Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бидай мен Қаңбақ. А. Тоқмағамбетов -

Бидай мен Қаңбақ. А. Тоқмағамбетов

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1351 | Размер: | Автор: Нартай4540
.
Бидай мен Қаңбақ. А. Тоқмағамбетов

Акбарова Милятхан Абликиновна

«Тиірмен қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Тиірмен селосы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Бидай мен Қаңбақ» мысалының басты идеясын түсіндіру
Сабақтың міндеттері: 1) Бидай мен Қаңбақ кейіпкерлері арқылы мысалдың мағынасын түсіндіру.
2) Өлеңді мәнерлеп, рөлге бөліп оқи білуге баулу.
3) Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу, өзіндік
Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, сөзжұмбақ, күз мезгіліне байланысты үлестірмелі суреттер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылармен сәлемдесу,түгендеу
б) оқушының құрал-жабдықтарын алғызу
в) оқушының назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Ұнатамын күзді мен» өлеңін жатқа айту
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Бүгінгі сабағымыз тілдер мерекесіне арналады.
ІV. Жан-жақты білімдерін тексеру:
«Алтын күз» тақырыбындағы сурет бойынша әңгіме-сұхбат өткізу.
V. Жаңа сабақ: а) Электронды оқулықпен жұмыс
1)Жұмбақты шешу.
а) Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында малы бар. (бидай)
ә) Шеңбер жасап өседі,
Желмен бірге көшеді. (қаңбақ)
2) Бидай мен Қаңбақ мысалын оқып, мазмұнын ашу.
3) Тапсырмаларды орындау
- Мысалды рөлге бөліп, мәнерлеп оқыту.
- Төменде берілген жолдар мысалдағы қай кейіпкерге қатысты екенін айт: Бидайға ма, Қаңбаққа ма?
- Осы жолдарды қатыстырып бидай мен қаңбақ туралы жұмбақ құрастырыңдар.
- Дұрысын айтқан Бидай ма, Қаңбақ ма?
б) сергіту сәті.
VІ.Бекіту: Сұрақтарға жауап беру
- Өмірде Бидай мен Қаңбақ сияқты адамдардың болатындығын айт.
- Бидайдың қандай пайдасы бар?
- Нан қалай жасалатынын айт.
VІІ. Қорытындылау: Бүгінгі сабағымыз тілдер мерекесіне арналады деп сабағымыздың басында айтқанбыз, соған байланысты тақтадағы сөзжұмбақты шешейік
Қ ұ н а н б а й
А л т ы н с А р и н
к ү З
ш о қ А н
А с Қ а р

к і Т а п
б І л і м
ә Л і п п е
к ү н І ң

1.Абайдың әкесінің аты кім?
2.Алғаш мектеп ашқан кім?
3.Абайдың өлеңі.
4. «Зерек» әңгімесінде кім туралы айтылған?
5.Бүгінгі өткен мысалымыздың авторының аты кім?
6. «Ақбілек» романының үзіндісі не деп аталады?
7.Кітаптан не аламыз?
8.Алғашқы оқулық
9.Оқусыз білім жоқ
Білімсіз........ жоқ

VІІІ. Үйге тапсырма: Мысалды мәнерлеп оқып келу. 25-26 беттер
Оқушыны бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.