.
.
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер Дара және күрделі етістіктер
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1758 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: а) Оқушыларға дара және күрделі етістіктер туралы мағлұмат бере
отырып,етістіктің күрделі түрін таныту,салыстыру арқылы
олардың ерекшеліктерін байқату.
ә ) Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту,өз бетінше, топпен
жұмыс істеу машығын ,нақты сұрақ қоя білу қабілеттерін арттыру.
б) Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Міндеті: Тапсырмалар мен жаттығуларды арқылы дара және күрделі
етістіктерді меңгерту.
Түрі: Жаңа білімді меңгеру.
Әдіс-тәсілі: Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі технологиясы
Көрнекілігі: Интерактивті тақта арқылы сызбалар,суреттер,сауалнамалар,
ережелер,жаттығулар.
Сабақ барысы
1 – кезең. Оқушылық деңгей
І. Ұйымдастыру
1) Топқа бөлу І-топ «Білімділер»
ІІ-топ «Сауаттылар»
ІІІ-топ «Тәртіптілер»
2) Топтың ұраны: 1. Тобымызда білімділер,
Әрқашанда алда жүрер.
2. Сауатты жазу ұранымыз,
Ылғи бестік аламыз.
3. Тәртіп бар жерде білім бар,
Топ намысын қорғатар.
ІІ. Үй тапсырмасы
432-жаттығу.Сурет бойынша әңгіме құрап жазу.Етістіктерді табу.
1 -деңгейлік тапсырма
Сауалнама
1.Етістік болатын сөзді тап.
а) ақшыл
ә) келді
б) ауыл
2.Етістіктің сұрақтарын көрсет.
а) кім? не?
ә) кімдер? нелер?
б) не істеді? не қылды? қайтті?
3.Етістік нені білдіреді?
а) қимылын
ә) заттың атын
б) санын
2-деңгейлік тапсырма
Етістіктің ережесін еске түсіру.
Заттардың қимылын ,іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.Етістіктерге не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.
3-деңгейлік тапсырма
«Суретпен бірге күлейік»
ІІ-кезең Алгоритмдік деңгей
Өз бетімен меңгеру тапсырмалары
Күннің жадын,жаңа тақырыпты жазу.
433-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.
1.Жаңбыр жауды. Жаңбыр жауып тұр. 2.Қос аққу ұшты. Қос аққу ұшып барады. 3.Айнұр кітап оқыды. Айнұр кітап оқып отыр.
Ереже шығару.
Ережені тақтадан оқу.
Етістіктердің дара және күрделі түрі болады.
Дара етістік Күрделі етістік
Бір сөзден тұрады.
келді
оқыды
көрді
Екі,үш сөзден құралады.
келе жатыр
оқып отыр
көріп жүр
434-жаттығу. Берілген етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жаз.
Ұшты,күреді,құйды,үйді,сүзді,оқыды.
Дара етістік Күрделі етістік
ұшты
күреді
құйды
үйді
сүзді
оқыды
ұшып барады
күреп жүр
құйып отыр
үйіп жатыр
сүзіп отыр
оқып отыр
Сергіту сәті Орнымыздан тұрамыз,
Мойнымызды бұрамыз.
Қолымызды көтеріп,
Саусақты ашып-жұмамыз.
Содан-соң төмен түсіріп,
Алақанды соғамыз.
Иықты артқа ысырып,
Басты төмен саламыз.
Жаттығу жасап осылай
Үлкен боп ертең шығамыз.
436-жаттығу. Қайсысы дара етістік,қайсысы күрделі етістік екенін дәлелде.
І-топ. көздеді,ойлап жүр , ІІ-топ. келе бастады, көрді, ІІІ-топ. тоқып жатыр,шомылды.
ІІІ-кезең Эвристикалық деңгей
1-деңгейлік тапсырма «Адасқан әріптер»
1. І-топ а,т,а,р,ы,д
ІІ-топ ү,г,р,і,д,і,ж
ІІІ-топ й,н,д,ы,о,а
2.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
2-деңгейлік тапсырма Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдыр.
1. І-топ жылыды
ІІ-топ еріді
ІІІ-топ ақты
3-деңгейлік тапсырма «Суретке қарап сөйлейік»
І,ІІ,ІІІ-топтар үш сурет бойынша дара және күрделі етістіктерге сөйлем құрайды.
ІV. Шығармашылық деңгей
437-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау.
Сурет бойынша талдау жасау.
Үйге: ереже жаттау,Дара және күрделі етістіктерді қатыстырып «Көктем келді» тақырыбына әңгіме құрап келу.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.