмкіндік беру.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі:оқушылардың өз ойларын қорытындылай білуіне жағдай жасау,тіл белсенділігін арттыру,есте сақтау қабілеттері мен оқу және жазу мәдениетін дамыту.
Тұлғалық нәтиже:анаға деген сүйіспеншілігін арттыру,мамандық таңдай білуге жетелеу,үлкенге ізет,кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер,слайдтар,ребус, үнтаспа.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:шаттық шеңбері,сұрақ-жауап,ассоциация,сын тұрғысынан ойлау,көрініс.
Пәнаралық байланыс:музыка,қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.Шаттық шеңбері.
Амансыңдар ма, балалар!Сендерді көргеніме қуаныштымын. Кәне,бәріміз шеңберге тұрып амандасып алайық.
Оқушылар шеңбер құрып,қол ұстасып өлеңді мұғаліммен бірге айтады.

Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.

-Рахмет,балалар,енді орнымызға отырайық.
Үй тапсырмасын сұрау.
1. Өс, ұлан! Өлеңді жаттау.
2.Ассоциация «Денім сау болсын десең».
І.Қызығушылықты ояту.
Әңгіме: «Бәрінен жақсы».
Бір кішкентай қыз,көшеде анасынан адасып қалыпты.Ол анасын іздеп жылап келе жатады.Сол кезде алдынан бір бала шығып былай дейді:
-Сен жылама,мен сені анаңа алып барамын.
-Сенің анаң қандай еді?
Сонда қыз жылап тұрып:менің анам ең жақсы адам,ол бәрінен де жақсы! –депті.
- Ал енді сендерге сұрақ:Анамызды не үшін жақсы көреміз?
1-топ.Ойшылдар тобы:
«Ана»тақырыбына тірек сөздер арқылы шығарма жазу.
2-топ.Жүйріктер тобы:
Ана туралы мақал-мәтелдер айту.
1.Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
2.Ағайын- алтау,ана-біреу.
3.Ананың сүті-бал,
Баланың тілі бал.
4.Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
5.Ердің анасы-елдің анасы.
6.Анасын сүйгеннің баласын сүй.
7.Анаңды Мекеге үш рет арқалап барсаң да,
Қарызынан құтыла алмайсың.
8.Ағайынның алтын сарайынан,
Ананың жыртық лашығы артық.
ІІ.Мағынаны тану.
1.Ең алғаш сәби дүниеге келгенде анасы сәбиін қайда жатқызады?
-Бесікке.
2.Бесікке бөлеу қазақтың салт-дәстүріне жатады.Балаға байланысты басқа тағы қандай салт-дәстүрді білесіңдер? Ассоциация.

3.Ребус шешкізу: Бес, ішік,жылқы,тары. «Бесік жыры».
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы осы «Бесік жыры». «Тұсау кесу жыры».
Бесік тербеткен ананың,тұсау кесу рәсімінің слайдтан суретін көрсету.
1.Автор туралы айту.
Бұл бесік жырының авторы-халық.«Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп Абай атамыз айтқандай,балаға ақ сүтімен бірге сіңген ана әлдиі ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан-ұрпаққа тараған.Ауыз әдебиеті-бұрынғы адамдар жазудыбілмеген кезде ән,жыр, күйді балалары естіп, ұғып алған,оны өз балаларына
үйреткен,сөйтіп осы дәуірге жеткен.
Сен сәбиді өлеңмен әндетіп,тербетіп ұйықтататынын білесің. Мұндай жырды «Бесік жыры»деп атаған.Ал бала қаз тұрып жүре бастағанда,ата-анасы тұсау кесу рәсімін жасайды.Ауылдағы пысық,абыройлы адамға баланың тұсауын кестіреді.Осы рәсім кезінде «Тұсау кесу жыры»айтылады.
2.Өлеңді мәнерлеп оқу.
3.Сөздік жұмысы.
Күрмеу-баланың аяғына байланған ала жіп.
Тақым-тізенің астыңғы,ішкі жағы.
3.Оқушыларға тізбектеп оқыту.
Бесік жыры баланы тыныштандырып,жұбатады екен.Балаға жағымды әуенмен айтылады,әуен-сазсыз мәні де,сәні де болмайды.Ендеше,
«Бесік жырын» тыңдайық.
4.Сергіту сәті: «Бесік жыры» әнін тыңдату.Слайдтан оқушылардың сәби кезіндегі суретін көрсету.
ІІІ.Ой толғау.
Сабақты қорытындылау.
-Бесік бабамыздан қалған киелі мүлік.Қазақ бесікті қатты қадірлейтіндігі сонша,атасы жатқан бесікке баласы,немересі,шөбере,шөпшегін бөлейді.
Бесікке салу рәсімін көрсету.
1.«Бесік жырын» айтып отырған кім?
-Ана.
2.Анасы баласының кім болуын қалайды?
Ана тілегі:Ұста, Шешен, Балуан болса екен деп тілейді.
3.Бесік жыры не үшін қажет?
-Сәбиді ұйықтату үшін қажет.
4.Өлең неліктен «Бесік жыры» деп аталған?
-Себебі сәбиді ұйықтатуға арналған жыр.
5.Бесікке байланысты қандай тыйым сөздер білесіңдер?
-Бесікті сәбисіз құр тербетуге болмайды.
-Бесікті бос кезде бүркеулі ұстау керек,ашық ұстауға болмайды.
-Өз отбасындағы бесікті біреуге сатуға болмайды.
Бағалау.
Үйге тапсырма. Аналарыңның саған айтқан бесік жырын жазып,жаттап келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.