.
.
Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау Білімді тиянақтау
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1499 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаттары: Білімділік : Әңгімені, өлең мәтінін мәнерлеп, қатесіз оқу, әңгіме мазмұнын түсіндіру. Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Қыс туралы алған білімдерін пысықтай отырып,тарау мазмұнын ашу. Дамытушылық: Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін , өздігінен жұмыс істей алуын дамыту, сатылай кешенді талдау технологиясы арқылы қорытынды шығаруға машықтандыру. Тәрбиелік: Қысқы табиғат көрінісін баяндау арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Слайдтар, оқулық, жұмыс дәптері. Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, дүниетану. Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы Сабақтың түрі: Дәстүрлі Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, ойландыру, әңгімелеу, проблемалық ізденушілік Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Біз қандай тарауды аяқтадық ? (Қыс бейнесі тарауын аяқтадық) Біз бұл тараудан жылдың қай мезгілінде болатын құбылыстармен таныстық? (Қыс мезгілінде болатын құбылыстармен) Кәне, қыста қандай құбылыстар болады? (боран, қар, қырау, мұз,аяз) Міне, соларды ескере отырып, біз бүгінгі сабағымызда қыс мезгіліндегі құбылыстар туралы , яғни қыс бейнесі туралы өз білімімізді көрсетеміз. Біз бүгінгі сабағымызды «Кім жүйрік ойға сол алда » дегендей сабағымызды жарыс түрінде өткіземіз. Бұл жарысымыздың аты «Жұлдызды сәт» ойын түрінде өтеді. 2. Үй тапсырмасын сұрау.
Біз сабағымызды бастамас бұрын үй тапсырмасын тексеріп алайық. Үй тапсырмасы «Қызықты алтылық ойыны арқылы тексеріледі» (1- слайд) Жақсы балалар, үй тапсырмасына өте жақсы дайындалып келіпсіңдер. Біз енді «Жұлдызды сәт» жарысымызды бастамас бұрын екі топқа бөлініп алайық. Бұл жарыста «Қыс бейнесі» тарауынан алған білімімізді еске түсіріп алайық. Әр топтың жауаптары қыс мезгілінде жауатын мына қарлар арқылы әр топ өздеріне ұпай жинайды. Қай топ көп қар жинаса, сол топ жеңіске жетеді. Сабаққа білімізді көрсетіп, ойымызды ашық айтып, ұйымшылдықпен қатысып отырайық. Екі топқа бөлінгеннен кейін біздің топтарымыздың аты болу керек. Ол үшін мына ребусты шешу арқылы өз тобымыздың атын табамыз. Ребусты шешкенде қыс мезгілінде болатын құбылыстардың аты шығады. (2- слайд) Екі топ өздеріне ат қойып алды. Енді екі топ капитан командаларын сайлап алуы керек. Екі топ капитан командаларын сайлап алды., ендеше жарысымызды бастаймыз. I- айналым «Мықты болсаң тауып көр» деп аталады. Мұнда екі топқа үш сұрақтан қойылады. «Қыс бейнесі» тарауынан. Бірінші топқа бір мәтінен үзінді оқылады, сендер оны қай мәтінен екенін және авторын табасыңдар . (3- слайд) Екінші топқа бір өлеңнен үзінді оқылады. Сол өлеңнін аты мен авторын табасыңдар. (4- слайд) Бірінші топқа өлең оқылады. Сол өлеңнің авторы мен атын табуларың керек. (5- слайд) Екінші топ бір мәтіннен үзінді оқиды. Сол мәтіннің авторы мен атын табу керек. (6- слайд) Бірінші топқа өлең оқылады. Сол өлеңнің авторы мен атын табуларың керек. (7- слайд) Екінші топқа өлең оқылады. Сол өлеңнін авторы мен атын табу керек. (8- слайд) II- айналым. 1- топ «Венн диаграммасы» (10- слайд) III- айналым. «Ойлы болсаң ,озып көр» деп аталады Мұнда екі топ төрт жұмбақ жасырады. Шешуін табасыңдар. (11- слайд) IV – айналым . «Кім тапқыр» . Бұл айналымда төрт өлеңнін екі жолы беріледі. Екі жолын өздері жалғастырады. (12- слайд ) V- айналым. «Жүйрік болсаң ,шауып көр» деп аталады. Мұнда екі топтың капитан командалары шығып мақал – мәтелдерді айтып жарысады. VI-айналым. «Болмасаң да ұқсап бақ» Осы берілген сөздер арқылы қыс мезгіліне байланысты өлең құрастырасыңдар. Мына тапсырма 1- топқа арналған .
---------------------------- жапалақтап, ---------------------------- шапалақтап. ---------------------------- киеді, ---------------------------- сүйеді. Мына тапсырма 2- топқа арналған --------------------------- аппақ --------------------------- жақсы- ақ -------------------------- тоймаймыз, -------------------------- ойнаймыз. VII-айналым. «Жүйрік топты анықтау» Біз бүгін жүйрік тобымызды анықтау үшін мына қарларды санауымыз керек. Қай топ көп қар жинапты? Қорытынды. Бағалау. - Балалар, біз бүгін қандай тарауды аяқтадық?(«Қыс бейнесі»тарауын) - Сонымен бүгінгі жарыс сабағы сендерге ұнады ма? - Кәне кім айтады ? Осы қыс мезгіліндегі айларды кім атап береді екен? - Қыс айларындағы мерекелерді кім атап береді екен? - Бүгінгі сабаққа барлықтарын үлкен дайндықпен келгендерің көрініп тұр. - Бүгінгі алған білімдерің , ертеңгі күндеріңе қажет болады. Сондықтан күнделікті сабаққа дайындықпен келу керек. -Бүгінгі сабаққа барлық балалар өте жақсы қатысты. - Сау болыңдар.
Дайындаған:
4 «А» сынып мұғалімі
К.Ф Дүйсембаева
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.