.
.
Сабақтың тақырыбы: Бос тау жыныстары Бос тау жыныстары
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2699 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Бос тау жыныстары мен олардың маңызы туралы білім негізін қалыптастыру.
Дамытушылық: Тапсырмалар арқылы балалардың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, зейінін дамыту.. Оқушыларды өз бетінше ой қорытып сөйлеуге машықтандыру.
Сын тұрғысынан қисынды ойлау білігін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Экономикалық, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Ауызша сабақ
Сабақтың әдісі: ізденушілік, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, проблемалық
Сабақтың көрнекілігі: кесте, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
2-3 Оқушы түсінгенін айтады.
ІІІ Үй тапсырмасын бекіту
Сұрақтар беру
-Тығыз тау жыныстарына нелер жатады?
-Тау жыныстары деп нені айтады?
-Құмтас қалай пайда болады?
-Гранитті қайда қолданады?
-Құмтасты қайда қолданады?
-Қандай процесті тау жыныстарының пайда болу кезеңдері дейді?
ә) Сызбаны толтыру
ІҮ Жаңа сабақ
2. Мәтін бойынша тірек сөздерді тақтаға жазу
(Мұғалім тақырыптан 7 кілтті сөз таңдап, жаттап алуға 30 секунд уақыт береді)құм
құрғақ ермексаз әйнек саз кірпіш зат
3. Тірек сөздерді дәптерге жатқа жазу
(Тақта жабылады да, балалар жаттап алған сөздерді 30 секунд көлемінде жазады. Егер 63% оқушы 7-6 сөз жазса, норматив тапсырылды деп есептелінеді)
4. Тексеру
(Оқушылар сөздерді жазып болғаннан кейін блок ашылады да, қалып қойған сөздерін толықтырып жазады)
5. Мәтінді оқушылардың өз бетінше оқуы
(Оқушылар берілген мәтінді іштей оқып, тірек сөздерді мағынасын ашуға дайындалады. Сонымен бірге мәтінді өте көңіл бөліп оқу керектігі жөнінде нұсқау алады, өйткені мұғалім сын тұрғысынан сұрақ қою кезінде көңілін әрбір детальға аудару керек)
Оқу уақыты: 1 бетке – 3 минут.
6. Берілген тірек сөздердің мағынасын ашу
(Оқушылар тірек сөздер бойынша мәтінді мазмұндауы тиіс. Мұғалім барлық оқушыдан сұрауға тиіс)
Ү Жаңа сабақты бекіту
7. Сын тұрғысынан сұрақтар
( Мұғалім оқушыларға тақырып бойынша сұрақ қояды, жауабын қате етіп береді. Формула бойынша үш дұрыс емес және бір ғана дұрыс жауап болуы қажет. Жауабына 3 секунд беріледі)
1. Бос тау жыныстары - құм және саз. (Иә)
2. Құм суда еритін берік түйіршіктердентұрады.(Жоқ. Ерімейтін берік түйіршіктерден тұрады.)
3. Құрғақ құм түйіршіктері бір-бірімен тығыз байланысады.( Жоқ. Сусып, бір-бірімен байланыспай тұрады.)
4. Құм су қоймаларындағы суды ластайды. (Жоқ. Құмды су қоймаларында ауыз суды сүзіп, тазартуға пайдаланады.)
5. Түйіршіктерінің құрамына қарай құмның түсі де түрліше - ақ, қара, сұрғылт, сарғыш болып келеді. (Иә).
6. Құмды ас тұзына қосып үй құрылысына пайдаланады. (Жоқ. Цементке қосып үй құрылысына пайдаланады).
7. Құмды мәрмәрмен араластырып кірпіш құяды. (Жоқ. Сазбен араластырып кірпіш құяды.)
8. Таза саздан әйнек дайындайды.(Жоқ. Таза құмнан әйнек дайындайды.)
9. Саз үгілген тау жыныстарының ең ұсақтарының суда тұнуынан пайда болады.(Иә.)
10. Саз - өте қатты тау жынысы.( Жоқ. Өте майда тау жынысы).
11. Саз құрғағанда илеуге келеді.( Жоқ. Тас сияқты қатып қалады
12. Сазды суға салса, жібімейді. ( Жоқ. Суға салса, жібіп, илеуге келеді).
13. Саздан құм араластырып, отқа төзімді заттар, бағалы ыдыс - аяқ, құмыралар жасайды. (Иә.)
14. Саздан қалыпқа келтіріп алған заттарды берік болуы үшін суға салады.(Жоқ. Отқа күйдіреді.)
15. Шаруашылықта құм мен сазды көп пайдаланбайды.(Жоқ. Көп пайдаланады..)
16. Ермексаз - арнайы май қосылмаған саз.( Жоқ Арнайы май қосылған саз - ермексаз.)
17. Саз біздің сурет салатын қарындашымыздың және ермексаздың құрамына енеді.(Иә)
YI Сарамандық жұмыс:Екі стақанға шұңғыма бекітілген.Құйылған су бірінші стақанға жақсы ағады да, екіншісіне әлсіз ағады. Қайсысында қандай тау жынысы барын анықтаңдар.
ҮІI Қорытынды
Тесттік тапсырмалар:
1. Бос тау жынысқа...... жатады
а) құм және цемент
ә) мұнай, газ
б) құм және саз
2....... суға ерімейтін берік түйіршіктерден тұрады.
а) саз
ә) құм
б) әктас
3. Өте майда тау жынысы не деп аталады?
а) саз
ә) құм
б) ермексаз
4. Арнайы май қосылған саз не деп аталады?
а) саз
ә) құм
б) ермексаз
5. Неден әйнек дайындайды?
а) саздан
ә) құмнан
б) әктастан
ҮІІI. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма
1. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндау.
Жаттап тоқы көңілге.
«Абай мен Әбіштің сырласуы» атты қысқаша көрініс.
(Абай - Мейрам, Әбіш - Рауан)
- Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық.
Рауан: Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі - оның бақыты, оның қуанышы.
Аманжан: Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру - әрбір қазақ отбасының жүрегі.
Айбек: Халықтың қуаты - тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.
- Балалар, тіл туралы қандай мақалдар білеміз?
1. Өнер алды қызыл тіл.
2. Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
3. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ..
4. Тіл қылыштан өткір.
5. Басқа бәле тілден.
Мұғалім: Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Осымен біздің тіл мерекесіне арналған сабағымыз аяқталды.
Мақалаға белгі:Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз, тәрбие сағаты, қазақ тілі, тіл туралы
Алғыстар: 2
Автор: Зархам Ердигуль
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
- Балалар, кәне, бір-бірімізге жақсы лебіздерімізді білдірейік.
