.
.
М.Мәметова атындағы №35 жалпы орта мектеп. Дұрыс тамақтану.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1540 | Размер: | Автор: Нартай4540Сынып сағаты
Тақырыбы: Дұрыс тамақтану.
Өткізген: Шингисбаева Нуржайна Маркашовна
бастауыш мұғалім
Шымкент.
Дұрыс тамақтану.
Мақсаты:
а)Білімділік:Жас ұрпаққа дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру,салауатты өмір салты жөніндегі ұғымдарды кеңейту.
ә)Дамытушылық:Ой өрісін,есте сақтау қабілетін кеңейту,ізденушілігін арттыру.
б)Тәрбиелік:Оқушының шымыр да шапшаң,ұқыпты да жинақы болуға,әдемі де сымбатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Тамақтануға байланысты,денсаулыққа байланысты,тазалыққа байланысты мақал-мәтелдер,тақырыпқа сай слайттағы суреттер.
Сабақтың әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын ойнау,көрнекілік әдісі.
Сабақтың барысы:
1-Ұйымдастыру:
а)Сәлемдесу,түгендеу,тәртіптеу.
ә)Психологиялық дайындық.
2-Жаңа сабақ:
Кіріспе:Қымбатты ұстаздар,қонақтар,оқушылар.Бүгінгі “Дұрыс тамақтану” атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Денсаулық адамның ең қасиетті де,құнды,қайталанбас,жоғалтса қайта орнына қиындықпен келетін,орны таптырмас асыл қазына. Дұрыс тамақтанудың адам ағзасына тигізер маңызы зор.Сондай ақ қазіргі заманда адам ағзасына тиер залал да жетерлік.Адам ағзасына экологиялық факторлардың әсері осы таңда айтпаса да түсінікті жағдайға айналып тұрғаны анық.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” бағдарламасында денсаулығы мен әл-ауқатына баса назар аударылып,ерекше аталып өтілгені біздің азаматтарымыздың ертеңі бүгінімен басталатын көрсетсе керек 1)Асқазан. 2)Исі бұрқыраған,тәбетті ашатын Тамақтардың түрлерінің суреттері: Мұғалімнің түсіндірмесі:-Балалар,адам ағзасы өзіне керекті тамақты ерекше өңдеуден өткізіп қабылдайды.Бұл қызметті,сендердің ағзаларыңдағы ішкі асхана ас қорыту мүшелері атқарады.Ас қаншама тәбет тартарлық болып көрінсе,оның исі бұрқырап сөл бөлінеді.
Сұрақтар-жауаптар:1,2,3,4.
1)-Тамақтанар алдында не істеу керек? -Жауаптар,толықтырулар:Жалпы балалар дұрыс тамақтану үшін,алдымен тамақтанбас бұрын,қолымызды сабындап жуып,орамалға сүртіп,содан кейін дастархан басына отыруымыз керек. 2)-Тамақты қалай жеу керек? –Тамақтанған уақытта кез келген тағамды асықпай,әбден шайнап жеу керек.Тамақты кесектей жұтуға болмайды,өйткені олай сендер өз ағзаларыңа үлкен күш түсірулерің мүмкін. 3) –Батпайтын ас-жеген кісінің өзін жейді дегенді қалай түсінесіндер? –Егер сен дастархан басынан орташа тойып болып тұрсаң,онда сен тойдың деген сөз.Егер дастархан басынан тойып тұрсаң,онда күпті болдың деген сөз.Яғни,асты шамадан тыс жеуге де болмайды.Өйткені қортылмаған асқазанға жиналадыда,асқазан ауруына алып келуі мүмкін.Бұл жағдайда ас қорыту тәртібі бұзылады.
4)-Жеміс-жидектердің денсаулыққа пайдас ытуралы не білесіндер? -Адам ағзасына жеміс-жидектер өте пайдалы.Оларды жемес бұрын жақсылап жуу қажет.Жумаған жағдайда адам ағзасына өте зиянды бактериялар түсуі ықтимал және де олар көптеген ауруларға әкеліп соғуы мүмкін.
Сергіту сәті:Музыкамен жаттығу жасау.
Топтық жұмыс:
1-Тамақтар ішу ережесі туралытақпақтар айту.
2-Дене шынықтыру туралы тақпақтар айту.
3-Тазалық-саулық туралы тақпақтар айту.
Тамақтану туралы:
1)Ас-адамның арқауы. Деген сөз бар ежелден. Бойға сіңіріп,тарқауы, Үшін керек ереже. 2)Тамақты ішкін күнде сен,
Белгілі бір мезгілде, Таңертең,түс,түстен соң,
Жатар алдын кезінде.
Дене шынықтыру туралы:
1)Денсаулық-ол шыныққан, Барлық денең мүшесі. Денсаулық-ол тыныққан, Жүйке тамыр жүйесі.
2)Денсаулық-ол күлуің, Көңіл-күйің жадырай. Денсаулық-ол жүруің, Ешбір жерің ауырмай.
Тазалық туралы:
1)Су-тіршілік негізі, Онсыз өмір сүрмейсің Гигиена егізі- Су деп және білгейсің.
2)Үйде ванна,душ болса, Салқын сумен құйынғын. Ыстық сумен шомылсаң, Салқын сумен шайынғын.
Ойын:Әр топ көш басшысы
1- топ. Еттен жасалған тағамдарды.2-топ.Сүттен жасалған тағамдарды. 3-топ.Ұннан жасалған тағамдарды.Танып,суреттерін іріктеп беру.
Пысықтау кезеңі:-Салауатты өмір салтын ұстанатын адам қандай болады?
Қортынды:Егер адам салауатты өмір салтын ұстанатын болса,дұрыс тамақтанып,тазалық сақтаса,оның денсаулығы мықты,жүзі жарқын,ақылы азат,бақытты адам болады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.