Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Біріккен сөздердің жазылуы -

Біріккен сөздердің жазылуы

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2779 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сыныбы: 4 Күні: 30.11.2012 ж
Сабақтың тақырыбы
Біріккен сөздердің жазылуы

Мақсаты

Біріккен сөздердің ішінен екі түбірдің арасында екі дауысты дыбыс қатар келгендегі дыбыстық өзгерістерді түсіндіру.
Қазақстанның тұңғыш президенті- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағы, жастық шағы қалай өтті? Отбасы туралы не білеміз? Қазақстанның дамуына қандай үлесін қосуда?
Күтілетін нәтижелер

Берілген сөздерден мәтін құрады.Сөйлемдерді оқып, біріккен сөздерді табады және қандай түбір сөздерден бірігіп тұрғанын дәлелдейді.Дыбыстық өзгерістерді айтады.Топта топтық, зерттеушілік әңгіме жүргізіп, постер құрастырады. Критерийлерге сүйеніп жұбын,тобын бағалай алады. Өмірден мысал келтіреді.
Керекті жабдықтар

Оқулық, Н.Назарбаевтің фотосуреттері, флепчарт, маркер.
Үлестірмелі қағаздар, бағалау парақтары.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
(3-минут)

Оқушылармен амандасу,
Қазақ тілім, өз тілім – ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлейтін дана тілім,
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.
-Міне балалар кемеңгер, ақындарымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі сабағы.
Оқушыларды түстерге байланысты 6 топқа бөлу.
Оқушылар мұғаліммен амандасады.
Өлең жолдарын мұқият тыңдайды.

Оқушылардың назарын сабаққа аударады.Өз-өздерін реттейді.
.

Алты топқа бөлініп,өз орындарын табады.Оқу-құралдарын түгелдеп,топ мүшелерінің сабаққа әзірліктерін тексереді.

Тұсаукесер
7-минут

-Елбасы, Үшағаш,Нұрсұлтан ата, Елорда сөздеріне мұқит қараңыздаршы, қандай сөздер?
-Біріккен сөздер дегеніміз не?

Осы сөздерді пайдалана отырып қысқа мәтін құрастырыңыздар. (3-минут)
(Әр оқушы жеке орындайды.Орындап болған соң, дәптерлеріңізді көршілеріңізбен ауыстырыңыздар.Өзара бір – біріңізді бағалаңыздар.(2-минут)

Топтан «5» деген баға алған оқушы «Автор орындығына» отырып,мәтінін мәнерлеп оқу керек.(2-минут)


-Біріккен сөздер

-Ереже айтады.Мысал келтіреді. Қандай түбір сөздерден бірігіп тұрғанын дәлелдейді.

Төрт сөзіді байланыстырып, дәптерлеріне қысқа мәтін құрайды.

Оқушылар жазған мәтіндерін көршілеріне беріп, өзара жұптарын бағалайды.

Реті Критерийлер баға
1 Тірек сөздер қолданылды, сөйлемдер бір- бірімен жүйелі байланысқан, тақырып идеясы толық ашылған 5
2 Тірек сөздерді қолданған, сөйлемдер құрастырған ,бірақ толық тақырып ашылмаған 4
3 Сөйлемдер құрастырды, бірақ тірек сөздер толық қолданылмаған, мағыналық байланыс жоқ 3

Топ мүшелері «Автор орындығы на» өздері ұсынып шығарады, сондқтан да оны топбасшы етіп тағайындайды.

Негізгі бөлім
(23-минут) -Тұңғыш президент – Нұрсұлтан Назарбаев туралы не білгілеріңіз келеді?Не қызықтырады?

Бүгінгі жаңа сабақта осы сұрақтарға жауап іздейміз және біріккен сөздердің жазылуы туралы мәліметер аламыз.
Ереже:
1.Жер- су аттарын білдіретін біріккен сөздерде қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылады.
2.Екі түбірден бірігіп жасалған кісі аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылады.

«Алты қалпақ »әдісі бойынша жұмыстнамыз.( 20-минут)
Ақ қалпақ: Н.Назарбаевтің балалық шағы
Сары қалпақ: Жалынды жастық кезі
Қызыл қалпақ: Отбасы
Жасыл қалпақ: Бос уақыты мен хоббиі
Қоңыр қолпақ: лауазы мен атағы
Көк қалпақ: Елдің дамуына қосып жатқан үлесі туралы мәтін беріледі.
1) Іштей оқисыңдар (1-мин)
2) Топта талқылайсыңдар.(5-мин)
3) Мәтіннен нақты қажеттісін алып, постер құрастырамыз (10- мин)
4) Мәтіннен біріккен сөздерді табамыз (4- мин) -Балалық шағы қалай өтті екен?
-жастық кезінде қандай қызықтар болды екен?
- отбасы, балалары, немерелері туралыбілсем деп едім
-Ол қалай президент болды?

Мысалы: Сарыадыр, Шиліөзен.

Мысалы: Торайғыр, Мырзәлі

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы мұқият тыңдайды. Мәтінді іштей оқып, түсінгендері бойынша топтық, зерттушілік әңгіме жүргізеді.Топ мүшелерінің бірі сурет салады, екіншісі қысқаша түсінгендерін жазып отырады, үшіншісі бояйды, төртіншісі брлығын қадағалап, бағыт- бағдар беріп отырады.Барлығы берілген үлестірмелі қағаздарынан біріккен сөздерді табады, сөздерің жазылуына мән береді.

Топ бір- бірін «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» айту арқылы бағалайды.

Қорытын-ды бөлім.

(7-минут)
Республикасының тұңғыш президенті – Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының авторлық әні «Үшқоңыр» оқушылардың сүйемелдеуімен орындалады.
Президентке арнап шығарған өлеңдерің бар ма? Мәнерлеп оқи қойыңдар.(Оқушыларды ынталандыра отырып бағалап жіберем) Қазақстан

Бүінгі сабаққа қатысу деңгейлері үшін оқушыларға формативті бағалары қойылады.

-Сабақ соңында Нұрсұлтан атамызды төл мерекесімен құттықтап ақ тілектеріңізі, жұлдыздарыңызды жолдаңыздар.

Оқушылар президенттің жан- жақты дарындылығына таң қалады.Оны өздеріне үлгі етеді, мақтан тұтады.

Сыныптағы дарынды оқушы Серіков Тоқтардың және Кенжалиева Гүлсаяның президентке арнап шығарған өлең шумақтары оқылады.

Топ басшысы топ мүшелерін берілген бағалау өлшемдеріне байланысты бағалайды және қойған бағаларына түсініктеме айтады.

Әр топ 1 тілек пен 1 жұлдыздарын ұсынады. Мысалы :
1тілек: Сізге зор денсаулық тілейміз
1 жұлдыз: Біз сізді мақтан тұтамыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.