- Қайырлы күн, қайырлы таң, әрқашан күн сөнбесін.Аспан ашық. Аман болайық. Деніміз сау болсын. Бәріміз дос болайық. Тату болайық. Нанымыз көп болсын. Сабақты жақсы оқиық.
- Балалар, біз бүгін «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты тәрбие сағаты болмақ. Бізге қонаққа әдемі қыз келіпті.
- Сәлеметсіздер ме, балалар? Менің атым Әдемі қыз. Мен сендерге құр қол келгенім жоқ. Тапсырмалар ала келдім.
- Біз үлкенді қалай құрметтейміз, қалай сыйлаймыз?
Үлкеннен бұрын сөйлемеу, алдын кеспей құрметтеу керек.
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса,
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де.
Жақсы бала қандай болады?
Таза жүректі, әдепті, үлкенді тыңдайтын.
Жақсылыққа құштармыз,
Жақсы адам болып шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс.
Апаң сенің базардан,
Алма сатып әперді.
Ең үлкенін, жақсысын,
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек,
Рахмет сізге деу керек.
Көлік ішінде егде адамдарға не істейміз?
Үлкенге орын беру. Амандасу. Ұлдар аталарды көргенде «Ассалаумағалейкум» десе, апа, әже, апайларды көргенде «Сәлеметсіз бе?» деу керек.
Ойын: Қозғалмалы ойын.
Жақсылық пен жамандық туралы мақал-мәтел.
Жақсы аймен күндей,
Әлемге бірдей.
Жақсы туса, ел ырысы,
Жаңбыр жауса, жер ырысы.
Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады,
Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.
Жақсының жүрген жері базар,
Жаманның жүрген жері азар.
Сергіту сәті.
- Кәне, балалар, орнымыздан тұрып, бой сергітіп алайық.
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Балапанға бидай шаш.
Әй-әй балақан,
Жамандықтан қаш.
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Жалқауға жан жуымас.
Әй-әй балақан,
Жамандықтан қаш.
- Балалар, бізге Әдемі қыз суреттер алып келіпті. Сол суреттер бойынша сөйлесейік. Жаман әдеттерді қара қалтаға саламыз. Жақсы әдеттерді қызыл қалташаларға саламыз.
- Мына суретке қараймыз, не көріп тұрмыз? Қыз бала мен ұл бала ағаш отырғызып ожатыр. Бұл балалар қандай балалар?
Жақсы, онда Ілияс қай қалтаға салады екенін көрейік.
- Екінші суретке қарайық. Не көріп тұрмыз?
- Отырғызып қойған ағашты бала келіп сындырып жатыр. Бұл қандай бала?
Әмина қандай қалтаға салады екен.
- Ендігі суретте не көріп отырсыңдар?
- Бұл суретте бала ағашқа шығып, құстың ұясын бұзып жатыр. Бұл қандай бала? Жаман бала.
- Ал, мына суретте не көріп тұрсыңдар? Бала құстарға ұя жасап, талға іліп қойды. Қандай бала?
- Жақсы. Қалташаға салайық.
- Сендер мамаларың мен папаларыңа көмектесесіңдер ме?
- Кәне, қалай көмектеседі екенсіңдер көрейік.
Ұлдар:
Апам үшін күнде мен,
Отын ағаш жарамын.
Су құямын гүлге де,
Дүкенге де барамын.
Қыздар:
Сыпырамын үй ішін,
Жуам ыдыс – табақты.
Апам бірақ мен үшін,
Оқымайды сабақты.
«Жақсы мен жаман» көрініс.
Қорытынды:
- Әдемі қыз біздің балалар сен әкелген тапсырмаларды орындады. Біздің балалар жамандық пен жақсылықты ажырата біледі.
- Балалар, жақсыдан үйренеміз, жаманнан жиренеміз. Ал, Әдемі қыз келесі сабақта кездескегше сау бол.
Алтын сақа (интеллектуалды ойын – сайысы)
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты:
1. Оқушылардың бойында салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікті
одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу.Оқушылардың білім деңгейін байқау
Өз отбасын, Отанын сүйіп, әдепті болуына бағыт-бағдар беру
Оқушыларды топқа бөлу
І топ: Тапқыр тобы
ІІ топ: Намыс тобы
ІІІ топ: Жігер тобы
Сайыс бағдарламасымен таныстыру
Топты таныстыру
Топ басшыларының құттықтауы
Жалғасын тап
Кім шапшаң ?
Мәтін - мазмұнына байланысты мақал – мәтел айту
Кейіпкерге хат
Киелі сандарға байланысты сұрақ – жауап
Құпия хаттарға жауап бер
Сиқырлы ұяшықтар
Поэзия минуты
Кіріспе бөлім:
Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысатын ұландар! Бүгін 2-4 – сынып оқушылары аралығында өткізгелі отырған «Алтын сақа» ойын – сайысын көріп тамашалайсыздар. Бұл сайысқа әрбір сыныптан өздерінің ұлттық намысын топпен бірге көрсете алатын оқушылар қатысып отыр.
Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрін қастерлеген. Міне, осы уақытқа дейін, салт-дәстүріміз ұмытылмай, сақталып келді. Ендігі жалғастырушы келешек - жас ұрпақтар. Сол салт-дәстүрді жалғастырушы ұландарға сәттілік тілейік
«Алтын сақа» сайысы 10 бөлімнен тұрады.
Олай болса, өзіміз білетін ұлттық ойын түрлерін ортаға салып көрейік.
Ой қозғау.
Ұландар өнеріне әділ қазы беретін әділ қазыларымызды таныстырып өтейік.
1.Оқу ісінің меңгерушісі - Алып Баспаев
2. Бағдарлы оқыту ісінің меңгерушісі - Сарқыт Ержанова
3. Бастауыш класс мұғалімі - Жаңагүл Ағыбаева
І кезең: Топты таныстыру
ІІ кезең: Топ басшыларының құттықтауы
ІІІ кезең: Жалғасын тап
Ойынның шарты: Мен мақалдың бастапқы қатарын айтамын, келесі жолы топ жалғастырады.
1 – топ: Тапқыр тобы.
1. Өз үйім ... (өлең төсегім)
2. Батыр туса ел ырысы, ...
(Жаңбыр жауса жер ырысы)
3. Асыл тастан шығады, ...
Өнер жастан шығады.
2 – топ: Намыс тобы.
1. Отан ... (оттан да ыстық)
2. Ғылым теңіз, .... (білім кеме)
3. Оқу инемен .... (құдық қазғандай)
3-топ: Жігер тобы
1. Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде........................
