.
.
Ерейментау білім бөлімі « Бірдей қосылғыштардың қосындысын табу»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3008 | Размер: | Автор: Нартай4540Павловка орта мектебі
Тақырыбы :
« Бірдей қосылғыштардың қосындысын табу»
Өткізген: Арилина А. Б.
ТАҚЫРЫБЫ: Бірдей қосылғыштардың қосындысын табу.
МАҚСАТЫ:
1). Оқушылардың бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға, әр түрлі тапсырмалар орындауға, екі және бір амалды есептер шығаруға, теңдеулер шешуге үйрету;
2).Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту,қиялын ұштап,қабілеттерін шыңдау, іскерлік дағдыларын қалыптастыру;
3).Оқушылардың ойын арқылы ақыл-ой белсеңділігін тәрбиелеу,алғырлыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу. Сауатты, таза, әдемі жазуға баулу .
Әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру.
Түрі : жарыс, ойын.
Көрнекіліктері: тірек сигнал карточкалары, дөңгелектер ( қызыл, сары, көк)
« ТЕЛЕФОН» , « ДЕНСАУЛЫҚ ШЫҢЫ», « ОЙЛАН, ТАП» ойындары, перфокарталары, кесте, гүлдер.
БАРЫСЫ: І . Ұйымдастыру кезеңі.
1). Оқушылардың назарын аудару. Сәлемдесу.
2). Жеке каточкалармен жұмыс.(4 оқушы)
3). Өткен тақырыпты қайталау:
а) тірек сигнал карточкалармен жұмыс: 2 онд.8бірл.+7бірл.
2онд.+3онд.; 9 онд-2 онд.
4). « Телефон» ойыны ( ауызша шот)
ІІ ЖАҢА САБАҚ.
1). Сабақтың мақсатымен, тақырыбымен танысу
2). Кестемен жұмыс (тақтада)
- Екі домбырадан неше рет алынған ?( 3 )
- Барлығы неше домбыра? (6)
- Қандай бірдей қосылғыштармен 6 санын алмастырдық? ( 2+2+2)
- Екі түймеден неще рет алынған? (4)
- Барлығы неше түйме? (8)
- 8 сансын қандай бірдей қосылғыштардың қосыдысымен алмастырдық ?
( 2+2+2+2)
ІІІ Оқулықпен жұмыс.
1). « Денсаулық шыны» ойыны. (Тақтаға «Денсаулық шыны» ілінеді) . Оқушылар тапсырмаларды дұрыс ,тиянақты орындап, топпен шынға көтеріледі. Жазылған сиқырлы сөздерді хормен оқиды.)
2). Дәптермен жұмыс а) ай,күнді жазу
№3( тақтада). Оқушылар кезек-кезекпен шығып , тапсырмаларды орындайды.
2+2+2+2 3+3 5+5
4+4 2+2+2 2+2+2+2+2
6+6 4+4+4 3+3+3
3+3+3+3 2+2+2+2+2+2
№4. Есепті оқу, талдау.
- Наурыз мерекесіне неше парақ түсті қағаз жұмсалды?
- Ақ қағаз туралы не айтылды?
- Есептің сұрағы қандай?
- Есеп неше амалмен шығарылады?
- Неліктен ?
Түсті қағаз – 37
Ақ түсті -? 18 парақ артық
(38+18)+37=92 парақ
Жауабы: барлығы 92 парақ қағаз жұмсалды
- Бірінші амалмен нені біліп алдық?
- Екінші амалмен ше?
-Есепті бір амалмен шығарылатын есепке айалдырыңдар
-Не істеу керек?
-Есепті оқыңдар және шығарыңдар.
Түсті қағаз-37парақ
Ақ түсті-?18 парақ артық
37+18=55 парақ
Жауабы: 55 ақ парақ жұмсалды
IV Сергіту сәті. «Менің досым»
V. Бекіту 1). «Белгісіз санды тап» ойыны.
Алдымызға бүркіт кедергі болды. Ол бізге тапсырма дайындап қойыпты, егер оны дұрыс орындасақ, жоғары көтерілеміз.
Белгісіз саннан 32-ні кеміткенде 53 болды.
