Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі -

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4477 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сайрам ауданы
№48 «Қайнарбұлақ» жалпы орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы:
«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»

2 сынып

Бастауыш сынып мұғалімі: Дүйсенбекова Зухра
Тілесқызы

2012-2013 оқу жылы

Сабақтың тақырбы: Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту;
2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, салыстыру және таным белсенділігін арттыру;
3. Тазалық гигиенасын сақтау, тазалыққа баулу.

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, жасанды жеміс, көкөністер, сүт тағамдарының суреттері



Техникалық құралдар: интерактивті тақта, компьютер

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқушыларды түгелдеу, балалардың назарын сабаққа аудару
3. Үй тапсырмасын сұрау.
4. Үйге қандай тапсырма берілді? (үйде әр кім өз отбасында сақталған дәстүр туралы айту)
Үй тапсырмасын бекіту мақсатында «Іскерлік»ойыны ойналады.
Мазмұны: сыныпта бір оқушы журналист болып тағайындалады. Журналист кез келген оқушыға келіп, сұрақтар қойылады.
1. Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер сақталған?
2. Салт-дәстүр туралы айтып берсеңіз?

Ой түйіндеу

Наурыз тойы






Бесікке салу

(интерактивті тақтада орындалады)
Осылайша өткен тақырып бекітіледі. Психологиялық дайындық

Бүгінгі сабақта мынандай маңызды сұрақтарға жауап береміз:
1. Біз неге дұрыс тамақтануымыз керек?
2. Неліктен жемістер мен көкеністерді жуып жеу керек?
3. Неліктен ас ішер алдында қолды жуып, тісті тазалау керек?
- Балалар, өткен сабақтарда біз отбасы мүшелері туралы айттық.
Отбасы мүшелеріне не жатады?(әке-ана, ата-әже, аға-іні, әпке-сіңлі)
- Дұрыс сол кісілердің қандай болғанын қалайсыңдар?( Дені сау,ұзақ өмір сүргені)
- Олай болса, балалар бүгін сабақта «салауатты өмір сүрудің бір ережесі – дұрыс тамақтану» туралы мәлімет аламыз.
- Қанеки, барлығымыз тақтаға көңіл бөлейік. Қандай сурет көріп отырсыңдар?( интерактивті тақтада бір өте семіз адамның және өте жүдеу адамның суреті бейнеленген)
- Неге бұл адамдар осындай сырт көрініске тап болды деп ойлайсыңдар? (оқушылар ойларын айтады)
- Жалпы балалар, сендердің айтып жатқан ойларың дұрыс. Бұл адамдар дұрыс тамақтанбаудың салдарынан, денсаулықтарын жоғалтқан.

Жаңа сабақ:
Кіріспе әңгіме: тамақтану – адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік.біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Адам күш-қуат жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтану керек. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі.
Өткен кезеңнің данышпан адамдары «Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз»деген. Дұрыс тамақтану дегеніміз бұл аз-аздан әр-түрлі тамақтарды қабылдау. Ағза үшін жұмыс атқарады, сондықтан уақытылы тамақтануды талап етеді. Ағзада қоректік заттар қарапайым заттарға ыдырайды да, қуат бөліп шығарады.
Тағам өнімдері өсімдік және жануартекті болады. Өсімдіктекті тағамдарға: жемістер мен көкеністер, нан, қант, өсімдік майы жатады. Жануартекті тағамдарға: ет, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, балық, құс еті, сары май жатады.



Тамақты жеткіліксіз, артық мөлшерде ішу ағза үшін зиянды.
Балалардың күнделікті тағамында жеміс-жидектер, витаминдер көп болуы тиіс. «Витамин» терминін американ ғалымы Казимир Фуик ойлап тапқан. Ол күріш дәнінің сыртындаға қабықшасын ағзаға қажетті деп есептеп, «vita» сөзі(өмір) мен «амин» сөзін қосып, витамин деп атаған.
А витамині сәбізді, алмада көп болады, ол көздің көруін жақсартады. Орамжапырақта С витамині көп, оның көмегімен тістерің мықты және әдемі қалпында сақталады. Салат жапырағында болатын В витамині ұйқыны жақсартып, көңіл-күйді көтереді. Адам белгілі бір мөлшерде күніне 4-5 рет уақытылы тамақтану қажет.
1. «Мынау не?» дидактикалық ойыны ойналады.
Мазмұны: мұғалім оқушыларға көздерін жұмып отыруды тапсырады. Оқушылар көздерін ашқанда тақтада пияз, сарымсақ немесе лимонның суреті тұрады. Мысалы: 1 оқушы лимонның түрін, түсін, дәмін, иісін, оның құрамында қандай дәрумендер бар екенін әңгімелейді. Оны басқа оқушылар толықтырады.
Білімін тексеру: Дұрыс тамақтанудың диагностикалық картасы құрастырылады.

Дұрыс тамақтану Дұрыс тамақтанбау
1. Дәрумендерді пайдалану 1. Кола, фанта жасанды сусындар
2. Еттен жасалған тағамдар жеу 2. Көшеде сатылатын тағамдарды пайдалану
Оқушылар өз беттерінше дұрыс тамақтану және дұрыс тамақтанбаудың ережелерін жазады, неге екенін дәлелдейді.

Оқушылармен жұмыс
- Енді балалар барлығымыз көңілімізді оқулыққа аударайық. Оқулықты ашып тапсырмаға көңілдеріңді бөліңдер.
Іштей бір рет оқып шығыңдар. Енді тапсырмаға көңіл бөлейік.

Тапсырма:
1. Оқулықтан жануартектес азық-түліктерді кім тауып береді?
2. Өсімдіктектес азық-түліктерді кім тауып береді?
3. Тамақтану барысында қандай ережелерді сақтағанымыз жөн?

Суретпен жұмыс:
Интерактивті тақтада суретті көрсетеміз. «топтау» әдісі бойынша қаламның көмегімен жануартектес азық түліктерді бір топқа, өсімдіктектес азық-түліктерді екінші топқа бөлеміз.

Бақылау күнделігімен жұмыс.
Тапсырманы кім жылдам орындайды? дидактикалық ойын арттыру бақылау күнделігіндегі тапсырмалар орындалады.
Ойынның қорытындысы анықталып, оқушыларды бағалауда ойын нәтижесі ескеріледі.
Сабақты қорытындылау
Оқушыларды бағалау мына үлгідегі сызба арқылы бағаланады

қ/с Оқушының
аты-жөні Үй тапсырманы орындауы Жаңа сабақ
Қорытынды











Үйге тапсырма: Әр оқушы дұрыс тамақтанудың сызбасын сызып келеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.