ІҮ. «Кім шапшаң?» ойыны
Ойынның шарты, мен жаңылтпаш айтамын, сол жаңылтпашты қай топ жаңылмай, мүдірмей қайталайды және тез айтады сол топ жеңіске жетеді.
1 – топ: Тапқыр тобы.
Екеуінің жасы шамалас,
Бірінің шашы қара шаш
Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.
2 – топ: Намыс тобы.
Жаңылтпаш жатта,
Жаңылмай жатта.
Жатқа жатта,
Жаттамай жатта.
3-топ: Жігер тобы
Шеше, шеше, неше кесе,
Сынды кеше.
Ү. Мәтін мазмұнына сай мақал – мәтел айту.
Мәтіннің мазмұнын мұқият тыңдап алып, мазмұнына сай мақал айту. Яғни, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау керек.
І топ. Алты түлкі
Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі:
-«Сенің құйрығың жоқ» - деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.
- «Біз бір жақсы ойын ойнайық» - деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге:
- «Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін болыпты.
ІІ топ. Атасы мен немересі
Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен қалтыраушы еді.
Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды.
Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» - дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»- дейді.
Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды
(Әкеңе не қылсаң. Алдыңа сол келер)
ІІІ топ. Шибұт, Қылмойын, Қарынбас.
Қарынбас, Қылмойын, Шибұт үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап сойыпты. Тоқтыны бұзып,етін қазанға салайын деп жатады.Қарынбасқа жынын төгіп кел деп қарынды беріпті.
Қарынбас қарынды тысқа алып шығады. Сол кезде қара шыбындар қарынға да, Қарынбастың басына да үймелепті. Басындағы шыбынды қағамын деп, Қарынбас басын ұрып алыпты. Жұмыртқадай жұқа бас жарылып, жан тапсырыпты.
Қарынбас қалайша кешікті деп, Шибұт далаға шығады. Өліп жатқан Қарынбасты көре салып;
Әй, Әттеген-ай!- деп екі қолымен санын салып қалады. Сол кезде ши бұты шырт етіп, ол да мүрдем кетіпті.Шибұттың даусын естіп,Қылмойын жүгіріп шығады. Өліп жатқан екі жолдасын көреді де;
- Ойбай! Бауырым-ай!- деп дауыстай бергенде қыл кеңірдегі үзіліп кетіпті
(Ұрлық-түбі қорлық)
ҮІ. Кейіпкерге хат.
Мұхтар Әуезовтың «Жетім» әңгімесі.
Әңгімедегі басты кейіпкер Қасымға хат жазу
Шерхан Мұртаза «Интернат қоймасы».Атамырзаның айтағына ерген Серікке
хат жазу.
ҮІІ. Сұрақ – жауап.
1 – топ: Тапқыр тобы.
1. Жеті атаны ата? (Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жұрағат)
2. Қазақша ай аттарын ата? (Наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан)
3. Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы қабылданды? (30 тамыз, 1995 ж.)
4. Әнұранның авторлары ? (Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев)
5. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын әуен ? (күй)
2 – топ: Намыс тобы.
1. Үш жұртты ата? (өз жұртың, қайын жұртың, нағашы жұртың.)
2. Қазақша апта аттарын ата? (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
3. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991 ж. 1 желтоқсан)
4. Қазақстан Туының авторы ? (Ш. Ниязбеков)
5. Әнді орындайтын адамды кім дейміз? (әнші)
3-топ: Жігер тобы.
1. Үш арсызды ата?( ұйқы, күлкі, тамақ)
2. Елтаңбамыздың авторын ата? (Ш. Уалиханов, Ж. Мәлібеков)
3. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жылы 16-ХІІ)
4. Қазақ үйдің бөліктерін ата? (Кереге, уық, есік, шаңырақ)
5. Мал сүтінен жасалған қандай тағамдарды білесің? (Құрт, май, ірімшік, сүзбе)
ҮІІІ. Құпия хаттарға жауап беру.
1 – топ: Тапқыр тобы.
Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе – көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен өтірік айтқанды жаным сүймейді. Менің онымен ойнағаным дұрыс па?
2 – топ: Намыс тобы.
Құрметті оқырмандар! Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй – ішін айтып, алған ойыншықтарын көрсетіп мақтанады. Және өзінен кіші балаларды үнемі ренжітеді. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
3-топ: Жігер тобы.
Құрметті достар. Менің бір кластасым бар. Ол үнемі класқа сотка алып келеді де, біздерге көрсетіп мақтанады. Мен оның соткасын көріп, өзім де сондайын алғым келеді. Ал менде оны алатын ақша жоқ. Сендер айтыңдаршы менің не істегенім дұрыс?
ІХ. Сиқырлы ұяшықтар.
Математика пәні бойынша
1. 1 жұмыртқа пісіру үшін 5 минут қажет, 4 жұмыртқа пісіру үшін қанша минут қажет?
2. Ұзындығы 4 м, ені2 м, биіктігі 3 м. Бөлменің көлемін тап?
3. 1 сыйлықты орауға 70см жылтыр қағаз керек, 9 сыйлыққа неше метр керек?
4. Әлібек 1 айда 7 қызықты ертегі оқыды, ол бір жылда қанша кітап оқыды?
5. Ең үлкен 4 таңбалы санға 1 қосқанда неше шығады?
Қазақ тілі пәні бойынша :
1. Заттың ісін , қимылын білдіретін сөздерді не дейміз?
2. Қазақ тілінде неше септік бар?
3. Түбір дегеніміз не?
4. Мал - сөзінің алғашқы дыбысын өзгерт.
5. Жалғауы жоқ септікті ата?
Ана тілі бойынша :
1. Қала аттарын алфавит ретімен ата (Қарағанды, Көкшетау, Алматы, Шымкент)
2. Ақжолтай атанған батыр кім?
3. Жасында Төле бидің түйесін баққан хан кім?
4. Мәншүктің соғыстағы қаруы?
5. Құрманғазының анасы?
Х. Поэзия минуты.
Бүгінгі сайысқа байланысты бір шумақ өлең шығару.
ХІ. Қорытынды.
Қазылар алқасы әр сыныптың ұпайларын айтты. Сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі А.Баспаев алды.- Құрметті балалар, міне бүгін сендердің мынадай талапты, салт-дәстүрімізді жалғастырушысы екендеріңді көріп, сүйсініп отырмыз. Талаптарыңа нұр жаусын!- деп қорытындыланады...
Мақалаға белгі:Алтын сақа, интеллектуалды ойын, бастауыш сыныпқа сайыс сабақ жоспары
Әзірше ешкім рахмет айтқан жоқ
Айбары асқақ Ата Заң » тәрбие сағаты
Ақмола облысы
Астрахан ауданы
Қызылжар орта мектебі
Сынып сағаты
Тақырыбы:
« Айбары асқақ Ата Заң »
Өткізген: Бадила Сайран
2011-2012 оқу жылы.
