.
.
Сабақтың тақырыбы: Д.Қасенов «Адалдық». Д.Қасенов «Адалдық».
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2635 | Размер: | Автор: balaseriСабақтың мақсаты: Білімділігі: Мәтін мазмұнын түсініп, идеясын ашуға негіз жасау, қолайсыз жағдаяттың алдын алуға, болдырмауға жол аша білетін тәрбиенің бірі – адалдық екенін ұғындыру.
Дамытушылығы: Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің дамуына жағдай туғызу, қорытынды жасау, салыстыру, пысықтау, негізгі ойды түйіндеу, сипаттау дағдыларын дамыту, өзінше ойлау, сөйлеу мүмкіндігіне еркіндік беру.
Тәрбиелігі: Өмірдегі қарама-қайшылықтар мен жағымды-жағымсыз деген түсініктерді ажыратып, баға беру арқылы адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.
Түрі: жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқу құралдарын дайындау.
2. Психологиялық дайындық. «Шаттық шеңбері» \бір-біріне жақсы тілек айтады\.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
1. Үй тапсырмасын тексеру.
1-қатар 2-қатар 3-қатар
3 оқушы мәтінді жалғастыра отырып, әңгімелейді Беріктің қылығына өз көзқарастарын білдіру Мәтінді қандай мақал-мәтелдермен түйіндеуге болады
2. Мұғалімнің қорытуы: Өмірде адам бойында өкіндіретін кейбір жаман әдеттермен қатар, жақсы қылықтарда (қасиеттерде) көп кездеседі.
ІІІ.Мағынаны тану. 1. – Олай болса, адам бойындағы жақсы қасиеттерді атап көрелік.(Оқушылар өз ойларын ортаға салады)
Топтастыру стратегиясы.
қайырымды Ақылды дарынды
Жақсы қасиеттер
ынталы достық лайық алғыр
- Ал енді сағат тілінің бағытымен әр сөздің басқы әріптерінен сөз құрап оқиық.
- Адалдық.
- Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы шытырман оқиғаны баяндайтын, мектеп өмірінен көрініс беретін шығарма Д.Қасеновтың «Адалдық» мәтіні.
3. Мәтінмен жұмыс:
- Мәтінді кідіріспен оқу: Орыс тілі сабағы еді...5000 теңгелік...... шыға келді.
- Әрі қарай балалар не істеуі мүмкін? (Өз ойларын ауызша айтады).
- Қарай гөр мұның адалын....... өткен сабақты сұрауға кірісті.
- Әрі қарай оқиға қалай болуы мүмкін? (Өз ойларын дәптерге жазбаша жазу).
- Міне, мұндай шытырман оқиғалы шығарманы сюжетті шығарма дейміз. Яғни бұл шығармада үш баланың мектеп өміріндегі басынан өткен бір оқиғасы әңгімеленеді.
4. Сөздік жұмыс.
5. Оқулықпен жұмыс: бірлескен оқу.
1-қатар 2-қатар 3-қатар
Мәтіннің басын оқиды Рөлге бөліп оқу Мәтіннің соңын оқиды
ІV. Ой толғау.
- Балалар біз бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Әңгіме неліктен «Адалдық» деп аталған?
- Осы шығарманың негізгі түйіні, айтайын деген ойы не?
- Жалпы адалдық деп, адал болу деп нені айтуға болады?
- Осы мәтінге сай қандай мақал-мәтелдер айтуға болады?
Пайда ойлама, ар ойла.
Ақ жүрген адам азбас.
Адалдық - өмірден де қымбат.
- Олай болса, бүгінгі сабағымызды мына өлең жолдарымен түйіндесек:
Адалдықты сүйетін жүрегімен, жанымен,
Балбұлақтай мөп-мөлдір, таза болғым келеді.
V. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, мазмұндау. Үш ұлды сипаттап жазу.
VІ. Бағалау.Мадақтау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.