.
.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы Дара және күрделі етістік
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2265 | Размер: | Автор: Нартай4540№8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Жакосова Жазира Шакаровна
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістік
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға дара және күрделі етістік туралы
мағлұмат беру. Дара және күрделі етістіктің жасалу
ерекшеліктерін ажырата білу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, өзіндік іс
әрекетін, шығармашылық
қабілетін дамыту. Ойын, пікірін еркін айтуға үйрету.
Тәрбиелігі: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыта
отырып, ізденімпаздыққа, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызбалар, интерактивті тақта венн диаграммасы,
таратпа материалдар.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру
1)Психологиялық дайындық
Балалар, қазір бізде қазақ тілі сабағы. Осы сабаққа қандай дайындықпен келдіңдер?
Қуан шаттан, алақай!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, балақай,
Күліп шықсын күн бүгін!
II Мотивациялық – бағдарлау кезеңі
1. слайд
Ой қозғау
«Күн жылуын алайық » ойыны
іс-әрекет қимыл
Етістік
не істеді? қайтті?
не қылды?
дара күрделі
Ертеде аспанды қою бұлт торлап алыпты. Ол күннің көзін көрсетпей, тығып тастайды.Барлық әлемдегі тіршілік иелеріне қиын жағдай туыпты.
Кенеттен самал жел есіп, бұлтарды ыдыратпақшы болыпты.
Сонда қою бұлт көкейіміздегі бір-бір сұраққа жауап берсең, күнді босатамыз депті.
Балалар, біз самал желге бірігіп көмек берейік. Ол қандай сұрақ екен шешімін тауып көрейік.
1. Етістіктің дегеніміз не?
2. Етістікке қандай сұрақтар қоямыз?
3. Мына өлең жолынан етістікті тап. Оларды салыстыр
Бұлттар тарады
Жел қуып барады.
Бізге қарай жақындап,
Күн күлімдеп қарады.
II операциялық – орындаушылық кезең
2. слайд
1) Кестемен жұмыс
Сөйлемдерді оқы. Етістіктерді салыстыр
Жел соқты..
Балалар ойнады. Жел соғып тұр.
Балалар ойнап жүр.
2) Ереже қорыту
3) Дәптермен жұмыс
Көркем жазу
Көбелек гүлге қонды
4) Оқулықпен жұмыс
433-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Етістіктердің астын сызу. Оларды озара салыстыру.
434- жаттығу
Берілген етістіктерді күрделі етістікке айналдырып жазу.
Дара етістік Күрделі етістік
Ұшты
Күреді
Құйды
Үйді
сүзді Ұшып барады
Күреп жатыр
Құйып болды
Үйіп жатыр
Сүзіп қойды
Ойын «Кім білгір»
Етістіктерді оқып беру. Оқушылар оның дара не күрделі екенін белгімен көрсетеді.
Оқыды, ұшып кетті, емдеді, тігіп болды, оқып отыр, хабарлайды, бара жатыр, ілді келе жатыр, сыйлады.
Сергіту сәті
Біздер тату баламыз
Әнге шырқап саламыз
Жаттығулар жасасақ
Жақсы сергіп қаламыз.
Ал, балалар, тұрайық
Алақанды ұрайық
Оңға, солға иіліп
Бір отырып, бір тұрып
Сәл тынығып алайық.
435-жаттығу (тақтаға орындату)
Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құра.
Өсіп тұр, биледі, емдеп жүр.
436-жаттығу (ауызша)
Қайсысы дара етістік, қайсысы күрделі етістік екенін дәлелде.
Көздеді, ойлап жүр, келе бастады, көрді, тоқып жатыр, шомылды.
Үндемес диктант (қимылмен көрсету)
Отырды, ашып қарады, шертті, сипап отыр, айналды.
III Рефлексиялық-бағалау кезеңі.
3. Слайд
Суреттегі зат атауларының алғашқы әріптерінен сөз құрап оқы. Сол сөздерді қатыстырып сөйлем құра (ауызша)
IV Сабақты қорытындылау
1. Тест жұмысы
1) Етістікті тап.
а) теңіз, дария
ә) қара, сары
б) келді, кетті
2) Не істеді?сұрағына жауап беретін сөздерді тап
а) көл, көлшік
ә) ішті, төкті
б) балға, шеге
3) Күрделі етістікті тап
а)жүгірді, жүрді
ә) өсіп тұр, көріп қалды
б) келді,қарады
2 Венн диаграмасы
Дара Күрделі
V Үйге тапсырма
Ереже жаттау 437 жаттығу
VI Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.