Мақсаты: Ата Заңның бағасын білу, оқушыларды еліміздің басты құжатын құрметтеуге үйрету.
Барысы.
Жүргізуші: Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы-Конституция.
Еліміз 1995 жылы өзінің талғам –талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.
Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік.Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды.
Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі межеге биыл 16 жыл толып отыр.
«Ата Заңым» қуатым, сенім, мақсат, мұратым!
«Ата Заңымыз –айдынымыз,
Әскеріміз-айбынымыз»
Конституция күніне орай көптеген шаралар ұйымдастырылды. Соның ішіндегі басты оқиға Қазақстан Республикасының Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақ елі» монументі жанындағы алаңда өткен Конституцияның 16- жылдығына арналған әскери шеру болды. Қатысушылар алдында сөз сөйлеген Елбасы қазақ тарихында Ата Заңның алатын орны, оның қазіргі мемлекетіміздің дамуына қосып келе жатқан үлесі, Конституцияның тарихи мән-маңызы туралы айта келіп, елімізде Тәуелсіздігімізді жариялаған кезден бері атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттерге кеңінен тоқталып өтті. Осы ретте Конституцияның 16 жылдығы аталып жатқан күннің мемлекетіміз үшін мерейлі меже, айрықша маңызды күн болып саналатыны, Ата Заңымыздың еліміздің арайлы азаттығымыздың айнымас айғағы, жарқын болашағымыздың бұлжымас бағдары екені, ол еліміздің алтын арқауы, толағай табыстарымыздың бастау қайнары болып саналатыны атап көрсетілді.
«Конститутция-біздің асқақ абыройымыз»
Конститутция –кемел келешектің кепілі.
Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі- өнегеге айналды. Конститутция –біздің асқақ абыройымыз, Қарулы күштер –ашық аспанымызды қорғайтын айбынды абыройымыз!
Біздің Негізгі заң –бұл біз бірлесіп жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика тұрғызып жатқан сенімді іргетас.Қысқа мерзімде біздің еліміз болашаққа серпінді секіріс жасады. Біздің көз алдымызда еліміздің жаңа тарихы қалыптасуда.
Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі –бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату»идеясына қойылған ескерткіш-белгі. Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты мен асыл арманы бейнеленген бұл алаң –еліміздің басты алаңы. Конститутция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті.Сондықтан да біздің ортақ парызымыз –негізгі заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу.
Әрбір қазақстандықтың Конститутциясының мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы мен өз балалары үшін де мәнділігін бағалай білу, өз міндеттемелерін қастерлеп сақтап орындауы маңызды. Конститутция біздің басты құндылығымыз Тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті. Барша мемлекеттік институттардың, әрбір қазақстандықтың парызы-осы құндылықтардың қырағы күзетінде болу.
Сұрақ беріледі.
1.Тәуелсіз алғаннан кейін Қазақстанның тұңғыш Конститутциясы қай жылы қабылданды?
( 28-қаңтар 1993 жыл ﴿
2.Қазан төңкерісінен кейін Кеңестер құрамындағы алғашқы Конститутция қай жылы қабылданды?
( 1924 жылы ﴿
3.Уақыт үдерісіне сәйкес Ата заңымызға қай жылы түзетулер еңгізілді?
(1998 және 2007 жылдары ﴿
4.Конститутцияға 2010 жылы қандай толықтырулар еңгізілді ?
( Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан елдің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа заң жүзінде «Елбасы» деген атақ бекітілді.﴿
5.Қазақстан Республикасы Конститутциялық Кеңестің төрағасы кім? ( Игорь Рог ﴿
6.1996 жылы «Фемида» заңгерлер одағы құрылды. Осы одаққа қанша мемлекеттің заңгерлері кіреді?
( 12 мемлекет ﴿
7. «Фемида» сыйлығы биылғы жылы кімге берілді?
(Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа ﴿
8. Елімізде қанша этнос пен діни қауымдастық бар?
( 140 этнос пен 46 діни қауымдастық бар﴿
Қорытынды
Мұғалім: Биыл Конститутцияға 16 жыл. Осы уақытта еліміз әр түрлі діни, саяси және экономикалық түйткілдердің шешімін тауып, талай сындарлы жолдардан өткеніне қарамастан өзінің ішкі Тәуелсіздігін сақтай білді. Елбасының салихалы саясатының арқасында ұлтаралық келісім, қоғамды тұрақтылықпен қамтудың өзіндік моделі жүзеге асырылып келеді. Саясат, экономика, білім, спорт, мәдениет жағынан әлемнің кейбір іргелі елдерін қуып жетіп, тез танылып үлгерді. Елдің жаңа даму кезеңі мемлекетке де өзгерістер, тың идеялар мен жетістіктер әкелді, бұл алдағы жаңа кезеңге жол ашуда. Мемлекетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конститутциямыз кепіл бере алады. Бейбіт елдің бақытты халқы түп-қазығымыз Ата заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі –ақ талай белестерді бағындырып жетістіктерге жететіні сөзсіз.
Ата заңың-мерейің,
Мәртебең мен беделің.
Ата заңмен өркендеп,
Өсіп, өрлей берейін!
Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы
№ 47 жалпы білім беретін орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Ибрайканова Тоты Сайлаубекқызы
9 сынып
Тақырыбы: « Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың теориялық, танымдық білімдерін байқау. Тәуелсіз елдің жас ұланын еркіндікке, білімге құмарлыққа, мәдениеттілікке баулу.
Сабақтың міндеттері:
1.Білімділік:Оқушуыларға тілдің тарихын және оның маңызын түсіндіру.
2.Дамытушылық:Оқушылардың тіл байлығын дамыту.
3.Тәрбиелік: Отанды сүйуге, тілді құрметтеуге үйретуге.
Сабақтың әдісі:сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер: тақта, бор, оқулық.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Амандасу. 2. Кезекшімен сұхбат.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
Мына сұрақтарға жауап берейік:
1. ҚР мемлекеттік тілі болып қай тіл саналады?
2. Қазақстанда тіл туралы заң қашан қабылданды?
3. Қазақ тілімен туыстас тілдерді атаңдар.
4.Жаңа сабаққа кірісу.
ІІ. Жаңа сабақ.
Ал енді жаңа сабаққа кірісейік.
Ұлттық тіл – ауызекі және жазбаша түрдегі ұлттық қарым – қатынас құралы.
Қазақ тілі түркі тілдер семьясының батыс ғұн бұтағына,оның ішінде,қыпшақ тобына енеді.
