.
.
Тақырыбы: Брейн-ринг Брейн-ринг
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1620 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: оқушылардың білімін тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты
дамыту, ұйымшылдыққа, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бейнетаспа, жануарлар суреттері, сұрақтар, топ аттары жазылған плакат
Барысы:
Сыныптағы оқушылар 7 оқушыдан екі топқа бөлінеді.
І топ: Ұлан
ІІ топ: Балдырған
(Топтпр өздерінің қысқаша сәлемдерін жолдайды)
І топ: Бастары куомпьютердей,
Бойлары бәрі бірдей.
Жастықты бірге өткізген
Құрбыларға өрімдей бір сәлем!
ІІ топ: Келешекке үмітіміз талапты,
Атақ-даңққа бөленеміз қарап тұр.
Сегіз қырлы, ойшылдар боп туғандар
Оза шауып, бәйге атындай жарап тұр
Мұғалім: Енді ойынның бөлімдерімен таныс болыңыздар
І бөлім: «Блиц-турнир»
ІІ бөлім: «Брейн-ринг» ойыны
ІІІ бөлім: Көрнекі-бейнелеп ойлау
IV бөлім: Көрнекі-әрекеттік ойлау
V бөлім: Қисынды ойлау
Мұғалім: Олай болса, құрметті қонақтар, оқушылар жарыс ойын сабағымыздың бірінші бөлімі «Блиц-турнирді» бастаймыз.
Бұл бөлімде қойылған сұрақтарға тез жауап беру керек.
І топ сұрақтары:
1. ҚР-ның мемлекеттік тілі?
2. «Кел балалар, оқылық!» өлеңінің авторы?
3. Күйді орындаушы адам? (күйші)
4. Орман дәрігері? (тоқылдақ)
5. Қазақша жыл басы? (тышқан)
6. Абылай ханның шын аты? (Әбілмансұр)
7. 1 кг тас ауырма, әлде 1 кг мақта ауырма? (бірдей)
8. Келесі жыл қандай жыл? (ұлу)
9. Қазақтың ұлттық аспабы? (домбыра)
10. Жылқының пірін ата? (Қамбар ата)
ІІ топ сұрақтары:
1. ҚР-ның мемлекеттік рәміздерін ата
2. Көру мүшесі? (көз)
3. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы?
4. 100 жыл. (ғасыр)
5. Өткен жыл қай жыл? (барыс)
6. Қазақстанның жер көлемі? (2 млн 724 мың км)
7. 9 мамыр қандай күн? (Жеңіс күні)
8. Сиырдың пірі? «Зеңгі баба)
9. Баян 8 жаста, Бағлан 6 жаста. Кім үлкен, кім кіші? (Баян үлкен, Бағлан кіші)
10. Ұясы жоқ құс? (көкек)
Мұғалім: Сайысымыздың бірінші бөлімі аяқталды. Ұпай сандарын анықтап, келесі бөлімді бастаймыз.
ІІ бөлім: «Брейн-ринг»
(Әр топ көрермендердің бейнетаспа арқылы берген сұрақтарына жауап береді. Әр топқа 3 пән бойынша сұрақтар қойылады)
Екі топқа да осы мектептің бастауыш сыныптар мұғалімі бейнетаспа арқылы үш пән бойынша сұрақтарын қояды.
І топ:
Ана тілі пәні бойынша
1. Мағжан Жұмабаев қай жылы, қай жерде өмірге келген?
( 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған)
Қазақ тілі пәні бойынша
2. Балықшылар деген сөзді сөз құрамына талда
Математика пәні бойынша
3. Болаттың 20 қояны бар еді. Ол оның алтауын Асқарға берді. Болатта неше қоян қалды?
ІІ топ:
Ана тілі пәні бойынша
1. Қазақ халқының үш биін ата
(Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
Қазақ тілі пәні бойынша
2. Оқулықты деген сөзді сөз құрамына талда
Математика пәні бойынша
3. Айгерімнің 55 теңгесі болатын. Ол 50 теңгеге дәптер сатып алды. Айгерімнің неше теңгесі қалды?
Мұғалім: Жарысымыздың екінші бөлімін бағалап, келесі бөлімге көшсек.
ІІІ бөлім: Көрнекі – бейнелеп ойлау
Бұл бөлім дүниетану сабағымен байланысты. Екі топқа ортақ сұрақ.
- Қандай жабай аңдарды білесіңдер?
І топ:
Ор қоян – орман-тоғайлар мен далалы жерлерді мекендейді. Ол едәуір ірі аң. Оның салмағы алты килограмға дейін жетеді.
Суыр – сүйкімді аң. Суырды терісі мен майы үшін аулайды. Оның майы ем ретінде қолданылады. Терісінің түсі сарғыш немесе сарғыштау сұр болып келеді.
ІІ топ:
Барыс – мысық тұқымдастарға жататын жыртқыш аң. Денесінің ұзындығы 130см. Ол арқар, елік сияқты аңдармен қоректенеді. Барыс – бағалы аң.
Түлкі – Айлакер, қу аң. Түсі қызғылт, сары болады. Тышқан, қоян, саршұнақ сияқты аңдармен қоректенеді. Оның құйрығы ұзын.
Мұғалім: Үшінші бөлімді қорытындылап, келесі бөлімге көшеміз.
IV бөлім: Көрнекі-әрекеттік ойлау
Бұл бөлімде үй жануарлары туралы жұмыс жүргізіледі.
- Қандай үй жануарларын білесіңдер?
Қазір геометриялық фигуралардан әр топ үй жануарларын құрастырады. Қай топ бірінші аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді.
Мұғалім: Төртінші бөлімді бағалап, келесі бөлімді бастаймыз.
V бөлім: Қисынды ойлау
Бұл бөліміміз көп ойлануды талап етеді. Әр топқа тапсырмалар беріледі.
І топ: «Ұлан» тобына тапсырма
1. Мектеп, аурухана, мұғалім, дәрігер, емдеу, білім беру.
І топ: (құрама сөздің жауабын тап)
Алғашқы буыны-заттың түсі
«Жылпос» деп ұқ- екіншісі
Көлдің сәні – сымбатты құс,
Атын тауып, айқындай түс. (аққу)
ІІ топ: «Балдырған» тобына тапсырмалар
1. Сиыр, апам, жылқы, сауды, сүті, қымыз, жасады.
ІІ топ: (құрама сөздің жауабын тап)
Бірінші буыны – жылға кірмей қалған
Екінші буыны - әуелеп ұша алатын
Таптың ба, кәне, балақай,
Сонда бұл қай құс болады? (түйеқұс)
Мұғалім: Біздің жарыс-ойын сабағымыз аяқталды. Қай топ жеңгенін анықтаймыз. Екі топты ортаға шақырып, жеңімпаздарды марапаттаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.