Х-32=53 бұл не? (теңдеу)
х=53+32
х=85
85-3=53
53=53
Бір оқушы шығару жолын түсіндіреді.
2). «Білім арқаны» ойыны.
-Екі оқушы тақтаға шығып, тапсырманы орындайды:
(12 6) =8
(12+6)-10=8
(12-6)+2=8
-Орындағаннан кейін екі гүлді алып, сиқырлы сөздер оқылады. (хормен)
VІ. Қорыту
-Қандай тақырыппен таныстық? Денсаулық шыңына жету үшін қандай тапсырмалар орындадық? Денсаулықтарың мықты болу үшін не істеу керек?
VІІІ. Үйге 149 бет№6
ҮІІ.Бағалау
-Оқушылардың білімін дөңгелектерің көмегімен бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың білімін бағалау.
ҮІІІ. «Тілектер » ойыны
Бекітемін:
Павловка орта мектебінің
директоры Исатаева Б.Г.
«__» қыркүйек 2010ж
Математика пәнінен элективті курстың бағдарламасы
Тақырыбы:
Құрастырған: Арилина А.Б.
Оқытудың мақсаттары:
1. Сан ұғымын кеңейту. Миллион көлеміндегі сандарды оқу және жазу, одан соң миллиард көлемінде жүзеге асыру.
2. Сандарды оқу, жазу және салыстыруға үйрету.
3. Қосу мен азайтудың азызша тәсілдері, сандардың құрамы және амалдардың қасиеттері туралы түсіндіру. Амалдар алгоритмінің элементі түрлері жаттықтырылады.
4. Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдерін мысалдар арқылы жаттықтыру, сандар аймағының кеңеюіне алынған білім жүзеге асырылады.
5. Көбейту мен бөлуді алгоритмін кезеңдер бойынша енгізу. Қалдықпен бөлуге жаттықтыру.
6. Арифметикалық амалдардың қасиеттері мен заңдары туралы білім негізінде құрама есептерді әр түрлі тәсілімен шығаруға үйрету.
7. Алгебра және геометрия элементтерін оқыту.
8. «Үлес» ұғымын енгізу. Есептер шығару.
9. «Теңдеу және теңсіздіктерді шешу» тақырыбы бойынша білімдерін жүйелеу және тереңдету.
10. Әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,оқушылардың есеп шығаруға практикалық дағдыларын дамыту және қалыптастыруға жағдай жасау.
11. Шығармашылық және логикалық ойлауларын дамыту.
12. Білімін пайдалану және өздігінен білім алу дағдыларын дамыту.
13. Оқушының математикалық мәдениетін көтеру.
№ Сабақ тақырыбы сағат саны мерзімі
1 Сандар нумерациясы. 2
2 Көп таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру. 2
3 Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу. 2
4 Ұзындықты өлшеу.
Миллиметр 2
5 Уақытты өлшеу. 2
6 Массаны өлшеу. 2
7 Қосу мен азайту. (ауызша) 2
8 Қосу мен азайту. (жазбаша) 2
9 Көбейту мен бөлу. (ауызша) 2
10 Көбейту мен бөлу. (жазбаша) 2
11 Қалдықпен бөлу. 2
12 Есептер шығару 2
13 Алгебра элементтерін оқыту. 2
14 Теңдеулер шешу. Күрделі теңдеулер. 2
15 Геометрия элементтерін оқыту. 2
16 «Үлес» ұғымын қалыптастыру. 2
17 Шамалар және оларды өлшеу. 2
Күтілетін нәтиже:
1. Дүниетанудағы математиканың ролі, математикалық зерттеу әдістері туралы көзқарастарын қалыптастырады.
2. Есеп шығарудың әртүрлі әдіс-тәсілдері, негізгі алгоритмдері туралы білім алады.
3. Алған білімдерін сыныптан тыс жерде тиімді қолданабілуге үйрету.
4. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, шапшаң есептеуге дағдыландыру.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Логика әлемі» 3,4 сынып. (Ерешова К., Райымбеков Қ., Амановаи А.«Өлке» баспасы)
2. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптар мұғалімдеріне арналған (Т.Қ.Оспанов, О.В.Кочеткова, Ж.Қ.Астамбаева-Алматы, 2005).
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.