Тілдер туыстас блоып саналуы үшін лексикада мағынылары жағынан бірдей,ұқсас,ал дыбысталуы жағынан бір – біріне жақын көтеген сөздердің болуы шарт.
Мысалы: қазақ тілінде - ауыр деген сөз
өзбек тілінде – оғыр
қырғызша – оор
тува және хахол – аор
түркіменше – ағыр
алтай тілінде – уур
башқұртша – ауыр
татарша – авыр болып айтылады.
Туыстас тілдердің барлығына бірдей ортақ сөздерге көбінесе туыстық қатынас пен адамның дене мүшелерін,жыл мезгілдері мен табиғат құбылыстарын білдіретін әрі төрт түлік пен өсімдік атауларына, күнкөріске қатысты сөздер жатады.
Сонымен «Қазақ тілі қашан, қалай пайда болды?Бүінгі күнге қалай жетті?Аталған тілдермен қалайша туыстас?» деген сұрақтарға жауап беру үшін түркі тілдеріне ортақ тарихқа жүгінеміз.
Қазақ тілі қыпышақ – ноғай тобына жатады. Қазақ тілінің бастауы – көне түркі тілі. Сондықтан қазақ тілі түркілік ортақ белгілерді бойына сақтаған қыпышақ тілінің заңды жалғасы болып табылады.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту жаттығулары.
8 – жаттығу.
9 – жаттығу.
ІҮ. Қорытынды,бағалау.
Ү. Үйге тапсырма.
«Ана тілім – ардағым» шағын шығарма.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Гульнурик (2012-02-22) | Автор: Тоты Сайлаубекқызы
Просмотров: 1118 | Комментарии: 2
Всего комментариев: 2
0
2 багдатовна (2012-03-07 6:29 PM)
Қымбатты Алтынай Нұрқанқызы.Лебізіңізге көп рахмет.8 наурыз мерекесімен құттықтаймын.Деніңізге саулық,бақыт тілеймін.
0
1 XAN (2012-03-02 9:47 PM)
Қазақ халқының ұлттық тілі туралы көп мағлұмат бересіз, туыстас тілдерге де көңіл бөлген. Рақмет, сабағыңыз маған ұнады.
Алтынай Нұрқанқызы
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Ата Заңым мақтанышым
Жарияланды Бүгін, 00:00 Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Ата Заңым мақтанышым»
Сабақтың мақсаты:
1) Ата Заң жайлы ұғым түсініктерін қалыптастыру, онда бекітілген баланың негізгі міндеттері мен құқықтары атты тараулармен таныстыру.
2) Оқушыларға адамның ең қымбат қазына екендігін, оның өмірімен, құқықтарымен таныстыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
3) Оқушыларды бойында Ата Заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, ән тыңдау, жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: Рәміздер, сөз жұмбақ, суреттер, ән.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың зейінін шоғырландыру. Әнұран орындалады.
I бөлім «тақпақтар» 1слайд
1 оқушы: Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым Ата Заңым қабылданып.
2 оқушы: Ата Заңым!
Арман әнім!
Сенен асқан бар ма бағым!
Жалғыз саған байланысты
Елінде еркін самғағаным.
3 оқушы: Ата Заңым!
Бар мұратым,
Жалғыз кие жанды ұғатын.
Жаңсақ бассаң жолға салып,
Тәубаңды еске алдыратын.
Мұғалім сөзі: Ата Заңым
Кемеңгерім!- деп ақын жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымыз: «Ата Заңымыз – елдігіміздің асыл тірегі»деп аталады. Тәрбие сағатымыз сұрақ - жауап, жарыс түрінде өтеді.
II бөлім «Ой сергіту» 2 слайд
Мұғалім сөзі: Адамдар алғаш пайда болған кезде олардың арасында дау - жанжалдар, келіспеушіліктер болды. Бірақ оны шешетін заң болмады. Біздің елімізде ең алғашқы Конституция негізін қалаушы - Қорқыт бабамыз. Ол кісінің конституциясы «Адат» деп аталады. Ол мынадай негізгі баптардан тұрған: Атамекенді Жерұйық деп білу, оны жаудан қорғау, жер - суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау - жанжалды ақылмен шешу, кінәліні жазасыз қалдырмау.
1. Шыңғыс ханның «Ұлы жасысы» XIII ғасырда
2. Қасым ханның «Қасқа жолы» XIV ғасырда
3. Есім ханның «Ескі жолы»XV ғасырда
4. Тәуке ханның «Жеті жарғысы» XVI ғасырда
5. Қазақстанның Кеңестік социалистік республикасының Конституциясы - 1937 - 1978ж
6. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 - 1995жыл.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 12 бабы I тармағында, құқық пен билік байланысы айтылған.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Материал рейтингісі:
Сабақтың тақырыбы: «Халқын сүйген, салтын сүйер.»
Сабақтың мақсаты: Халықтық педагогиканы негізге ала отырып, оқушылардың ұлтына, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Ұлттық салт - дәстүр үлгісінде ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақтың ұлттық сәнді киімдері, слайдтар, сөзжұмбақтар.
Әдіс - тәсілдер: баяндау, әңгімелеу, түсіндіру.
Ұйымдастыру
Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі - өзіміздің қазақ халқы. Халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан салт - дәстүр, әдет - ғұрып үлгілері мен өнегелерінің үлгілерін бүгін тамашалап көрелік.
Шілдехана
Халықтың ескі сенімінде жаңа туған нәрестені жалғыз қалдырса, әртүрлі «жын - шайтан», «перілердің» салқыны соғуы мүмкін. Сондықтан да одан оны қорғау үшін сәби дүниеге келген күні кешкілік ауыл жастары шілдеханаға жиналып, ән айтып, күй тартады. Қыз - келіншектер мен бозбалалар айтысып, жеңгендері тоғызын алып, әртүрлі ойындар өткізіледі. Кейде шілдехана үш күнге созылады. Шілдеханаға жастар жиналады. Оған үлкендер бата беру үшін ғана келеді. Шілдехана тойында жаңа босанған әйел үшін қалжаға сойылған малдың еті ортаға келгенде жөн білетін бір кісі омыртқаны қолына алып, оның етінен әйелдердің бәріне ауыз тигіздіртіп, әбден мүжіп, тазартады да, сүйекті тобылғыға тізіп, үй ішіндегі биік жерге іліп қояды. Мұнысы – баланың мойны тез бекісін деген ырым.
