.
.
Сабақтың тақырыбы: Чч дыбысы мен әрпі Чч дыбысы мен әрпі
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1784 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсатты:
1. Оқушыларды Чч дыбысы мен әрпін таныстыру. Чч дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Сөздерді дұрыс оқуға және сауатты жазуға төселдіру.
2.Ой-өрісін, тіл байлықтарын арттыру,тапқырлық іздемпаздық қасиеттерін дамыту.
3.Оқушыларды сауатты әрі көркем жазуға, кішіпейілдікке, ұйымшыл болуға, достарына құрметпен қарауға тәрбиеле.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелесу, өздігінен жұмыс
Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, сөздер, электронды әліппе, презентация.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн бізге,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.
II Өткенді қайталау:
Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін нығайту,пысықтау.
–Балалар, өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
Берілген сөздерді дауыстап хормен оқытқызу.
III Жаңа сабақ:
Әріпті жұмбақтың шешуін тауып,қай дыбыс екенін анықтау.
-Чч дыбысынан келетін сөздерді дауыстап хормен айтып,олардың мағынасын сіндіру.
Чч әрпін тақтаға іліп көрсету. Дауыстап хормен бірнеше рет айтқызу.Чч дыбысының дауыссыз екенін айту.
1.Электронды әліппемен жұмыс
Ч дыбысымен таныстыру,дауыссыз дыбыс екендігін аңғарту,ч дыбысы бар сөздермен таныстыру.
«Почташы» өлеңін оқытқызу,жаттату.
Суреттермен жұмыс,берілген суреттер арасынан ч дыбысы бар сөздерді табу.
2.Оқулықпен жұмыс:
Оқулықта берілген буындарды дауыстап оқу, «Болашақ чемпиондар» өлеңді дауыстап оқып беру. Мағынасын ашу.Дауыстап кезекпен оқытқызу.
3. «Ой қозғау»
-Қазақстандағы чемпиондарды білесің бе? (суреттерін көрсете отыра,қысқаша тоқталу)
4.Текшелермен жұмыс жүргізу «Дыбыстық талдау жаса» тақтада көрсетілген чемодан,чемпион сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
IV. Сергіту сәті: қимылды жаттығу
5.Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан арылып,
Әдемі етіп жазайық!
Чч-әрпінің элементтерімен таныстыру,ауада жазғызу. Чч- әрпін дәптерге жазғызу.
Өлеңнің екінші шумағын көшіріп жазу.
Бақыты боп бар елдің,
Алар талай байрақ та.
Чемпионы әлемнің
Болар күні әлі алда.
6.Ойын “Бинго”
(алдын – ала әзірленген “чек” бойынша ойналады)
Егер бала дайындалған сұрақтарға жауап берсе тиісті чекті алып, чек арқылы кәмпит алады.
Ойынның мақсаты: балаларға еңбектің наны тәтті екенін түсіндіру, шапшаңдыққа үйрету.
Сөйлеу қабілетін, тілін дамыту.
Берілетін сұрақтар:
1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Буын қандай дыбыс арқылы жасалады?
3. Дауысты дыбыстарды ата.
4. Сенің есімің қандай дыбыстан басталады?
5. А дыбысына сөз ойла.
6. Сен қайауылда тұрасың?
7. Б дыбысына сөзойла.
8. Сенің ұлтың кім?
9. П дыбысына сөз ойла.
10. Мектеп неше қабатты?
11. Чемпион сөзін буынға бөліп айт.
12. Екі дыбыстың қосарлануы арқылы жасалатын дыбыс.
13. Р дыбысына сөз ойла.
14. Чемодан сөзін буынға бөліп айт.
V Сабақты қорыту:
-Балалар, бүгінгі сабақта қандай әріппен таныстық?
-Дауысты ма, дауыссыз ба?
Чч- дыбысы бар сөздерді айтқызу, айтқан сөздерінің мағынасын сұрап сабақты қорыту.
-Сабақ соңындағы көңіл-күйлеріңіз қандай?
VI.Үйге тапсырма:
132-беттегі өлеңді жаттап келу.
VII. Оқушыларды мақтау-мадақтау.
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбысты қалай ажыратамыз?
Дауысты дыбыстарды ата.
Сенің есімің қандай дыбыстан басталады?
Х дыбысына сөз ойла.
Сен қай ауылда тұрасың?
Э дыбысына сөз ойла.
Сенің ұлтың кім?
Ц дыбысына сөз ойла.
Сенің анаңның есімі қай дыбыстан басталады?
Чемпион сөзін буынға бөліп айт.
Екі дыбыстың қосарлануы арқылы жасалатын дыбыс.
Ч дыбысына сөз ойла.
Цемент сөзін буынға бөліп айт.
Саулембекова Айғаным Оразқызы
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы Қаратал бастауыш мектебі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.