Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Дара және күрделі сан есім. -

Дара және күрделі сан есім.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1525 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақ тақырыбы: Дара және күрделі сан есім.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дара және күрделі сан есім туралы түсінік беру.
Міндеттері:
1. Білімділік: Сан есімнен алған білім дағдыларын кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту, мәтіннен дара, күрделі сан есімдерді таба білуге үйрету;
2. Дамытушылық: Оқушылардың тілін және ойлау қабілетін дамыту, талдай білу дағдыларын қалыптастыру;
3. Тәрбиелік: Балаларды кішіпейілділікке, адамгершілікке, ынтымақтастыққа, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. 2. Психологиялық сәт.
3. Үй жұмысын пысықтау. «Сен – маған, мен - саған» ойын арқылы үй жұмысын тексеру.
Көркем жазу.
Қызығушылықты ояту,
«Ой қозғау» стратегиясы.
Әр топ соз таптарына түсінік береді. Топтан 1 спикер шығып қорғайды.
1-топ- «Зат есім» 2-топ- «Сын есім» 3-топ- «Етістік»
Бірлесіп «Сан есім» туралы білгендерін айтады.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін топтарға берелік.
Сөз таптарын жақсы оқып, меңгердік,
Енді жауаптарын көрелік
6. Мағынаны ашу.
7- жаттығу.(Ережемен таныстыру, мысал келтіріп түсіндіру,)
 Жұмбақ шешу. Бір алаша төселген, 2. Басы да екеу,
Екі ауылды жалғайды. Аяғы да екеу. (Қайшы)
Өмірінде еш адам 3. Он-он бесі жиылды,
Оны жинай алмайды. (Жол) Бір белдікпен буылды. (Сыпыртқы)
4. Бір үйім бар ақ тас, 6. Үй ішінде
Есігін ешкім таппас. (Жұмыртқа) Отыз екі батыр
5. Үш-төрт қана тісі бар, Кіргендерді
Шөп көтерер күші бар. (Айыр) Отап турап жатыр (]Тіс)
8- жаттығу.
Сөйлемдерді көшіріп жазу. Дара және күрделі сын есімдердің астын сызу.
 Сергіту сәті». 9- жаттығу орындау. Жануарлар туралы мағлұмат бере отырып, мәтінде кездесетін сан есімдерді табу, дара сын есім немесе күрделі сан есім екенін айту.
10- жаттығу Дара және күрделі сан есімдерді теріп жазу.
8. Үйге тапсырма: 12-жаттығу, ереже жаттау. (түсіндіру)
9. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.