Бесік Жыры — тұрмыс - салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының мәйегіне айналған Бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным - сенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының Бесік жырылары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз - әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1 — 5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен - сазсыз Бесік жырының мәні де, сәні де келмейді. Қазақ Бесік жырының үлгілерін алғаш Ә. Диваев хатқа түсіріп, 1905 ж. жариялаған. Содан бері там-тұмдап жиналып келе жатқанымен, халық жырларының асыл үлгілері әлі де толық хатқа түсе қойған жоқ.
1 - бастауышы:
Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең
Жұрт айтады надан деп.
Ата - бабаң ардақты
Жамандыққа бармапты
Ардақ тұтып үлкенді
Ата жолын жалғапты.
2 - бастауышы.
Бауырласқан тәніміз
Бұзылмаған антымыз.
Кең даламның ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз,
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүрмен салтымыз.
Ән: «Қазақтың салт - дәстүрлері»
1 - оқушы.
Сүйінші І Қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші, cүйінші»,- деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі «Қалағандарыңды ал», дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл шын қуанудың, ризашылықтың белгісі.
2 - оқушы:
Шашу І Қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Бала дүниеге келгенде, келін түскенде, құда келгенде осындай қуанышты күндерде тәтілермен, күміс тиындармен әйелдер шашу шашады.
3 - оқушы:
Қонағасы. Халқымыздың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайындағы қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып қонағасы беру - жомарттықтың, елдіктің үлкен белгісі.
4 - оқушы:
Сыбаға: Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын - жуығына арнап сақтаған кәделі ет мүшелерін сыбаға деп атайды.
5 - оқушы
Бастаңғы. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары жолаушылардың жолда бастары ауырмасын бастаңғы жаса - дейді. Бастаңғының мәнісі - жастардың сол үйде ойын - сауық жасап бас қосуы.
6 - оқушы.
Ерулік. Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.
Ұлттық ойындар ойнау: «Шертпек», «Сақина салу», «Сымсыз телефон»
Би.«Қазағым» қыздар тобы.
Сөзжұмбақ шешу.
1. Жастар жиналып ән айтып, күй тартатын отырыстың бірі.
2. Қазақ қыздарының сәндік бас киімі.
3Кәделі ет мүшелері.
4. Жолаушылап кеткен ауыл жастарының бастары ауырмасын деп жасалатын кеш.
5. Қуанышты хабар
6. Басқа жерден көшіп келген көршілерді қонаққа шақыру.
Қорыту
Автор: Жумушева Г.С.
Тәрбиенің ең тамаша мект
ебі –отбасы
Сабақтың тақырыбы:Менің жанұям
Мақсаты: 1. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.
2.Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық қасиетімізді балалардың бойына дарыту.
3. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық , қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, қабырға газеттері, қанатты сөздер, оқушы партфолиосы.
Барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Кіріспе сөз.
Мұғалім:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы» тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның зорлық-зомбылықсыз жан-жақты дамуы жайында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Ана-отбасының ұйтқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу –ананың тікелей міндеті. Әке мен ана –отбасында баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар.
«Бала тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек»,- деп қазақтың ұлы ақыны,ағартушысы Мағжан Жұмабаев дәл тауып айтқан.
Әкең-қазақ, шешең –қазақ, қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың.
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санағын,-дей отырып
кезекті «Тәрбие көзі-Отбасы» тақырыбындағы әдеби монтажға береміз.
1-бөлім «Тәрбие көзі-Отбасы»
1-оқушы3
Ақ жаулығың қымбат маған анашым,
Тірегімсің, сүйенішім, панамсың.
Шапағатың сәуле болып төгілген,
Ақылы мол, мейірімді данасың.
Өзгелерден мен үшін сен дарасың,
Береке отын шаңыраққа жэағасың.
Ақ шашыңның әр талынан белгілі,
Асыл ана сан ойлаған баласын.
Мейіріміңнен алтын сәуле шашылған,
Жүрегіңнен жомарт тық та табылған.
Көкірегің аппақ қардай тап-таза,
Парасатты, сен данышпан, асыл жан.
Өрнек тапқан өмір сыры жүзіңнен,
Асыл ізет, өнеге боп төгілген.
Ақ сүтіңді аққтағаным болар ед,
Өз орнымды таба білсем өмірден.
2-оқушы:
Құрметтейік, о, адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
3-оқушы:Бір сөз айтсаң жақсыға,
Аталы сөзге тоқтайды.
Бір сөз айтсаң жаманға,
Өмірінде ұқпайды.
Надандықтың белгісі-
Өзін-өзі мақтайды.
4-оқушы:
Әділ төре ел бастар,
Батыр жігіт жау бастар.
Аға жігіт қол бастар,
Шешен адам сөз бастар.
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас, тозбас мүлкі етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Күндердің күні болғанда
Бүкіл ғаламға күлкі етер.
5-оқушы.
Халқымызға билік айтар даналар,
Даналардың бәрі анадан жаралар.
Жүрегіңнің бір бөлшегі бала үшін
Сізден жақын адам бар ма, аналар!
Балаға ең жақыны сіз ғой, ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана,
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,
Теңесе алар бірақ нәрсе –Отан ғана.
6-оқушы:
Халқымыз «Жігіт сегіз қырлы,бір сырлы» болсын деген. Мұның түп-төркіні- жігіт барлық жерде де әр қырымен танылып, бірақ оның сыры біреу ғана болсын деген сөз.
Жақсы бол жігіт болсаң ел көргендей,
Досыңа қысылғанда дем бергендей.
Пайдаңды жақсы болсаң тигіз көпке,
Тұйғынға қапастағы жем бергендей.
Жігіт бол жігіт болсаң бұлғақтамай,
Орынсыз сөз сөйлеме жын қаққандай.
Еліңе жақсы істі жаса әуелі
Халыққа көңіл бөліп тыңдатқандай.
7-оқушы:
Адамның тоғыз жауы бар.
Басты жауың - жалқаулық сорлататын жаныңды,
Осалдығың-аңқаулық соқтыратын саныңды
Жасқаншақ болсаң ұры алар қорадағы малыңды,
Жалатқызбас жасықтығың аузыңдағы балыңды.
Өтірік айтсаң өңмеңдеп жоғалтасың арыңды,
Өсек терсең телмеңдеп суға кетірер салыңды
Көпірме босқа мақтан ғып түкке тұрмас барыңды,
Көрінгенге жалақтапбола алмайсың жағымды.
Біреуді арбап алдаумен аша алмайсың бағыңды.
11.Қортынды.
Жақсыдан жаман туады
Бір аяқ асқа алғысыз
Жаманнан жақсы туады
Адам айтса нанғысыз.
Отбасы –адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болып ұшу үшін, оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған.
