.
.
Шығыс Қазақстан облысы «Білімді тиянақтау»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1212 | Размер: | Автор: Нартай4540Глубокое ауданы, Алтай кенті
Жаңа Ертіс орта мектебі
Математика
Сабақ тақырыбы: «Білімді тиянақтау»
Орындаған: Турымова М .Ж .
Сыныбы: 4 «А»
2011-2012 оқу жылы
Сабақ тақырыбы: Білімді тиянақтау
Мақсаты: Оқушылардың білімін сараптау.
Өздігінен білім алуға, еңбекке бейімдеу арқылы, жылдам ойлауға,ойын
қорыта білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Керекті кұрал: Суреттер, сандар, карточкалар, макеттер.
Сабақ барысы:Ұйымдастыру
Кел ортаға шығайық,
Шеңбер жасап тұрайық.
Ақпыз,сары қарамыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Бүгін біз еліміздің бас қаласы Астанаға саяхат жасаймыз. Алматыдан Астанаға көшу қай жылы басталды?
- 1997 жылы.
- Осы сан туралы не айта аламыз?
Дәптерімізді ашып ,бүгінгі күнді жазамыз. Саяхатқа шықпас бұрын мына алтын ұя мектебіміз бізге жолдама беріп отыр ол жолдаманы жеңіп алу үшін сүрақтарға жауап беру керек.
Математикалық диктант.
- 1 км неше метр?
- Ауданның өлшем бірлігі?
- Ең кіші 4таңбалы сан?
- Бір жылда неше ай?
- 1тоннада неше кг?
- Жылдамдықты қалай табамыз?
Астанаға поезбен барамыз, оған билет алу керек ол үшін жылдамдыққа, уақытқа, қашықтыққа байланысты есеп шығарамыз.
Өскеменнен Астанаға дейін 950 км .Поезд сағатына 60км жылдамдықпен жүрді.Ол қанша уақытта Астанаға жетеді?
Астанаға жеттік. Автобусқа отыру керек. Билетте теңдеу бар шығарамыз. Сынып үш топка бөлінеді. Әр топқа теңдеу беріледі.
х*6=912 848+х=908 273:х=7
Бүгін жұма күні болғандықтан мешітке барайық. Мешітке кірмес бұрын мешіт құрылысына көз салайық. Ол қандай геометриялық фигуралардан тұрады?
Мешітке кіру үшін бірнеше логикалық есептерді шешіп жіберейік.
1. Кеше Айнұрдың туған күні болды. Ертең бейсенбі. Айнурдың туған күні аптаның қай күні болды?
2. Шөпте бірнеше қояндар тығылып отыр, бірақ бізге тек 10 құлақ көрінеді. Барлығы канша қоян тығылып отыр?
3. Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты?
4. Бір адам қалаға бара жатып, жолда 3 танысын қарсы кездестірді. Қанша адам қалаға барды?
5. 1 кг темір мен 1 кг мақтаның қайсысы жеңіл?
Сергіту сәті:
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға,солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
Астана көркі-Бәйтерек.
Бәйтерек тарихына шолу.
Оқулықтан 128 беттегі №7 есепті шығару.
«Білімдінің беті жарық. Қайда барса да жолы ашық» дегендей, Астананың білім ошағы Еуразиялық ұлттық университетіне кіру үшін тест шешу керек.
1. Ұзындығы 9 см,ені 7см тіктөртбұрыштың ауданын, периметрін тап
а) 32, 16 в) 63, 32 с) 19, 14 д) 32, 9
2. Бірдей 9 ыдыста 45 кг бал бар.Осындай 12 ыдыста неше кг бал бар?
а) 60 в) 5 с ) 3 д) 12
3. 682 санында неше ондық бар?
а) 682 в) 68 с) 2 д) 82
4. 1 тәуліктің 1/6 бөлігі нешеге тең?
а) 8 в) 4 с) 6 д) 3
5. Шаршының Р - 20 см қабырғаларының ұзындығы нешеге тең?
а) 5 в) 4 с) 10 д) 15,5
6. 2 кл 321 бірлігі, 1кл 2 бірлігі
а) 3212 в) 32102 с) 321002 д) 32120
7. 20 метр үшін 2000 теңге төленді. 1800 теңгеге осындай неше метр сатып алуға болады?
а) 100 м в) 900 м с) 18 м д) 1900 м
8 . Секундпен өрнекте: 25 минут 12 с.
а) 1512с в) 37 с) 1500 д) 2220с
9. 9250630 санында екінші кластың қанша бірлігі бар?
а) 30 в) 630 с) 9250 д) 250
10. (179010:3-18733)*0 амалын орында
а) 0 в) 54051 с) 53 д) 1
Бағалау: Топ басшылар өздерінің тобындағы оқушылардың ұпай санын «бағалау шкаласына» қарап анықтайды.
Үйге тапсырма: 130 беттегі № 5-есеп.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.