ақырыбы: «Алғашқы ұстаз — ата-ана»
Күн тәртібі:
А) Кіріспе (сынып жетекшінің сөзі)
Ә) «Жанұядағы бала тәрбиесінің ерекшелігі» атты сауалнама
Б) Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың атқаратын рөлі»
В) Ата-анамен ынтымақтастығы (пікір алысу)
Г) Оқушының білім сапасын көтеру
Жарыссөзге қатысқандар: Нукенова З., Қапанова С., Балахметова Б., психолог Сәрсекеева Ж.М.
Қабылданған шешім:
Ата — аналар жиналысының шешімі:
Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет.
Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес беру.
Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыру. Ата-ана баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы керек.
Ата–ана өзін-өзі жетілдіру бағытында жұмыс істеу (газет, журнал, теледидар).
Төраға: Бәйкенов М.
Хатшы: Абуова Т.
Ауылым – алтын бесігім
15.02.2013 Просмотров: 810 Комментариев: 0
Мақсаты:Оқушылардың Тәуелсіз ел Қазақстан туралы білімдерін кеңейту.Отанын сүюге ,байлығын қорғауға ,елжандылыққа ,әсемдікке, жауапкеншіліке тәрбиелеу.Өнерге деген қабілеттерін дамытып,елге,жерге, деген патриоттық сезімдерін ояту.Ел рәміздерін тарихын білуге бағытталады.
Көрнекіліке :Тәуелсіз Қазақстан елі рәміздерінің суреттері.Плакатқа жазылған нақыл сөздер.Ауыл азаматтарының жетістіктері.Ауылының суретери
Тәрбие сағатының барысы
Қанатты сөз:
Туған жер- алтын бесік.
Отан!Отан!Бәрінен биік екен.Мен сені мәңгілікке сүйіп өтем.
М.Мақатаев
Әнұран орындалады.
Жүргізуші:Бүгінгі «Ауылым –алтын бесігім» тақырыбындағы сынып сағатын ашық деп жариялаймын. «Отан оттан да ыстық»,-дейді халқымыз.Егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентінің өзегін өртейді, ешкімге тәуелсіз болса,мақтаныш алауын маздатады.
Біздің туған өлкеміз-кең байтақ Қазақстан.Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы-біздің ақ бесігіміз.Сондықтан да біз оны ардақтаймыз.Шексіз сүйеміз.Әрқашан аялап,қорғап жүреміз.
Ата-бабамыздың өткен жолына бір аз шолу жасап қарасақ, «Не деген дархан ел ,не деген төзімді де қайратты ел,не деген батыр да батыл менің елім!»деп көңілің көкке көтеріледі.(Музыка ойнап ,аяғын ақырыгн басып Ата шығады.Орындыққа келіп, демалаып отырады.Осы кезде жүгіріп немересі шығады) Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә , балам атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймынүЕліміздің болашағы жайлы,өткен өмір жайлы ойлаймын,қуанамын!
Немересі:Ата,»өткен өмір» деген не?
Атасы:Ә,балам «өткен өмір деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі :ол қандай болады?
Атасы: ендеше Тыңда ,балам, атаң бір сөлесін :
Болмаса да оқыған тарихшы атын,
Жинадым ескілдерден тарих хатын
Мақсатым –кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталарды аманатын
Есімі еш адамның өшпейді екен,
Артында ұрпақ жүрсе өздерінде,
Ұмыттырмас»Жеті атасын» парыз екен,
Бұрынғылар ұрпақтын қамын жеген .
«Білмеген жеті атасын жетесіз» деп , өткендерін қалай да білесін деген.
Сондықтанда ,балам ,сен де өз тарихынды ,жеті атаңды білуге тиіссің.Сонау ерте кезде біздің ата –бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып ,халық болып қалыптпасуының негізгі болғаннан басталмай ма бұл тарих?
Автор:Ата ұзақ ойланып,өткен тарихты әңгімелейді.
Жүргізуші:
Өмірімізді,өткенімізді көріп,
Әнімізді,жырымызды тыңдап,
Ерлігімізге,тірлігімізге қарап,
Тұқымымызды,ғұрпымызды көріп,
Өзімізді,сөзімізді тыңдап,
Оқушылар хормен: «Бұл –қазақ»,-дейді
Оқушы:
Менің елім –Қазақстан .Бұл әрбір дала перзентінің(кәрісі бар, жасы бар)көкірегінде мақтанышпен айтатын сөз.Бұл тақырып төңірегінде сан ойландым,көп толғандым.Елім жайлы,алтын бесігім туған жерімжайлы азаматтық жүрегіммен толған сыр шерте алар ма екен?!
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы,
Деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай,Отан жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен.Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз.Өзіміздің мемлекетіміз,тарихымыз,тіліміз,тәуелсіздігіміз бар.
Оқушы:
Қазақстан туған өлкеміз.
Жер көп пе сендей көркем?
Көрсін деп күллі әлемге,Жалауыңды желге желпем.Қортынды:«Ата-қоныс жер қымбат,Туып өскен ел қымбат»,-демекші ,балалар бүгінгі тәрбие сағатында айтылғандарды өнеге етіп,елді ,жерді сүюді ,қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.Оқушыларға «Ауылым алтын бесігім»тақырыбына шығарма жаздыру.
Еліміздің келешек тағдыры,Қазақстан ердің өз қолдарыңызда.Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең,керегесі кең ететін сендерсіңдер.Ол үшін терең әрі жан-жақты білімді азамат болып ержет керек Тәуелсіз еліміздің Көкбайрағын жоғарыда желбірету-ең асыл мұраттарың мен міндеттерің екендігін ешқашанда естен шығармаған абзал...
Суретте:«Ауылым –алтын бесігім»сабағына қатысқан мектеп шәкірттерінің бір тобы ұстаздарымен бірге.
Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Оқытудың мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және белсендіру оқушылардың білімді, дағдыны меңгеру үшін, болашақта танымдық және тәжірибелік іс-әрекетке оқушыларды дайындау қажетті шарт болып табылады.
Әлемдік психолого – педагогикалық әдебиеттерде адамның ойлауын дамытатын мәселелерді А.Н.Монтьев, С.П.Рубинштейн, М.В.Занков т.б. атақты ғалымдар теориялық тұрғыдан қарастырған [ 1,15].
Ойлау дегеніміз – ақиқат дүниені өзара барлық байланыс қатынастарымен сәулелендіретін, миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленетін процесс [ 2,182].
Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі.Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».
Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады.
Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.
Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектері жарық көрді.
Жоғарыдағы авторлардың пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз:
• барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;
• ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту.
«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны –
логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский.
Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді.Әйтседе бұл баланы қайткенде де, неғұрлым ертерек логикалық «жолға» шығару дегенді көрсетпейді. Біріншіден, ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың логикалық жетілген бейнені формалары ретінде игерілмейінше, толық құнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау баланы логика табалдырығына жеткізеді. Екіншіден, логикалық ойлауды игеріп болғаннан кейін, бейнелік ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалтпайды.
Тәжірибе барысында жасөспірімдерде ой тұтастығының сақталмауы байқалады. Мұндай қателерді болдырмау үшін оқушының ой жүйелігінің қажеттігін сезінуіне көз жеткізудің амал – тәсілдерін тауып, орнықты ой түйіндеуге жетелеу қажет.
Ал оқушылардың ойлауын дамытып, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрету – математика сабағының міндеті.
Жаңа буын математика оқулығының басты ерекшеліктерінің бірі – оның әрбір сабаққа лайықталған материалы, негізінен алғанда, төрт текті жаттығулардың тобынан тұрады. Солардың бірі — балалардың шығарамашылық іс-әрекетке бейімдеу мақсатын көздейтін, оқулықта жасыл түсті қоршауға алынған шығарамашылық жаттығулар. Бұрынғы оқулықтардың ешқайсысында жаттығулардың осындай тобы қарастырылмағандықтан, қазіргі мектеп тәжірибесінде шығармашылық жаттығуларды орындаумен байланысты оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда үлкен қиындықтар туындап отыр. Оқушылардың шығарамашылық жаттығуларды орындау икемділігін бағдарлама талаптары деңгейінде қалыптастыруда айтарлықтай кемшіліктер мен олқылықтар орын алуда.
Математиканы оқыту процесінде жаттығулардың алатын орны ерекше. Жаттығу дегеніміз не? Жалпы алғанда, ғылым мен тұрмыстың әр алуан салаларында, «жаттығу» термині әр түрлі мәнде қолданылады. Ал, педагогикалық әдебиетте жаттығу ұғымы оқытудың әдісі жөніндегі дәстүрлі түсінікпен іштей байланысты мағынада анықталады. Анықтамалардың көпшілігі, жаттығу дегеніміз білімді бекітудің және білік пен дағдыларды қалыптастырудың, сондай –ақ оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың негігі әдістерінің бірі дегенге әкеп саяды. [ 3,277].
Математикалық білімді жаттығулар орындау негізінде игеру мәселесіне ғылым тарихында ұлы жаңалықтар ашқан атақты ғалымдар да жоғары баға берген.Мәселен, ұлы ағылшын ғалымы И.Ньютон жаттығулардың теорияға қарағанда, көп нәрсеге үйрететіндігіне назар аударған.
Жаттығулар алуан түрлі болады және олар, ең алдымен, оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты ажыратылады.
Кең мағынада алғанда, математикалық жаттығу деп кез келген математикалық мазмұндағы тапсырмаларды түсінеміз. Басқаша айтқанда, математикалық жаттығуларды құрылысы жағынан мысалдар, есептер, логикалық жаттығулар, есеп құрастырумен байланысты жаттығулар, т.с.с. деп бөлуге болады.
Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес, математикалық білімнің жаңа мазмұны біртекті емес және әр түрлі екі деңгейді қамтиды. Олар міндетті және мүмкін деңгейлер.
«Міндетті деңгейге бастауыш мектеп көлеміндегі берік игерілуі тиісті материалдар жатады. …
Ал, мүмкін деңгейге, мазмұны тұрғысынан алғанда, негізгі мәселемен үйлесетін, алайда оқушының математикалық ой-өрісін кеңейтуге бағытталатын, үйреншікті емес түрде ұсынылатын және де оны орындау шығармашылық іс-әрекетпен ұштасатын және де оны орындау шығармашылық іс-әрекетпен ұштасатын материалдар жатады. Мұның бәрі міндетті деңгейдің материалымен кеңейте және тереңдете түсуге қызмет етеді, математиканың жүйелі курстарының аса маңызды тарауларын ілгеріде оқытып – үйретудің негізін қалайды. Сондай-ақ балалардың дамуына әсерін тгізеді және негізгі материалды терең меңгеріп алуға көмектеседі».
Жаңа буын оқулықтарында бастауыш математикалық білім мазмұнының мүмкін деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ұсынылып отырған жаттығулар ерекше назар аудартады. Олар бір сарынды іс-әрекеттер орындаудан бас тарта отырып, өзгермелі әр түрлі бағыттағы ізденістер тудыру арқылы оқушыны шығармашылық әрекет жағдайына енгізуге мүмкіндік жасайды. Шығарамашылық жаттығулар ұсынылғанда, оқушының алдында мақсатқа өзіне мәлім әрекет тәсілімен жете алмайтын проблемалық жағдаят пайда болып, ол оқушының интеллектуалдық қиналуын туғызуы мүмкін. Осының барысында оқушы жаңа әрекет тәсілін іздестіру бағытындағы шығармашылық сипаттағы іс -әрекеттер орындауға талпынады.Осы тұрғыдан алғанда математикалық жаттығуларды, біздің пікірімізше, шығармашылық жаттығулар деп атаған орынды сияқты. [ 5, 8 ].
Шығармашылық жаттығу – бұл нақты мәні берілмеген, есепті шартты математикалық заңдылықтар арқылы орындау.
Шығармашылық тапсырмалар оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы, яғни оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді. Бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Яғни, оқушыны өзіне тарта, баули түседі.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған стандартты емес тапсырмаларды шығармашылық жаттығулар деп атаймыз. Сондықтан шығармашылық жаттығуды ұдайы жүргізе отырып біз оқушылардың тек пәнге деген қызығушылығын ғана емес, логикалық ойлауын да дамыта аламыз.
Мектеп тәжірибесінде шығармашылық жаттығулар үздіксіз орындалмай жатқандығы белгілі. Кейбір мұғалімдер шығармашылық жаттығу міндетті деңгейге жатпайтындықтан оны орындамайды, орындағанымен сабақ соңында асығыс шешуін оқушыларға жалпылама айтқыза салады, яғни талдау жүргізілмейді. Балаларда ой операиялары толық жүргізілмегендіктен логикалық ойлаудың даму деңгейі төмен болады. Ал оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың бір жолы — шығармашылық жаттығуды жүйелі орындату.
Сыныптағы оқушылардың білім деңгейі бірдей емес. Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын, оған деген ынтасы зор оқушылар да бар. Оларды жеңіл, бірыңғай жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан мұғалім оқушыларға міндетті емес тапсырмаларды үнемі орындатып отыруы тиіс.
Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту үшін:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.